Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 29 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Акция келетін пайдасының есептеу әдістері және олар бойынша ақпараттың берілуі мен ашылуы


Мазмұны
Кіріспе 3
І. «Акцияға пайда» стандартына сипаттама 5
1.1. Акция ұғымы мен түрлері 5
1.2 «Акцияға келетін пайда» мақсаттары мен стандартының қолданылу ортасы 8
ІІ. Акция келетін пайданы есептеу әдістері және олар бойынша ақпараттың берілуі мен ашылуы 10
2.1. Акцияға келетін базалық пайда есебі 10
2.2. Акцияға келетін азайтылған пайда есебі 15
2.3. Ақпараттың ашылуы мен берілуі 23
ІІІ. Жетілдіру жолдары 26
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер 29

Кіріспе
Курстық жұмыс өзектілігі: 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдар қаржылық есептің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) көшті. Демек, акционерлік қоғамдар қаржылық есепті халықаралық стандарттарға сай беруге міндеттенеді. Сол себепті жоғарыда аталған институттар үшін ҚЕХС-33 «Акцияға алынатын пайда» ерекше орын алады десек қате болмас. Сонымен қатар, жалпы, акционерлер, әлеуетті(потенциалды) инвесторлар және қаржылық нарықтың сарапшылары кез келген компанияның қаржылық жағдайын бағалағанда акцияларға есептелетін пайда көрсеткіштерін кең пайдаланады. Осыларды ескере келе ,әрине, бұл стандарттың бухгалтерлік есепте алатын орны маңызды да керекті. Зерттеудің негізгі объектілері ретінде акциялардың өздері(түрлері, қасиеттері, ерекшелітері), акцияның екі тәсілі – акцияға келетін базалық және азайтылған пайдалар, кәсіпорында көрсетілуі және соған байланысты ақпараттарды беруі қарастырылады.
Курстық жұмыста қозғалған мәселелер нарықта еркін қозғалатын қарапайым және әлеуетті қарапайым акцияларына ие болатын немесе сондай құралдарды шығару үрдісі үстіндегі ұйымдармен байланысты және халықаралық стандарттарда көрсетілген принциптерді біздің еліміздегі ұйымдарға енгізе келе бірегей ақпараттарды беру немесе қазіргі таңда қолданылып отырған әдістерді жақсартумен, әр түрлі кәсіпорындардағы қызметтерінің көрсеткіштерінің бір есеп беру уақытында сәйкес келуімен айналысады. Ал сол нысандарды жүзеге асыратын құралдар негізінен екі көзден қарастырылып отыр:
 қаржылық есептің халықаралық стандарттары;
 сол стандарттарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жасаған методикалық ұсыныстары.
Тақырыпты зерттеу барысында жоғарыда аталған көздерден басқа еліміздегі беделді ұйым сарапшыларының еңбектері мен ой-пікірлері қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Бірінші тарауда акцияның түсінігі мен түрлері көрсетілсе, екінші тарауда бір акцияға келетін пайданың базалық және азайтылған түрлерінің есептелу жолдары мен есепте ашылуы талданған. Қорытындыда, негізінен, стандарттың қаржылық ортаға керектілігі туралы шолып көрсетілген.
Курстық жұмыс 29 беттен тұрады.

І. «Акцияға пайда» стандартына сипаттама
1.1. Акция ұғымы мен түрлері
Акция, Оразалиннің экономикалық сөздігінде (фр. аction – құнды қағаз) – акционерлік қоғамның жарғылық қорына енгізілген белгілі мөлшердегі қаржыны куәландыратын және өз иесіне азамат, заңды құқығы бар адам осы қоғамнан түскен пайданың бөлісін дивидент ретінде алуға, сонымен қатар акционерлік қоғам таратылғанда оның мүліктерін үлестіруге қатысуға құқық беретін бағалы қағаз.
Сонымен қатар, акция, Кеулімжаевтің айтуынша, дегеніміз –акционерлік қоғамда, яғни шарушылық субъектісің дамытуға қаржы салғаны туралы куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивиденд түрінде алуға құқық беретін құнды қағаз. Шаруашылық субъектісің басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар, қарапайым (жай) және артықшылығы бар – деп аталатын түрлерге бөлінеді.

