Турбо-Паскальдағы графикамен жұмыс
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Graph модулінің жалпы сипаттамасы 4
2 Graph стандарттық модулі 5
3 Процедуралар мен функциялар 7
4 Қарапайым фигураларды салу 9
5 Координаттар, терезелер, беттер 9
6 Көпбұрыштар 12
7 Доғалар, Шеңберлер, Эллипстар 13
8 Тексті шығару 14
9 Графикалық координаталар жүйесі 15
Қортынды 21
Қолданылған әдебиеттер 22
Кіріспе
Дисплей экраны нүктелер жиыны болып табылатын төртбұрышты аймақ болып табылады. Ол графикалық және мәтіндік режимдерде жұмыс атқара алады. Графикалық режимде экранның әрбір нүктесін түрлі түске бояп, сол түстер арқылы сызық, мәтін және әр түрлі бейнелер кескіндеуге болады.
Графикалық программалау процесі тиімділігін арттыру мақсатында Borland International фирмасы GRAPH арнайы программалар кітапханасын жасап шығарған болатын, онда қазіргі кездегі мониторлардың барлық типтерімен жұмыс істейтін, экранға түрлі мөлшердегі қаріптер шығара алатын драйверлер жиыны бар.
1 Graph модулінің жалпы сипаттамасы
Graph модулі ІВМ – типтес дербес компьютерлердің графикалық адаптерлерімен жұмыс істеуіне есептелінген, графикалық процедуралар мен функциялардың, тұрақтылардың, айнымалылар мен типтердің қуатты кітапханасы болып табылады. TurboPascal-7.0 ортасын қолданатын Паскаль тілінде программалауда Graph модулінің 132 тұрақтысы, 7 қосымша типі, 2 айнымалысы, 57 процедурасы және 22 функциясы пайдаланылады.Турбо Паскальда графикалық драйверлер деп аталатын арнайы программалар (BGI-файлдар) видеоадаптерлерінің қалыпты жұмысын басқарады:
2 Graph стандарттық модулі
Компьтердің қосылуы кезінде және Turbo Pascal ортасында программаны жіберу кезіндегі экранның стандартты күйітекстік режимде жұмыс істеуін сай келеді. Сондығтан, компьютердің графиктік мүмкіншіліктерін пайдалану үшін дисплей адаптерінің жұмысын графиктік режимге инициализациялау керек. Программа жұмысының жұмысының аяғында компьютер текстік режимге қайта көшеді.
3 Процедуралар мен функциялар
InitGraph процедурасы. Адаптер жұмысын графикалық режимге аударады. Процедура тақырыбы:
Procedure InitGraph (var Driver, Mode: integer; Path: string);
Мұнда Driver – integer типті айнымалы, графикалық драйвердің типін анықтайды;
Mode – сол типті айнымалы, графикалық адаптердің жұмыс жасау режимін береді;
5 Координаттар, терезелер, беттер
Графикалық процедуралар мен функциялар экранда көрінбейтін ағымды позицияны беретін ағымды көрсеткіш (текущий указатель) қолданады. Осы көрсеткіштің орны экранның 0,0 координатты жоғарғы сол жақ бұрышы арқылы беріледі.
8 Тексті шығару
Графикалық режимде текстерді шығаратын әр түрлі стандарттық процедуралар мен функциялар бар. Тексті әр түрлі шрифтармен горизонталь және вертикаль бағытпен, әрі өлшемін өзгертіп, шығаруға болады.
Қортынды
Турбо Паскалдың графикалық мүмкіндіктерін толық пайдалану арқылы төмендегі жұмыстарды атқаруға болады:
• Екі өлшемді кісендерді салу (жазық геометриялық фигуралар мен сызбалар, графиктер, диаграммалар, пиктограммалар, схемалар және т.б.);
• Үш өлшемді кескіндерді салу (кеңістік геометриялық фигуралар мен денелер, беттер, гистограммалар, диаграммалар және т.б.);
Қолданылған әдебиеттер
1. Бурин Е.А “Программирование на языке Турбо Паскаль” А.,2000.
2. Досмайлов Т.К. “Программалау тілі Паскаль” А.,1996
3. Нақысбеков Б., Халыкова Б. “Паскаль тілінің негіздері” А.,1998
4. Новикав В.С., Парфилова Н.Н., “Паскаль” М.,1994
5. Семалико Г.Л., Салтыков Г.Л., “Программирование на языке Турбо Паскаль” М., 1994