Александр Спиридонович Квитков (қазақша)
Александр Спиридонович Квитков 1922 жылы Павлодар облысы Үрілтүп (қазір Железинка) ауданында Железинка селосында жұмысшы отбасында туған. Орта мектепті аяқтаған соң Кайманачихинск совхозында, кейін Үрілтүп аудандық партия комитетінде жұмыс істеді.
1941 жылы наурыз айында армия қатарына шақырылады. 77-ші гвардияшылар дивизиясының, 218-ші гвардия атқыштар полкінің, 5-ші ротаның бөлімше командирі, гвардия аға сержанты Александр Квитков жүздеген шақырым майдан жолынан өтті.
Адам санының аздығын ескерген сарбаздарымыз қисынды бағытта оқ жаудыра бастайды. Кеңес әскерилерінің саны артық деп абыржыған олар, ақырындап шегіне бастайды. Іздеріне түскен жауынгерлеріміздің ішінен Квитков окопқа біріші болып кіріп, фашистермен жекпе-жек айқасқа түседі.