Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Ақша - несие саяасатының теориялық негізі


Мазмұны

Кіріспе 3
1 Ақша-несие саясатының мақсаттары және институционалдық негізі 5
2 Ақша-несие саясатының теориялық негізі 12
3 Ақша-несие саясатының жүзеге асыру бағыты 20
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға өтуге байланысты елдің экономикасында, сондай-ақ тұтастай алғанда халық шаруашылығының барлық салаларында терең әрі ауқымды өзгерістер көрініс тапты. Яғни екі деңгейлі банк жүйесінің қалыптасуы және сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің либерализациялануы көптеген ірі және шағын экспортерлар мен импортерлардың пайда болуына, сондай-ақ жекешелендірудің нәтижесінде коммерциялық шаруашылықтардың жеке объектілерімен қоса ірі өндірістік кәсіпорындар жеке меншікке иелігіне өтті.
Экономикадағы өзгерістердің оң нәтижелерімен қатар кері нәтижелері де болып отырды. Яғни ұлттық экономиканың құрылымдарындағы ірі диспропорциялар, шаруашылық байланыстардың тоқтауы, инфляция, «көлеңкелі экономика» масштабының өсуі т. б.
Қазіргі экономисттердің көпшілігі ақша - несие саясатын үкіметтің шамадан тыс үстеміне және дербес индивидумдардың шаруашылық дербестігінің азаюына тудырмайтын демократиялық қоғамдағы ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу құралы деп қарайды.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде дипломдық жұмыстың таңдалған тақырыптың көкейкестілігі негізделген, зерттеу процесінде шешуге қажетті мақсаттар мен міндеттер анықталған, жұмыстың құрылымдық мазмұны берілген.
Сонымен қатар заңдық, нормативтік базалар, оқу-әдістемелік құралдар, шетелдік және отандық экономист-ғалымдардың монографиялары, периодикалық баспаның материалдары, интернет-сайтының материалдары пайдаланылды.

1 Ақша-несие саясатының мақсаттары және институционалдық негізі

Ақша-несие саясаты салық, инвестициялық, құрылымдық және т.б. сияқты кез келген дамыған қоғамның экономикалық саясатының бір бөлімі болып келеді. Ақша-несие саясаты мәнінде монетарлы өкіметтердің ақша-несие сферасындағы конъюктура және қайта даму процесін жөнге салуы мақсатындағы өзара байланысқан шаралардың кешенін түсіну керек. Шаралар кешенінің мінез-құлқы және мазмұны қоғамның экономикалық стратегиясымен және жалпы шаруашылық жағдаймен анықталады. Ақша-несие саясатының әрекеттілігі оның мүмкіншіліктерімен шектеледі, осы шектерді анықтау экономикалық теорияның аса күрделі мақсаты болып табылады.
Ақша-несие саясатының негізгі әсер ету объектісі ақша айналымы болып келеді. Ақша айналымы өз алдына қолма-қол және қолма-қол емес ақшалардың толассыз қозғалысын құрайды. Ақша айналымының кеңейтілген түсінігі оның құрылу принциптерін түбірінен өзгертеді. Осы анықтамаға сәйкес ақша айналымын реттеу ақша массасы, ақша массасының агрегаттары, орталық банкі ақшалары, несие мультипликаторы, ақша сұранысы және ұсынысы және т.б. сондай жаңа ұғымдардың негізінде жүзеге асады. Өз кезегінде түсінік аппаратын жаңарту кейнсиандық және монетарлық ақша айналымын реттеу концепцияларын зерттеу қажеттілігіне әкеледі, өйткені бұл теориялық құрылыстардың негізінде Маркстің ақша айналымының өзгертілген құрылымды заңы жатыр. Ақша айналымы заңы құн заңынан шығады. Демек айналымға қажет ақша массасын анықтағанда тек қана тауар айналымының көлемі мен құрылымын қарастыру жеткіліктісіз, мұнда табыстың мөлшері мен құрылымын, ақшаға ұсыныс пен сұраныстың арақатынасын ескеру керек.

