Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 62 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қаржы нәтижелер есебін ұйымдастыру


Жоспар
Кіріспе 3
1-бөлім. ЖШС «Игілік – Фининвест» - тің экономикалық ұйымдастыру сипаттамасы 6
1.1 Қаржы нәтижелерінің теориялық сипаттамасы 6
1.2 ЖШС «Игілік – Фининвест» фирмасының экономикалық сипаттамасы 14
2-бөлім. Қаржы нәтижелер есебін ұйымдастыру 21
2.1 Негізгі қызметтен түскен табыс есебі 21
2.2 Негізгі қызмет шығындар есебі 25
2.3 Жиынтық табыс /зиян/ есебі 27
2.4 Қаржы есептерін әзірлеп, тапсыруға арналған тұжырымдамалық негіздеме 35
3-бөлім. Қаржы нәтижелерін талдау 51
3.1 Нақты және салыстырмалы табыс көрсеткіштерін талдау 51
3.2 Қаржы нәтижелер есебін және олардың қолданылуын тексеру 56
Қорытынды 60
Қолданылған әдебиеттер тізімі 62

Кіріспе
Қазіргі нарықтық жағдайда бухгалтерлік есеп шаруашылық субъектілерінде маңызды орын алады. Ол бухгалтерлік есеп стандарттарындағы жалпы қағидаттар мен ережелер негізінде, субъектілердің қаржы – шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі шоттарының бас жоспары, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер» заңына сәйкес, сонымен бірге Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп бойынша білікті органдардың басылымдарындағы нұсқаулар, ережелер және рекомендациялар бойынша құралады. Республикамыздағы бухгалтерлік есеп жүйесі максималдық түрде халықаралық бухгалтерлік стандартқа жақын қарастырылған.

Дипломдық жұмысты жазу кезінде Қазақстан Республиканың Үкімет үйінің қаулылары және заң актілері білімді экономистердің теориялық және тәжірибелік бағыттары, жұмыстары қолданылады. Бұл жұмыста статистикалық экономика математикалық және жеке ауқымды зерттеу әдістерін қолдана отырып ЖШС «Игілік – Фининвест» фирмасының қаржылық есеп беру мәліметтеріне талдау жасалған.
Бірінші бөлімде қаржылық нәтижелер есебін ұйымдастыру, оның ішінде – негізгі қызметтен түскен табыс есебі, негізгі қызмет шығындары есебі жиынтық табыс есептері және қаржы есептерін әзірлеп, табыс есептері тапсыруға арналған тұжырымдамалық негіздемелер қарастырылады.
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде қаржы нәтижелеріне талдау жүргізіледі. Ол қаржылардың келіп түсуінен және жұмсалуынан орындалады. Мұнда қаржы көрсеткіштерінің деңгейін және өсіңкілігін талдау, рентабельділік көрсеткштерін кестелер түрінде талдау жасалған. Сонымен бірге тапсырыс берушілер өздерінің шешімдерін қабылдауына, бухгалтерлік есеп пен қаржы отчеттарын одан әрі жақсартуға әсерін тигізетін аудиттің маңыздылығы қарастырылған.

1-бөлім. ЖШС «Игілік – Фининвест» - тің экономикалық ұйымдастыру сипаттамасы
1.1 Қаржы нәтижелерінің теориялық сипаттамасы
Нарықтық экономика шарты бойынша кәсіпорынның экономикалық мақсаты табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы нақты және салыстырмалы көрсеткіштері арқылы сипатталады. Нақты табыс көрсеткіші – бұл табыспен пайданың жиынтығы. Шет елдерде «табыс» ұғымы келесі мағынада анықталады: «Табыс – бұл экономикалық пайданың өсуі есеп беру мерзіміндегі активтердің ұлғаюы немесе акционерлердің жарналарын қоспағанда пассивтердің азаюынан капиталдың өсуі».
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп туралы» заңдық күші бар жарғысында бұл түсінікке өте қысқаша анықтама берілген: «Табыстар – бұл есеп беру кезеңіндегі активтердің өсуі немесе міндеттердің кемуі». Ереже бойынша сәйкесінше шығын шығармай, тілеген табысын алу мүмкін емес. Ал, табыс болмаған жағдайда, кәсіпорынның дамуы және әлеуметтік сұрақтарды сәтті шешуі мүмкін емес.
Табыс көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржы нәтижелерінің нақты көрсеткіштерінен тұрады. Оған мыналар жатады:

1.2 ЖШС «Игілік – Фининвест» фирмасының экономикалық сипаттамасы
«Игілік – Фининвест» өндірістік - коммерциялық фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1999 жылы қыркүйек айында, Алматы қаласында құрылған.
Фирма Қазақстан Республикасы заңдарына белгіленген шаруашылық қызметін, жүргізу шарттарын қадағалай отырып, жарғы мен құрылтайшылар келісім – шарты, ары қарай «Құрылтай құжаттары», негізінде құрылған және соны басшылыққа ала отырып қызмет көрсетті. Фирма өз аты жазылған дөңгелек мөр бұрыштама белгімен басқа да заңмен белгіленген міндетті мәліметтерге ие.

