Ақан Сері
Өткен ғасырдын 70-ші жылдардың аяқ кезі. Жиырмадан астам жігіт, бәрінің астында таң асырып,қамшыдай қатқан жарау аттар тобын жазбай суыт жүріп келеді. Біресе аяндап,біресе желіп,бір мезгіл аттың васын жіберіп,жарысып келеді. Бірақ ұзақ шаппайды. Өйткені бұлардың алдында әлі аттың күшін сынайтын уақыт бар.
Бұл топ осылай бір жылғаға келіп, аттарын қаңтарып қойып отырды.Қырға жаяу шығып баспалап қарап тұрған жігіт қайта жүгіріп, аттаныңдар дегендей белгі берді.Өзі де,келіп тез атына қонды. Салтатты жолаушы жол іздей ме, төтеліп, маңдайы Сырымбеттің тауында сауыт келе жатқан бір-екі атты адамдар бұларға жақындап қалды. Ә дегенше біржігіт барып қыздың мінген атының шылбырын қолына орап алды да шаба жөнелді. Есілге қарай бет алып, қыз орталарында, жігіттер дабырласып келеді.
Ақан қызылжардан еліне қайтады. Әкесінің дәулетінің арқасында ол аса кемдік көрмейді. Ақан сол кездің өзінде «шаруаға кем» , басқа «дүние қызығын қуу» жолына түседі. Он алты- он жеті жасынан бастап әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады. Ақанның әдемі бойы, келбеті, жақсы даусы оны ерте халыққа танытады. Оның үстіне көп адамдардың күйттейтін, дала өмірінің қызығын: жүрік, қыранқұс, алғыр тазы Ақанның да арманы болады. Ол Көбей еліндегі Шектай деген кісіден Құлагерді бір ат, бір сиыр, жиырма бес сом ақшаға сатып алады. Ақанның жаста болса талбына риза болған, оның көптің бірі емес екенін сезген Әлібек деген өзінің жанына балаған бүркіті Қарторғайды сыйлайды. Сайрат төреден күшік күнінде Базаралы атты тазыны сатып алады. Тағы біреуден көк жендет деген қаршығаны қалап алады. Енді ақан тек әнші, ақын емес даланың жігіті басына керекті барлық қызығын жинайды. Өзі әнші, өзі аңшы, сұлу жігіт, халық арасында тағы тез жайылады.
Ақан, әнші композитор, сері жігіттің сөз шеңбері айта қалғандай кең. Сондықтан ол, жоғарыда айтылғандай, тағы да құсты – Қараторғайды әңгіме ете, әндете отыра, сол арқылы ой түбінде жатқан басқа қиялы арманы қозғалады. Сүйген адамының ауыр тағдыры көз алдына елестейді. Жан жарасының асқынуы аяқталуы жеке дауыстағы жуан дауыстың «Қараторғай, ұштың зорға – ай» сөзінде айқын естіледі. Міне осы сөзді хор дауыстары әсем, лирикалық әуенмен кезектесе әндете орындайды( 22-ші такт). Хор партияларын ән үстінде, бір-бірін естіртпей, басып тастамау керек яғни дыбыстың шығу тең әрі анық болу үшін, партиялар арасында теңдік сақтау керек.
Қолданылған әдебиеттер:
Қыдырбаева Күләш « Дирижерлық шеберлік»
Г.А.Дмитревский « Хор және оны басқару»
А.Жұбанов « Замана бұл-бұлдары»
Ү.Жұмақова «Қазақтың музыкалық әдебиеті»