2 Ақша-несие саясатының теориялық негізі

Өндірісі дамыған елдердің экономиканы реттеу жүйесінде ақша-несие саясаты өте белсенді қолданылады. Бұл ертеден келе жатқан экономиканы реттеудің алғашқы формаларының бірі екені белгілі. Ақша-несие саясаты әр-түрлі позициядан аса талғамды болып қарастырылады. Тарих позициясынан қарағанда, оның мүмкіндіктері 30-шы жылдарда дүниежүзілік экономикалық кризис кезінде шығып жүрген еді, сол кезде оның ролі қарастырылған еді. Теорияның көзқарасымен зерттегенде макроэкономикалық көрсеткіштер ақшаның ауыспалы мәндерінен тәуелді: яғни айналыстағы ақша көлемінің өзгерісі өндірісті, айырбасты, тұтынуды, жалпы сұранысты қозғауы мүмкін. Эмпирикалық позициядан қарағанда: екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі инфляция өте төмен пайыздық ставканың деңгейіндегі экспансиялық ақша-несие саясатымен арандатылған еді, ал рестрикциялық саясат оның дамуын тоқтататын белгілерін анықтап берді. Ақша-несие саясатын негіздеу, оның стратегиясын және тактикасын анықтау алдымен теориялық принциптерін анықтауды және оның ішкі механизмдерін ашуды талап етеді. Өзіміз білетіндей, ақша-несие саясатында схемалық түрде екі ірі мектепті бөліп көрсетеді – кейнсиандық және монетарлық.

3 Ақша-несие саясатының жүзеге асыру бағыты

Ақша-кредит саясатының құралдары. Ұлттық Банк инфляция бойынша мақсаттарға қол жеткізу үшін негізгілері қысқа мерзімді ноталар шығару, банктердің депозиттерін тарту, ашық рынок операцияларын жүргізу, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптар тетігі болатын артық өтімділікті алу бойынша операциялар жүргізді. Ақша базасының деңгейі жедел көрсеткіштердің бірі болып қалуда.
Ақша-несие саясатының құралдары туралы айтпас бұрын оның реттеу механизмдерін айта кеткен жөн. Орталық банкінің өзінің саясатында қолданатын құралдары тікелей және жанама деп бөліп көрсетуге болады. Тікелей дегеніміз орталық банкінің өзінің іс-әрекеттерін административті-нормативтік өкілеттігімен орындауы, ал жанама дегеніміз ақша нарығының хал-ахуалына ақшаның эмитенті ретінде әсер ету болып табылады.
Ақша-несие реттеудің тікелей мен жанама құралдарының арасындағы айырмашылық екі жақтан қарастырылуына болады. Тікелей құралдар тауарлардың бағаларын немесе көлемін орнату немесе шектеуді қарастырады, ал жанама нарық арқылы әсер етеді және сұраныс пен ұсынысқа әсер етеді.
Тікелей құралдар негізінен несиелік лимиттер түрінде коммерциялық банкілердің балансына қатысты қолданылады, ал жанама құралдар орталық банкі балансының хал-ахуалын жақсарту үшін қолданылады.

Қорытынды

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанынан бері Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатын жүргізуде өте қиын жолдардан өтті, алайда осы жүргізген тиімді саясатының арқасында еліміз қысқа уақыт мерзімде экономиканың құлдырау кезеңінен шыға алды десек те болады. Осы ақша-несие саясатының тарихын ескере отырып, негізгі принциптерін қолдана отырып тиімді басқару көптеген мәселелерді талқылауды қажет етеді.
Ақша-несие саясаты – монетаризм принциптеріне негізделіп фискалды саясатты толықтыра жүргізіліп экономикалық коньюнктураның жіңішке бағдаршысы болып табылады. Ақша-несие саясаты коммерциялық банкілерге тек жанама әсер ете алады және оларды несиелерін тікелей ұлғайту немесе азайтқыза алмайды.
Ақша-несие саясатын негіздеу, оның стратегиясы мен тактикасын анықтау ең алдымен теориялық принциптердің айқындалуын және оның ішкі механизмдерінің ашылғанын талап етеді.