2-бөлім. Қаржы нәтижелер есебін ұйымдастыру
2.1 Негізгі қызметтен түскен табыс есебі
Субъект қызметінің нәтижесінде алынатын табыстарды есепке алу тәртібін айқындау үшін, бухгалтерлік есепке алудың 5 – стандарты «Табыс» негізделген. Осы стандарт, сондай – ақ табысты тану шарттарын сипаттайды, оның көлемін бағалауға мүмкіндік береді, қаржы есептемелерінің түсініктеме жазбахатында табысты танудың маңызды аспектілерін ашып көрсетудің негізгі сәттерін айқындайды.
Табыс – бұл есепті кезеңде активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы.
Табыс алынған немесе алынуға тиіс өткізу құны бойынша бағаланады.
Өткізу құны субъектінің және активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасындағы келісіммен айқындалады.
Бірдей мәмілелер немесе мекеме қызметіндегі бірдей оқиғалар нәтижесінде туындаған табыстар мен шығындар бір мезгілде танылады.
Табыс мынадай шарттар қанағаттандырылған кезде танылады:

Негізгі қызметтен түскен табыстар есебі 70 бөлімшеде /негізгі қызметтің табыстары/ шоттарында есепке алынады. Бұл бөлімшеге келесі синтетикалық, пассивтік шоттар кіреді:
701 «Дайын өнімді» /жұмыстың, қызметтің/ сатудан алынған табыс»
702 «Сатып алынған тауарларды сатып - өткізуден түскен табыстар»
703 «Құрылыс – монтаж, жобалық – іздестіру, геологиялық барлау, ғылыми – іздестіру»
704 «көлік ұйымдарының жүк тасымалдау және жолаушылар тасымалдау қызметтерінен түскен табыстар»
705 «Жолдан түскен табыстар»
706 «Байланыс ұйымдарының қызметтерінен түскен табыс»
707 «Сақтандыру компанияларының қызметтерінен түскен табыс»
708 «Инвестициялық қызметтен түскен табыс»
709 «Негізгі қызметтен түскен табыс».

2.2 Негізгі қызмет шығындар есебі
Жалпы, шығындар есебін жүргізу үшін 80 «Өткізілген тауарлардың /жұмыстардың, қызметтердің/ өзіндік құны, 81 «Тауарларды /жұмысты, қызметті/ өткізу бойынша шығыстар», 83 «Проценттер бойынша шығыстар», 84 «Негізгі емес қызмет бойынша шығыстар», 85 «Табыс салығы бойынша шығыстар», 86 «Төтенше жағдайлар мен тоқтатылған операциялардан түскен табыс /залал/», 87 «Басқа ұйымдардағы үлестік қатысудан түскен табыс /залал/ бөлімшелер шоттары арналған.
Бұл бөлімнің өткізілген өнімнің /жұмыстың, қызметтің/ өзіндік құны, және осы өнімді /жұмысты, қызметті/ айналымнан тыс активтерді, бағалы қағаздарды және басқаларды көрсетуге арналған.

2.3 Жиынтық табыс /зиян/ есебі
Қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп баптарын жіктеу мен есепке алудың тәртібін заңды тұлғалардың ретімен әзірлеп, есеп беру мақсатына айқындау үшін бухгалтерлік есепке алудың 3 – стандарты «Қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп» негізделген.
Стандарт сондай – ақ әдеттегі қызметтен алынған табыс пен шығындардың, төтенше жағдайлардан, тоқтатылған операциялардан болған табыс пен залалдың әртүрлі баптарын, есептік бағалаулардағы, есеп жүргізу саясатындағы өзгерістерді есепке алу және қаржы есептеріндегі елеулі қателіктерді түзету кезінде ашып көрсету тәртібін айқындайды.
Айқындамалар:
Төтенше жағдайлар – заңды тұлғаның әдеттегі қызметінен өзгеше оқиғалар мен операциялар жиі немесе жүйелі түрде қайталанбайды деп болжам жасалады.

3-бөлім. Қаржы нәтижелерін талдау
3.1 Нақты және салыстырмалы табыс көрсеткіштерін талдау
Нарықтық заманның шартына сай кәсіпкерлік қызметтің мақсаты – пайда табу. Пайда, кәсіпорынның өзін - өзі қаржыландыруын, материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасысыз етеді. Сонымен бірге пайдаға салынатын салық негізінде бюджет табысын қалыптастырады. Сол себептен, пайда кәсіпорынның қызметінің еңгізгі нәтижесі болып табылады.
Өнімді көп көлемде шығаруға болады, бірақ , ол сатылмаса немесе пайда түсірмейтін бағамен сатылса, онда, кәсіпорын ауыр қаржылық жағдайда болады.
Қаржылық талдаудың маңызды құрам бөлігінің бірі – пайданы қалыптастыруды талдау. Пайданы талдау оны қалыптастыру ретімен байланысты.

Бухгалтерлік баланс, пайда және шығын отчеты мәліметтер негізінде рентабельділік көрсеткіштерге талдау жасайық /кесте3/.
Негізгі қызметтің рентабельділігі жыл басы бойынша 1 теңге шығынына тек 11 тиын пайда әкеледі. Есеп беру жылында бұл көрсеткіш мәні 1 тиынға өсті, яғни, 12 тиын пайда әкеледі. Негізгі қызметтің тиімділігіне байланысты сату рентабельділік көрсеткіші де ұлғаяды. Оның мәні сатудан түскен түсімнің бір теңгесіне 11 тиын пайда әкелетінін және алдыңғы жылдан бір тиынға өскенін куәландырады.

3.2 Қаржы нәтижелер есебін және олардың қолданылуын тексеру
Нарықты экономика кезеңінде аудит тәжірибе жөнінде кәсіпкерлік қызметкердің бір түрі ретінде басты рөл атқарды. Осыған байланысты төмендегідей функцияларды орындауға тиіс.