1.2 «Акцияға келетін пайда» мақсаттары мен стандартының қолданылу ортасы
«Акцияға келетін пайда» стандартының негізгі мақсаты, Қаржы министрлігіндегі бухгалтерлік есеп пен аудит әдіс немесі Департаментінің келтіруінше, Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына (БЕХС-орыс МСБУ) сәйкес акциялардың пайдасын есептеу мен ақпарат беру принциптерін түсіндіріп талқылау болып табылады. Бұл өз кезегінде стандарттың кәсіпорында қолданылуына көмегін тигізеді және әр түрлі ұйымдар көрсеткіштерін бір уақытта туралап көрсету және бір ұйымның әр түрлі есептік кезеңдегі көрсеткіштерін реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық стандартта көрсетілгендей, стандарттағы негізі қаралатын жағдай акцияға келетін пайданы есептеудегі формуламен байланысты делінген. Әр түрлі есеп саясатын қолдана отырып анықталатын «пайда» туралы ақпараттың қолданылуындағы шектілігіне қарамастан, кәсіпорындармен бір әдісті қолданып есептеген көрсеткіш қаржылық есептің сапасын жоғарлатады.

ІІ. Акция келетін пайданы есептеу әдістері және олар бойынша ақпараттың берілуі мен ашылуы
2.1. Акцияға келетін базалық пайда есебі
Акцияға келетін базалық пайда есептік кезеңдегі таза пайданың (зиянның) сол кезеңдегі орташа алынған қарапайым акциялар санына бөлу арқылы табылады.
Базалық пайданы анықтау. Мысалы, есептік кезең ішінде ұйым 1000000 теңге мөлшерінде пайда тапты. Артықшылығы бар акцияларға 350000 теңге сомасында дивиденттер есептелді. Есептік кезең ішінде базалық пайдасы: 1000000-350000=650000 теңге.
Акцияға келетін пайданы есептегендегі келесі қадам есепті кезеңдегі орташа акциялар саны анықталады.
Есептеу алгоритмі келесідей болады:

Сонымен, акцияға келетін базалық пайда мөлшері келесідей болады:
650000/2033=319,72 теңге.
Акцияға келетін пайданы есептеудің барлық жағдайларында негіз ретінде есепті кезеңдегі айналымда жүретін қарапайым акциялардың орташа саны алынады. Есепті кезең ішіндегі шығарылған немесе сатып алынған акциялар айналым санына әсер етеді және шамалары орташалануы тиіс.
Акциялардың орташа шамасына акциялар, әдетте, дебиторлық берешектің төлеуі бойынша пайда болғанда есепке алынады (акциялар шығарған кезден бастап). Сонымен бірге акцияның шығарылуымен байланысты кез келген шарттарды есепке алу керек:

2.2. Акцияға келетін азайтылған пайда есебі
Қарапайым акциялар ұстаушысына келетін таза пайда сомасы және кезең бойы айналыста жүрген жай акциялардың орташа есептелген саны барлық азайтушы әлеуетті қарапайым акциялар әсерлерін ескере акцияның келетін азайтылған пайдасы табылады.
Акцияға келетін азайтылған пайданың талабы азайтушы әсері бар келісім-шарттарды қарапайым акцияларға конвертациялауы кезінде пайда болатын нәтиженің зиян не пайда мөлшеріне әсер етуін ескере негізгі акцияға келетін пайданың түзетілуі болып табылады.

Ұйым акцияға келетін азайтылған пайданы есептеу үшін азайтатын әсері бар опциондарды және басқа да азайтатын әсері бар әлеуетті қарапайым акцияларды орындауға жол беру керек. Мұндай шығарылған акциялардан келіп түсетін ақша қаражаттары әділетті құнымен шығарылған акциялардан келіп түскен қаражаттар ретінде қарастырылуы тиіс. Шығарылған акциялар саны мен әділетті құны бойынша шығарылған акциялар санының арасындағы айырма ешбір материалдық қайтарымсыз шығарылған акциялар ретінде саналуы тиіс. Бұл мақсаттар үшін әділетті құн кезең бойындағы қарапайым акциялардың орташа баға негізі бойынша есептеледі.

2.3. Ақпараттың ашылуы мен берілуі
Ұйым қарапайым акциялардың әрбір тобына акцияға келетін базалық және азайтылған пайдаларды табыстар мен зияндар туралы ақпаратты есеп берудің беткі бетінде көрсетуі міндетті болып табылады, егер олар кезең ішінде әр түрлі табыс алу құқықтарына қатысқан жағдайда. Ұйымға акцияға келетін базалық және азайтылған пайдаларды берілген барлық кезеңдерде бірдей дәрежедегі теңдікпен берулері тиіс.
Акцияға келетін пайда бойынша ақпарат пайда мен зиян туралы есеп берудің барлық кезеңдерінде беріледі. Егер акцияға келетін азайтылған пайда кем дегенде бір кезеңде берілсе, онда ол басқа да есеп беру кезеңдерінде көрсетілуі керек, тіпті ол акцияға келетін базалық пайдаға тең болатын болса да. Акцияға келетін базалық және азайтылған пайдалар тең болған жағдайда, онда олардың көрсетілуі тиісті түсінікпен бір жолда көрсетілуі мүмкін.
Сонымен бірге, қаржылық есепте акцияға келетін пайданы есептеген формуланың алымы мен бөліміндегі көрсеткіштер де көрсетілуі керек. Акцияға келетін базалық және азайтылған пада көрсеткіштері есепті кезеңдегі таза пайдамен (зиянмен) салыстырылуы тиіс. Оған қоса формула бөліміндегі акциялардың орташа алынған саны да нақтылануы тиіс.
Тоқтатылған операциялар жайлы ақпарат ашатын ұйым пайда мен зиян туралы есеп берудің беткі бетінде немесе қаржылық есептегі ескертулерде тоқтатылған операциялардан түскен акцияға келетін базалық және азайтылған пайдалар көрсетілуі керек.
Акцияларға келетін базалық және азайтылған пайдалар қаржылық есепте теріс көрсеткішті сомалар болған жағдайда да (кезең ішіндегі зиян) көрсетілуі тиіс.
Қаржылық есептегі ақпараттар келесілерді көрсетуі керек:

ІІІ. Жетілдіру жолдары
«Акцияға келетін пайда» стандартындағы негізгі көрсеткіш пен қаржылық ортаға керек ақпарат көзі – ол, аты атап тұрғандай, бір акцияға келетін пайда мөлшері. Қаржылық ортада кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен мүмкіншілігін, экономикалық дамуы мен тиімділігін дәл осы көрсеткіш көрсетеді. Сол себепті бұл көрсеткіш маңызды болып табылғандықтан, оны мақсималды түрде дәл анықтап көрсеткен дұрыс болады.
Жоғарыда көрсетілгендей акцияға келетін пайда формуламен анықталады және формуладағы көрсеткіштер неғұрлым дәл көрсетілген болса, соғұрлым акцияға келетін пайда да дәлірек болады. Акцияға келетін пайданы есептегендегі маңызды көрсеткіштердің бірі – орташа алынған акциялар саны. Орташа алынған акциялар санының ең нақты көрсеткішіне жету үшін есептеуде Палий келтірген мысалға жүгінуге болады.

Қорытынды
«Акцияға келетін пайда» ҚЕХС-33 біздің еліміз 2005 жылдан бастап қаржылық есептің халықаралық стандарттарына көшуіне байланысты маңызды орын алып отыр. Бұл стандартты бағалы қағаздар нарығында еркін айналыста жүретін акция ұстаушылары қолданатынын ескеретін болсақ, аталған стандарт көп кәсіпорындар үшін керекті деректер болып саналады, себебі «акцияға келетін пайда» стандартының қаржылық ортада акцияға келетін базалық және азайтылған пайда мөлшерлерін есептеумен және ақпаратты берудегі ережелерді талдайды.