Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 37 стр.

Полный просмотр работы

Үндістан құқығы

Жоспар
Кіріспе 3
1. Қоғамдык құрылысы 5
2. Ежелгі Үндістандағы құқық 16
Қорытынды 37

Кіріспе
Үндістан жер көлемі және халқының саны жөнінен өте ерте уақыттардың өзінде-ақ Азия елдерінің ішіндегі ең ірілеріне жататын.
Біздің дәуірге дейінгі үшінші мыңжылдықта Үндістанның батыс-солтүстік жағында мемлекеттер болып, ол мемлекеттерде мәдениеті жоғары, өздерінің жазу әдебиеті бар тайпалар өмір сүргені мәлім. Ежелгі Үндістанның мәдениеті бірінші мыңжылдықта гүлденіп, көрші халықтарға да әсерін қатты тигізді. Үндістан буддизм дінінің отаны.
Үндістанның географиялық жағдайы өте күрделі және әртүрлі болатын. Үндістанның жері үлкен түбек, материк сияқты аумақты, басқа дүниеден екі мүхитпен және Гималай тауымен бөлініп тұр. Түбектің ортасы-Деккан жартыаралдың ең ежелгі бөлімі. Ол джунглиден, саваннадан, таулы және тасты жерлерден тұрады, құрғақшылық жиі болуына байланысты адамның өмір сүруіне қолайсыз еді. Адамдардың тұруына ең жақсы, пайдаға асатын жерлер Үндістанның батыс-солтүстік жағындағы Инд және Ганг өзендерінің арасында орналасқан аллювиалды тегіс алқаптар. Суы мол, жерлері құнарлы, климаты жұмсақ, сондықтан ежелгі кезеңнен-ақ осында ірі мемлекеттер пайда болды.

1. Қоғамдык құрылысы
Ежелгі Үндістанның әлдеқашаннан келе жатқан әлеуметтік-таптық жүйесі касталарға, готраларға бөлінеді. "Каста" португал тілінен шыққан сөз, ол тайпалық рудың тазалығын көрсетеді. Арийлер мен дравидтердің түстері әр түрлі, сондықтан каста Үндістанда адамдардың түсімен де белгіленген. Касталар бір аудандағы туысқан адамдар, жалпы мамандығы да, діни әдеттері мен әлеуметтік деңгейіне де бірдей болған.
Касталарға брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар, шудралар жатады. Жоғары үш каста-екі туған, "двиджати", "движати-ариас". Жоғары касталар үстемдік жасауға және жеңілдіктерге ие болуға құқылы.
Брахмандар. Пуруши деген алғашқы адамның ауызынан жаратылған. Оқу, білім, дін ілімін, құрбандық шалу, өзіне және өзгеге арнап садақа үлестіру және садақа алу ісін құдай брахманға белгілеген. Ману зандарының 96-бабында (бірінші тарау) былай делінген: "Тірі нәрселердің бәрінің ішіндегі ең қасиеттісі - жандылар, ал жандылардың ішінде адам, ал адамдардың ішінде брахмандар болып саналады".
Бағыныштыларын қорғау, садақа үлестіру, құдайы құрбандық шалу, дін ілімін оқып-тану істерін құдай кшатрийге белгіледі. Кшатрий Пурушидің қолынан жаратылған. Тек кшатрийлер қарулануға құқығы бар.

Сот. Үндістанның соты патша және қоғамдағы соттар болып екіге бөлінетін. Қауымның соттары каста бойынша құрылған. Олар қауымның арасындағы істердің көпшілігін өздері қарайтын. Он ауылға бір сот жұмыс істейтін. Ол үш адамнан тұратын еді. Қалалардың әкімдері қылмыскерлерге қарсы күресті қүшейтті. Оларды ұстап, іздеп, түрмеге салу да олардың міндеттеріне жататын еді. Жоғарғы сотты патшаның өзі басқарды. Ол брахмандармен және тәжірибелі ақылшыларымен біріктіріп "сабха" деген сот алқасын құрды. Патшаның жыл сайын кешірім жариялауға құқығы болатын.

2. Ежелгі Үндістандағы құқық
Ежелгі Үндістан мемлекеті туралы сөз қозғамас бұрын ежелгі кезде "Үндістан" ұғымы қандай мағына бергеніне тоқталып өтейік. Сез болып отырған дәуірде бұл елдің атауы болмаған. Бізге дейін жеткен әдеби мұраларда (мейлінше кейінірек шыққан) "Бхаратаварша" ("бхараттар елі") деген сөз кездеседі. Бүл сөз Үндістанның солтүстік бөлігіне немесе Ганга аңғарына ғана байланысты болған тәрізді. Үнді мифологиясында Үндістан түбегі "Джамвудьипа" деп аталады, бірақ бұл атау кең түрде қолданылмаған.

Ману Заңдары діни, этикалық және заң туралы өсиеттердің кең түрдегі жинағы.
Бүл өсиеттерді үш бөлімге бөліп қарауға болады: олардың біріншісін брахмандардың түрлі діни өсиеттері құрайды, екіншісін нормалар, яғни, мемлекеттік биліктің ұйымдасуы мен оның азаматтармен қарым-қатынасын реттейтін нормалар жиыны, үшіншісін азаматтық және қылмыстық істер нормалары құрайды.
Ману Заңдары өлеңмен жазылған (шлокпен). Жинақ 12 бөлімнен тұрады. Әр бөлімі өте көп шлоктардан құралған.
Брахманизм мен буддизмнің шиеленіскен күресі тұсында пайда болғандықтан, Ману Заңдарынан сол күрес көрініс тапқан.
Буддизм б. д. дейінгі VI-V ғ.ғ. пайда болған. Ол құл иеленушілік құрылыстың ыдырауының алғашқы белгілері байқала бастаған кезең еді. Ашоктың тұсында буддизм мемлекеттік дін ретінде жарияланды. Брахманизм буддизмнің және мемлекеттің алдында жеңіліс тапты да, күрес жүргізе тұрып, жойылып кетпеулері үшін "адамдар атасы" - "Ману осиеттері" деген осы жинақты жасаған.

Мүлікті ұзақ уақыт бойы адал түрде пайдалану оған иелік ету құқығын алуға жеткіліксіз. Егер Ману заңдарының VIII тарауының 147-бабында айтылғандай, меншік иесі ұзақ уақыт бойы мүлкін өзге біреудің пайдаланып жүргенін жақын маңнан бақылап, тыныштық сақтаса, ол 10 жылға созылса, нағыз иесі ол мүлікке иелігінен айрылады. Бұл меншік құқығының меншіктену уақытының ұзақтығына да байланысты болғанын көрсетеді. Жеке меншікке кез келген жағдайда қол сұғушылық ауыр жазаланатын. Мүлікке зиян келтірген адам оның иесіне шығынын өтеп және сол көлемде патшаға айып төлеуге міндеттейтін Ману зандарындағы VIII тараудың 288-бабы осыған дәлел. Меншікке қол сұғушылықтың объектісіне байланысты бірнеше түрі және олардың әрқайсысына қолданылатын әр түрлі жазалар бар.
Меншікті қорғаушы басты билік патша болып саналды. Егер патша жазаны енгізбесе, онда ешқандай адамда да меншік болмас еді (VII, 21-бап).

Қылмысты түрлерге бөліп қарастырған:
1. Мемлекетке қарсы жасалған қылмыстар; 2. Жеке адамға (оның денсаулығы мен өміріне) қарсы жасалған қылмыстар; 3. Ар-ұжданға қарсы жасалған қылмыстар; 4. Меншікке (негізінен жеке меншікке) қарсы қылмыстар; 5. Отбасына қарсы қылмыстар.
Бұлардың әрқайсысына және оларға қолданылатын жазаларға жеке-жеке тоқталмас бұрын Ману зандарында жалпы жаза ұғымы туралы не айтылғанын қарастырайық. "Жаза бүкіл адамды билейді, жаза қорғайды, ол өзгелер ұйықтап жатқанда сергектік танытып, ояу болады" (VII, 18-бап). Ал оның маңызы туралы 15-бапта "Соның алдындағы қорқыныштан бүкіл тірі нәрселер қозғалатын жене қозғалмайтындар пайдалы қызмет етіп және дхарманы орындаудан ауытқымайды"- делінген.

Қорытынды
Соттағы әділдік халық талабы екендігі ескеріліп, Ману зандарына мынадай жолдар енгізілген: "Әділетсіз жаза арға нұсқан келтіреді, адамдар арасындағы жасампаздықты жояды, дүниеде аспан әлемінен айырады, сондықтан әрқашан бұдан аулақ болған жөн" (VIII, 127-бап). Міне, бұл заңдық қүжат сол кездегі бүкіл соттарға жол сілтеп, адал жолдан таймауға әрқашан қызмет еткен.
Сонымен, біз жоғарыда Ежелгі Үндістанның құқықтық ескерткіші, тарихи нұсқа саналатын Ману зандарына талдау жасадық. Шығыстық деспотия елдерінің қатарына жататын Ежелгі Үндістан мемлекетінің өмір сүрген кезеңіне, ол дәуірдегі құқықтық мәдениет өркениеті, не құқықтық сана және құқық көздеріне шолу жасай отырып, солардың бірі Ману заңдары деп аталған дхармадағы өсиеттерге ерекше тоқталып өттік. Ежелгі дәуірге қатысты бұл жинақ (б. д. д. ІІ-б. д. II ғ. ғ.) қазіргі заманға дейін өз маңызын жойған жоқ. Үндістанда бұл зандардың XIX ғасырға дейін қолданылып келуі осының дәлелі. Соған дейін маңызын жоймай, елдің негізгі заңдық құжаты болып келуі бұл жинақтың заңцық негізінің мықтылығын байқатады.