Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 47 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Педагогикалық деонтология - ғылым


Жоспар

1 Педагогикалық деонтология - ғылым 3
1.1 Деонтология ұғымы 3
1.2 Педагогикалық деонтологияның пайда болу алғышарттары 5
1.3 Педагогикалық деонтологияның пәні 29
1.5 Педагогикалық деонтологияның негізгі ұғымдары 36
1.6 Педагогикалық деонтологияның басқа ғылымдармен сабақтастығы 39
Әдебиеттер 47

1 Педагогикалық деонтология - ғылым

1.1 Деонтология ұғымы

Деонтология ұғымы сөздіктерде көптеген түсіндірмелерге ие:
- «Түпкі мағынасы бір, орыс тілінің қолданысына енген 25000 шетел сөзінің түсіндірме сөздігінде» деонтология «(грек тілінен deon, ontos – қажетті, logos - сөз) – мораль, адамгершілік туралы ғылым» [1];
- «Орыс тілінің құрамына енген шетел сөздер сөздігінде» деонтология «адамның міндеттері, құқықтары және адамгершілігі туралы ілім» ретінде түсіндіріледі [2];
- Н.Г. Комлева редакциясын басқарған «Шетел сөздерінің сөздігінде» деонтология «[грек тілінен deon (deontos) - парыз, + logos-ілім] – 1) этикалық теорияның бір тарауын құрайтын парыз жөніндегі ілім; 2) кәсіби міндетін атқару кезіндегі медицина қызметкерінің өзіндік мінез-құлық ұстанымдары мен әдеп қағидаларының жиынтығы (емделушілер мен дәрігерлерге қатысты)» [3];
- «Жаңа философиялық сөздікте» деонтология «(грек тілінен deon - парыз, және logos - ілім) – тұжырымдама, парыз ұғымымен байланысты мәселелер қарастырылатын әдеп теориясының бөлімі» [4];
- «Оксворд түсіндірме сөздігінде» деонтология (deontology) – адамдардың мінез-құлқы мен әдептілігін зерттеумен айналысатын ғылым» [5];
- «Этика сөздігінде» деонтология «(грек тілінен deon – парыз және logos – ілім; парыз туралы ілім) – адамгершілік талаптарын ұйғарым түрінде көрсететін жалпы парыз мәселелерін қарастыратын әдеп бөлімі» [6].
Деонтология терминін алғаш рет Бентам (1834) адамгершілік теориясын тұтас ілім ретінде көрсету үшін енгізген. Джереми (Иеремия) Бентам (Jeremy Bentham) – (1748-1832 жж.) философ, заңгер, экономист және Лондон университетінің негізін салушыларының бірі. Ғылымда утилитаризм (utilitas - пайдалы) теориясының бағытын құрастыруымен танымал, оның тұжырымдауынша − адамның әрбір іс-әрекеті басқа адамдарға пайда әкелуі тиіс. Негізгі ғылыми еңбегі «Деонтология не мораль туралы ғылым» деп аталады.

1.2 Педагогикалық деонтологияның пайда болу алғышарттары

Тәрбиенің іс-әрекет түрі ретінде қалыптасуының маңызды факторы мен алғышарты болып ерте замандағы адамдар арасында материалдық қарым-қатынас эволюциясы, осы қарым-қатынасты адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа тапсыру арқылы дамыту мен қолдау қажеттілігі болды [19].
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы білім беру жүйесінің кейбір этикалық, деонтологиялық қағидаларының өзгерісіне әкелді.
Мемлекетімізге жеке кәсіби қызмет атқаратын бір жақты мамандар ғана емес, ғылыми білімі терең, рухани дүниесі бай, өз кәсіби парызын саналы түрде орындайтын, жан-жақты дамыған, белсенді, адамгершілігі мол адамдар қажет. Қоғам сұранысы «адам-адам» жүйесінде қызмет ететін маман тұлғасына, оның ішінде ұстаздарға ерекше маңызды талаптар қояды.
Қазіргі таңда аталмыш салада қызмет ететін әрбір маман кәсіби біліктілік пен іскерлікті меңгеріп қана қою табысты қызмет үшін жеткіліксіз екенін жақсы түсінеді. Бұл үшін көптеген ептіліктер қажет, соның ішінде: тәрбиеленушінің жай күйін ұғып қана қоймай, оны тыңдағанда ести білу, қарым-қатынастағы серіктестігінің эмоционалды жай-күйін байқау, өзара дұрыс қарым-қатынас орната білуі. Бұл келелі міндеттерді іске асырудың жолдарын ашу педагогикалық деонтология еншісінде.
Педагогикалық деонтологияның пайда болуының бірнеше алғышарттарына тоқталып, сипаттама беруді жөн көрдік.
Этикалық-философиялық алғышарттар. Қоғамның даму үдерісінде белгілі бір әлеуметтік топтар тұтастығын сақтап қалу үшін адамдардың қарым-қатынастарын реттеуде, олардың іс-әрекеттерін келісімге келтіруде нақты қажеттілік пайда болады. Адамдармен тіршілік әрекетінің түрлі саласында қарым-қатынасқа түскен кезде, әр адам белгілі бір ұстанымдар мен ережелерді басшылыққа алады. Адамның қоғаммен қарым-қатынасын және оның мінез-құлқын реттеу үшін мораль қажет. И.Т.Фроловтың басшылығымен шыққан «Философиялық сөздікте» берілген анықтама бойынша: «мораль – бұл парыз бен рухани құндылықтар құрметіне ие болған жеке-дара, адами және риясыз уәжділік негізіндегі адамның мінез-құлқы мен қоғаммен қарым-қатынасын реттеудің құндылықты-бұйрықты түрі» [20].

1 – сурет. Мораль, этика, деонтология ұғымдарының өзара қатынасы
Ойымызды түйіндесек, педагогикалық деонтология – ұстаздық парыз туралы ғылым, ұстаздың iс-әрекетiнiң саналы, адамгершiлiк компонентi. Педагогикалық деонтологияға мұғалiмнiң парызына деген адалдығы мен кәсiбiне сәйкес саналы әдеп, құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешенi жатады.
Жоғарыда келтірілген философиялық ой-тұжырымдар мен педагогикалық топшылауларды сараласақ, педагогикалық деонтология этиканың, жеке мамандыққа тән педагогикалық моральдың ұстанымдары мен ережелерінің ерекшеліктерін қарастыратын бөлігі болып, ұстаздық қызмет аясында практикалық іс-әрекетті реттеуші рөл атқарады.
Тарихи-әлеуметтік алғышарттардың негізі әртүрлі қоғамдық-экономикалық кезеңде ұстаз тұлғасына қойылатын талаптар мен олардың орындалу барысындағы қарама-қайшылықтармен байланысты.
Ұстаз қызметіне, оның жеке тұлғасына, мінез-құлқына қойылатын нақты тарихи-әлеуметтік талаптар тарихи жағдайлардан туындайды, қоғамдағы саяси құрылым, әлеуметтік-экономикалық қатынастар, ұлттық дәстүрлер білім жүйесін қалыптастырды.

1.3 Педагогикалық деонтологияның пәні

Педагогикалық деонтология – ұстаздың кәсіби парыздылығына негізделген мінез-құлқы туралы ғылым. Бұл – ұстаздың қызмет аясында тәжірибелік іс-әрекеттерін реттеуші амалы. Педагогикалық деонтологияға мұғалiмнiң парызына адалдығы мен кәсiбiне сәйкес сана-сезімді болуы және құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешенiн сақтай білу қабілет-қасиеттері жатады. Осыдан педагогикалық деонтологияның пәніне педагог іс-әрекетінің, кәсіби мінез-құлқы мен тәртібінің ресми және бейресми нормалар кешенін зерттеу жатады.
Педагогтың мінез-құлқы кәсіби ойлау мәдениетімен, өз қызметін ғылыми тұрғыда ұйымдастыра алу қабілеттілігімен, өз іс-әрекетін сыни тұрғыда бағалауымен, өз мүмкіндіктеріне талдау жасауымен, дұрыс шешім қабылдауымен, ұжымда жағымды психологиялық жағдай жасай білуімен және т.б. көрінеді.

1.4 Педагогикалық деонтология міндеттері, қызметі, және ұстанымдары

Педагогикалық деонтологияда ең бір қиын, ең бір жауапты мәселе – тұлғааралық эмоционалды қарым-қатынас (коммуникация) мәселесі. Оқушының ерекшелігін ескерген қарым-қатынас оған еркін таңдау мен даму жолдарын ұсынады. Педагогикалық деонтология мен қарапайым педагогикалық әдістерді жетік меңгеру оқушыларға дамытушы әсер ететін психоэмоционалды және психоэстетикалық амалдарды зерттеп, қолдануға жол ашады. Қазіргі кезеңде бала жанына сауатты, «зиян келтірмей» әсер етуге білім беру жүйесінде салғырттық байқалады. Мұғалім мен оқушылардың арасындағы нақты рухани, соның ішінде эмоционалды байланыс дұрыс қарым-қатынастан басталады. Қарым-қатынасты біліктілікпен жасау – этикалық әрі танымдық шығармашылық жұмыс. Баланың жан дүниесін түсіне отырып, ұстаз оның жан-жақты даму жолын білуге ынталанып, соған сәйкес әрекет жасауға бағытталады. Оқушының мінезін, әуестігін, алға қойған мақсатын, көңіл-күйін білу ұстазға баланы жеке тұлға ретінде терең танып, оның жанына жайлы педагогикалық әсер етуге көмектеседі.
Педагогикалық ғылымның дамуы, педагогикалық тәжірибенің толық жетілуі педагогикалық деонтологияға маңызды түзетулер мен өзгертулер енгізеді, себебі ол – формалды түрде шартты емес, қоғамдық қажеттіліктің көрінісі. Педагогикалық деонтологияның негізгі міндеттерінің бірі болып педагогтың түрлі ық ұстанымдар мен ережелерді саналы түрде түсінуі, кәсіби парызының іске асырылуын саналы түрде ұғынуы болып табылады.
Педагогикалық деонтология мүмкіндіктерінің ұстаздың адамгершілігі мен оның кәсіби парызы туралы ғылыми теориясы ретіндегі маңызы өте зор:

1.5 Педагогикалық деонтологияның негізгі ұғымдары

Педагогикалық деонтологияға қатысты ұғымдар жүйесіне педагогикалық деонтология, деонтологиялық ұстанымдар, деонтологиялық даярлық, деонтологиялық дайындық, деонтологиялық тәлім-тәрбие, деонтологиялық талаптар, деонтикалық модальдық, деонтологиялық қарым-қатынас, деонтологиялық келіс, деонтологиялық позиция, деонтологиялық кредо, деонтологиялық әлеует жатады.
Жеке тұлғаның басқа адамдармен арақатынасына және осыған байланысты адамгершілік реакциясына беретін бағасы эмоционалды өткірлігімен сипатталады. Жеке тұлғаның моральдық санасының деңгейі тұрғысынан белгілі жағдайдағы адамның көңіл-күйінің толқуы – адамгершіліктік қатынастың ең маңыздысы. Өзінің кез келген қылығына адамның адамгершілік тұрғыдан беретін бағасына ой елегінен өткізген көңіл толқулары жатады; өткенге ой жүгіртіп, болған іске объективті түрде мән беріп, көңіл толқуларын тудырған моральдық коллизиялардың маңызын анықтайды. Адамның нақты адамгершілік қабілетінің реакциясынан, өзіндік моральдың интуициясынан басқа адамға көмекке ұмтылып, оның жанына зиян келтірмей әсер етуге жетелейтін жоғары деңгейдегі адамгершілік мәдениеті қалыптасады. Педагогтың кәсіби қызметінде нақты адамгершілік реакциясын тудыратын қабілет – педагогикалық парыздылыққа негізделген мінез-құлқы, оны зерттейтін ғылым - педагогикалық деонтология.

1.6 Педагогикалық деонтологияның басқа ғылымдармен сабақтастығы

Педагогикалық деонтология ұстаздың кәсіптік парыздылығына негізделген мінез-құлықы туралы ғылым болғандықтан, «адам-адам» жүйесіндегі барлық ғылымдармен сабақтаста болады: философия, педагогикалық этика, халық педагогикасы, физиология, психология, т.б.
Педагогикалық деонтологияның философиямен сабақтастығы оның пайда болу алғышарттарын баяндағанда деректі анықталды және ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үдерісінің әдіснамалық негіздерін айқындауда, қоғамның әр кезеңіндегі экономикалық формацияларын ескеруде көрініс табады. Философияның диалектика, таным теориясы, герменевтика, экзистенциализм, синергетика т.б. материяның дамуы, ұйымдасуы туралы ілімдер ұстаздың зерттеушілік қабілетін дамытуға мүмкіндік туғызады, ал оның деонтологиялық сипатын анықтауда сананың ролін ашып, тәрбиелеу мәселесін шешуде философияның «сананың жалпы қасиеттері», «сананың құрылымы», сананың функциялары» т.с.с. тақырыптарды талдап, іске қосу қажеттігі күмән тудырмайды. Мысалы, философияда «сана біріншіден, адамның ерекше психикалық қабілетін, екіншіден, оның осы қабілетті білдіретін күйін, үшіншіден, оның мазмұнын, төртіншіден - әлдебір басқарушы механизмді білдіреді» делінгенінен деонтологиялық даярлықты қалыптастыруда парыздылық сананы, сана-сезімді тәрбиелеудің ең маңызды әрекеті екені дәлелденіп, оның ұстаздың іс-әрекетін іштей реттеуші күш екенін айқындайды.
Педагогикалық деонтологияның педагогикалық этикамен сабақтастығы
Философиялық тұрғыдан педагогикалық деонтология мен педагогикалық этика өзара жалпылық пен жекелік қатынасында болады және олардың өзара әрекеттестігі диалектикаға бағынады. Сондықтан оларды жалпылық пен жекелік ретінде біркелкілікке, теңдестіруге мүмкін емес.

Әдебиеттер

1. А.Х. Маслоу Самоактуализация: ағылшын тілінен аударма. – Мәтіндер. – М., 1982.
2. А.Н. Джуринский История педагогики. – М.: Владос, 2000.
3. Философский словарь// И.Т.Фролов, Г.Н. Кузьменконың ред. бойынша – М.: Советская энциклопедия, 1983.
4. Асылов Ұ., Нұсқанбайұлы Ж. Әдеп: инабаттылық дәрістері (Оқу құралы), Алматы, Рауан, 1998
5. Философия /Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған оқу құралы. Авторлар коллективі. Редакциясын басқарған Кішібеков Д., Алматы, Рауан, 1991
6. А.С. Кобликов Основы юридической деонтологии. – СПб., 2008.