Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Реферат

Объем: 32 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Сыр өңірі жазушыларының тіліндегі жергілікті қолданыстар


ЖОСПАР

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 3
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ 7
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27
РЕЗЮМЕ 29
SUMMARY 32

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тіл – мәдениеттің қайнар көзі. Өйткені ол мәдениеттің құрастырушы бір бөлігі, сонымен қатар, тіл мәдениетті танытудағы негізгі құрал, себебі біз ол арқылы мәдениетті меңгереміз. Тіл мәдениеттің жалпы сипатын танытады. Негізгі ақпаратты сақтайды, жинақтайды, таратады. Осыған байланысты тіл әрбір этникалық қоғамдастықта этностың мәдени ерекшелігін танытатын фактор ретінде, мәдениеттің тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетуін қамтамасыз етеді. Осылайша, ұлтты бір тұтастырып, бүтіндігін сақтайды. Мәдениет арқылы тілімізде этномәдени ақпараттар қалыптасады. Олар рухани мәдениет және материалдық мәдениет формасында таралады. Қандай да болмасын заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оны танытады. Лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан алғанда, тіл тек қарым-қатынас және танымдық қызмет атқаратын құрал ғана емес, сондай-ақ ұғым – тіл – мәдениет жиынтығынан құралатын, тұтас дүние жөніндегі мол мағлұмат беретін ұлттық мәдени код, қор, мәдени ақпарат көзі ретінде танылады. Адамға рухани, интеллектуалдық әлеуметтік мүмкіндіктерден туындайтын аса мол алуан түрлі ақпарат тілдік арналар арқылы беріледі. Санадағы бұл ақпараттар концепт немесе ұғым арқылы түйінделеді. Ұғым белгілі бір объектінің ең мәнді белгілерін көрсететін сананың нәтижесі болса, концепт объектінің ең мәнді белгілерімен қатар, мәнді емес белгілерін де қамтиды екен.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Диссертацияның «Көркем мәтіндегі жергілікті ерекшеліктерді этнолингвистикалық бағытта зерттеудің теориялық негіздері» атты бірінші тарауында этнолингвистикалық бағытта теориялық алғышарттары анықталып, талдауға негіз болатын критерийлер көрсетілді.
Этнолингвистиканың негізгі мақсаты – халықтың бүгінгі қалпын, қазіргі тіліндегі ерекшеліктерді емес, өткен өміріндегі тәжірибелерінен туған ұлттық болмысты, халықтық тіршіліктен туған мәдени ұғымдарды зерттеу. Сондықтан да ұлттық сөздік қорды, яғни көне төл тілімізді жаңғыртуда, көне этнографизмдерді жинақтап, толықтыруда бұл саланың маңызы зор. Академик Ә.Қайдардың зерттеулері бойынша этнолингвистика саласы былай танылады: «Этнолингвистика, егер оның түп-тамырына тереңірек үңілсек, этнография мен лингвистиканың жай қосындысы емес, бір шаңырақ астында әрқайсысы өз бетінше тон пішіп, өзінің жырын жырлайтын шартты түрде ғана қосарланған дүние емес. Бұл ғылым саласының бір кереметтігі де, бүгінгі таңдағы ғылыми-практикалық маңызы да – оның монолиттік тұтастығында, бір-біріне етене жақын, тіпті бірінсіз бірін түсінуге болмайтын объект екендігінде.

ҚОРЫТЫНДЫ

Көркем әдебиет тілінде жергілікті ерекшеліктерді диалектизмдерді қолдану шеңбері, принциптері, әдістері – әлі де болса шешілмей келе жатқан талас мәселелерінің бірі. Қазақ тілі говорларында әдеби тілдің кәдесіне жарайтын оны байытатын элементтер де, керісінше, әдеби тілді шұбарлайтын, оның дамуына, нормалануына бір қалыпқа түсуіне кедергі жасайтын элементтер де бар. Бұрын говор белгілі бір аймақ шеңберінде ғана қолданылып, кейін жазушының жиі-жиі қолдануы арқасында, олардың сөз уағыздаудағы игі еңбектерінің нәтиждесінде тар шеңберден шығып, әдебеи деңгейіне дейін көтерілген. Жалпыхалықтық қолданыс дәрежесіне жеткен сияқты сөздеріміз аз емес. Жазушылар әр өлкеде белгілі бір аймақта ғана айтылатын әдеби тіл лексикасын байытуға аса қажетті кәсіби сөздерді жалпыхалықтық қолданыс дәрежесіне дейін көтеру мақсатымен барынша мол қолданып, оларды сілтемеде түсіндіріп отырса, құба-құп болар еді. Қазақ говорларында әдеби тіл кәдесіне жарайтын, сөздік қорымыздың баюына қажетті бау-бақша, мақта, зергерлік, аңшылық, құсбегілік, тағы басқа толып жатқан шаруашылық түрлеріне байланысты сөздер аз емес.
Көркем мәтінде қолданыс тапқан диалектілік лексемалардың және диалектілік тіркестерді жинақтап, саралай келгенде, автордың белгілі бір мақсатта қолдану ерекшеліктері анықталады. Көп жағдайда сол өңірдің тұрмыс-тіршілігіне, өмір сүру болмысы мен кәсібіне тән сөйленіс қатарына әбден сіңіп кеткен диалектілік сөздер кеңінен көрініс тапқан. Сонымен, көркем мәтіндегі жергілікті тіл ерешеліктерін зерттеу арқылы әдеби тіл мен диалектизмдердің ара жігін, диалектизмдердің әдеби тілге ауысу қағидаларын, диалектілер қатарында жүрген этнографизмдердің жалпы халықтық сипатын анықтауға болады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: «Ана тілі», 1998. 304б.
2. Атабаева М.С. Қазақ тілі диалектілік лексикасының этнолингвистикалық негізі. Алматы. 2006ж . 284б.
3. Сейілхан А. Қазақ тіліндегі этнографизмдердің лингвомәдениеттанымдық мәні. Авт., дисс. фил. ғыл. канд., Алматы, 2002
4. Әзімжанова Г. Көркем проза прагматикасы Алматы, 2005. 300 б.
5. Авакова Р.А. Фразеологизмдер – ұлттық мәдениеттің айнасы //Мир языка. А., 1999.
6. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы: Қазақ университеті, 1999. –309 б.
7. Нақысбеков О. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы, 1972. 174б.
8. Жүнісов Н. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері Алматы, 1981, 135б.
9. Қалиев Ғ. Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері. Алматы, 2002 – 190б.
10. Қалыбаева Қ қазақ тіліндегі диалектілік тұрақты сөз тіркестері. Алматы, 1997 – 72 б