Коммерциялық банктің активтік операцияларын басқару және оларды жетілдіру жолдары
Мазмұны
I бөлім. Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің белсенді (активтік) операциялары 3
1.1 Коммерциялық банктер операциялары 3
1.2 Активтік операциялардың түрлері 8
1.2.1 Ссудалық операциялар 9
1.3 Активтік операцияларға сипаттама және олардың ерекшелігі 20
1.3.1 Экономиканы және халықты несиелендіру операциялары 20
1.3.2 Банктің активтік қарыздық операцияларын қарастырайық 20
1.3.3 Коммерциялық банктердің инвестициялық операциялары 26
II-бөлім. «Казкоммерцбанк» АҚ экономикалық сипаттама 32
2.1 «Казкоммерцбанк» АҚ тарихы және қаржылық жағдайы 32
2.2 «Казкоммерцбанк» АҚ стратегиясы мен атқаратын қызметтері 38
Әдебиеттер 41
I бөлім. Қазақстан Республикасы коммерциялық банктерінің белсенді (активтік) операциялары
1.1 Коммерциялық банктер операциялары
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443 заңдық күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы» Жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып қалыптасты.
Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты пайда - табу.
Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан өз қаражатына, қайырымдылық, мерзімділік және төлемділік жағдайларда орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айрысу, тағы басқа да операцияларды жүргізуге құқық берілген.
1.2 Активтік операциялардың түрлері
Активтік операциялар - бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыруларды жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.
Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операциялардың ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:
• Ссудалық операциялар;
• Инвестициялық операциялар;
• Депозиттік операциялар;
• Кассалық операциялар;
• Басқа да.
Өтімділігіне және пайда әкелуіне қарай банк активтерін төрт топқа бөлуге болады:
1.2.1 Ссудалық операциялар
Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда банктің активтік қызметінің негізгі бөлігін (мысалға, 80%-ке жуық құрайды. Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, оның көмегімен банктер уақытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті, айналысты және тұтыну процесінде жұмыс жасайтын етуімен сипатталады. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі ссудалар береді. Олар мынадай белгілеріне қарай жіктеледі:
1.3 Активтік операцияларға сипаттама және олардың ерекшелігі
1.3.1 Экономиканы және халықты несиелендіру операциялары
Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі - базалық қызметі - экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздарға және банктің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.
1.3.2 Банктің активтік қарыздық операцияларын қарастырайық
Кәсіпорын, фирма, концерндер қарызды өздерінің тауарлық қорларын толықтыру, жалақыны төлеу, жабдық сатып алу үшін және тағы басқа, ауыл шаруашылық кәсіпорындар, фирмалар - өздерінің тұқым, жанар жағар май және тыңайтқыш сатып алу шығындарын жабу үшін; бір реттік тұтынушылар (халықтар)- автомобиль, үй, ұзақ пайдалынатын тауарлар және тағы басқа сатып алу үшін; үкімет - ағымдағы шығындарды қаржыландыру үшін алады. Бұл қарыз алушылардың барлығы қарызды, негізінен табыс алу мақсатында шоғырландырған ақша қаражаттарын (депозиттік немесе депозиттік емес) орналастыратын коммерциялық банктерден алады.
Өз клиенттеріне қарыз ұсына отырып, банктер салымшылардан ақша қаражаттарын қабылдап және оларды қарыз алушыларға ұсынуда қаржылық делдалдар ролін атқарады. Банктің бұл қызметі несиелік қатынастардың барлық қатысушыларына (салымшылар, қарыз алушылар және банк) тиімді. Бұл қатынастарда өзара мүдде көзделеді: әркім өзінің қажеттілігін қанағаттандырады.
1.3.3 Коммерциялық банктердің инвестициялық операциялары
Инвестиция дегеніміз - бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция - бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал-жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельді инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы (бағалы қағаздар портфелі) және ұзақ мерзімдік банк несиелерін беру арқылы (қағаздар портфелі) жүзеге асады. Жеке, мемлекеттік, шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқықтары қорғалады.
II-бөлім. «Казкоммерцбанк» АҚ экономикалық сипаттама
2.1 «Казкоммерцбанк» АҚ тарихы және қаржылық жағдайы
Банк Қазақ Кеңестік Социолистік Респибликасы Заңнамасына сәйкес, 1990 жылдың 12 шілдесінде Медеу Банкі АҚ («Медеу банкі ») деген атаумен ашылып, акционерлік қоғам ретінде құрылды. Банкті құру мақсаты банктік секторда түрлі қызмет түрлерін жүзеге асыру болды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, Медеу банкі басқаша атаумен – «Казкоммерцбанк» АҚ болып қайта тіркеуден өтті және банктік операциялар жүргізуге ҰБҚ-ден 1991 жылы 21 қазанда №48 лицензия алды. Банктің Әділет министрлігі берген №4466-1910-АҚ тіркеу туралы куәлігі бар.
2.2 «Казкоммерцбанк» АҚ стратегиясы мен атқаратын қызметтері
Банк стратегиясы өсу және ұлғайтылған операциялық тиімділік арқылы табыстылықты арттыра отырып, көшбасшы банк және қаржылық қызметтер жеткізушісі позициясын ұстап тұру болып табылады.
Осы стратегияны жүзеге асыру үшін банк мыналарға жұмылдырылмақ: