Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 54 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

«Бағдарламалау тілдері» пәнінен Си тілін үйрену электрондық оқулық құру


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Электрондық оқулықтарды пайдалану 4
1.1 Жаңа ақпараттық технологиялар оқу процесінде 4
1.2 Білім беру саласында электрондық оқулықтардың қолданысы 5
1.3 Электрондық оқулық - қашықтан оқытудың негізі 9
2 Электрондық оқулық құралдарын жасаудың инструменталдық жабдықтары 11
2.1 Турбо си жүйесінде электрондық оқулыққа мысалдар дайындау 11
2.2 Delphі объектілі - бағдарлы программалау ортасы 13
2.3 «Си программалау тілі» бойынша электрондық оқулығын құру әдістемесі 17
2.3 Borland Delphі 6 программалау ортасына қазақ тілінің шрифтерін орнату 43
3 Экономикалық бөлім 44
3.1 Электрондық оқулықты құруға және енгізуге кеткен шығын есептеулері 44
3.2 Экономикалық сферасының есептеулері 45
3.3 Бизнес - жоспар 46
3.3.1 Аннотация 46
3.3.2 Резюме 47
3.3.3 Кәсіпорынның сипаттамасы 47
3.3.4 Өнімнің сипаттамасы 48
3.3.5 Маркетинг жоспары 48
3.3.6 Өндірістік жоспар 49
3.3.7 Қаржылық жоспар 49
Қорытынды 50
Резюме 51
Пайдаланылған әдебиеттер 52
Аннотация 54

Кіріспе

Өткен ғасырдың орта кездерінде есептеуіш техника саласында күрделі өзгерістер болып, Фортран, Бейсик, Паскаль және т.б. көптеген жоғары деңгейлі программалау тілдерінің жарыққа шыққаны белгілі.
1972 жылы AT&T атаулы Американың корпорациясы жаңа C (СИ) программалау тілін дайындап шықты. Ол – құрылымдық және алгоритмдерді басшылыққа алып дайындалған процедуралық жоғары деңгейлі тіл.
Тілге жылдам орындалатын, жеке биттермен операция жасайтын операторлар да енгізілген. Олар арқылы байланыс порттарын, магниттік дискілерде жинақтауыштарды және т.б. аппараттық құралдарды басқаруға мүмкіндік жасалды. Ал, алғашқы кездерде жеке типті компьютерлердің аппараттық құралдарына қол жеткізе алатын машиналық командалармен жұмыс істейтін төменгі деңгейлі ассемблер тілі ғана болатын.

1 Электрондық оқулықтарды пайдалану

1.1 Жаңа ақпараттық технологиялар оқу процесінде

Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқытудың инновациялық әдістер ретінде қашықтан оқыту және кредиттік технология жүйелері біртіндеп оқыту процессіне енгізіліп келеді. Аталған технологиялар студенттердің мамандық бойынша терең білім алуын қамтамасыз ететін оқыту жүйелері.
Бүгінде қашықтан білім берудің (ҚББ) және оны ұйымдастырудың көптеген тұжырымдамаларын қарастырсақ, сөз жоқ, әлемдік және аймақтық желілік технологияларды жасау идеясы назар аударуға тұрады. Көпшілік пайдаланатын деректер базасын кіріктірілген байланыс желілеріне қосу жүзеге асып та жатыр. Мысалы, ондаған университеттік байланыс жолдарына – Ашық (виртуаль) Университетке (құрамында Бүкіләлемдік Академиялар желісі бар), Ұлыбритания Ашық университетіне қол жеткізу мүмкіндігі туды.

1.2 Білім беру саласында электрондық оқулықтардың қолданысы

Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Сондықтан біздің мемлекетіміз де қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейін көтеру мәселесінен шеткері қала алмайды. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі білім беру саласын жаңа прогрессшіл бағыттарды жүргізу болып табылады. Қазақстан Республикасының 1997 жылы орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының қабылданыу осы істі қолға алудың бірінші қадамы болды. Мемлекеттік бағдарламаның қабылдануы арқасында елімізде жоғары оқу орындарының (ЖОО), мектеп дердің көпшілігі жаңа ақпараттық технологиялармен жабдықталды. Ендігі кезекте осы ақпараттық технологиялармен жоғары деңгейде меңгеру, оларды қолдану шеңберін кеңейту, т.с.с. мәселелер тұр. Бұл мәселелерді білім беруді ақпараттандыруды одан әрі жетілдіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

1.3 Электрондық оқулық - қашықтан оқытудың негізі

Қашықтан оқытудың шет елдік мамандарының пікірінше бүгінгі оқу құралының құрамында: баспа оқу құралы (графикалық иллюстрациялары бар оқу мәтіндері, оқу құралын пайдалану туралы оқытушыға және студентке арналған нұсқаулар), электрондық оқу комплексі (құрылымданған оқу материалы, оқу құралын толығымен оқып болған соң оның игерілгендігін және есте қалуын бекітетін тапсырмалар жүйесі), тренажер (практикалық дағды мен ебдейліктің қалыптасуын, кәсіби тәжірибенің жылдам жинақталуын қамтамасыз ететін құрал), оқу материалдарының қолданбалы программалар пакеті (оқу комплексін тақырыптар бойынша берілетін тапсырмалары, есептер жиыны) болуы тиіс.

2 Электрондық оқулық құралдарын жасаудың инструменталдық жабдықтары

2.1 Турбо си жүйесінде электрондық оқулыққа мысалдар дайындау

Біздің электрондық оқулықта Си тілінің ОБП сияқты жұмыс істеу ерекшеліктері қарастырылмаған. Мұнда 1990, 1992 жылдары жарыққа шыққан Турбо Си 2.0 және Турбо Си ++ 3.0 нұсқаларымен жұмыс түрлері таныстырылып, жиі қолданылатын программалар құрылған. Олар тілдің ANSІ C нұсқасына негізделгендіктен C++ тілінің түрлі нұсқаларында да еркін орындалады.
Әдетте, жоғарыдағы аталған тілдер MS DOS жүйесінің NC (Norton Commander) қабықша программасына енгізіліп қойылады. Онымен жұмыс істеу үшін алдымен берілетін негізгі командалар:

2.3 «Си программалау тілі» бойынша электрондық оқулығын құру әдістемесі

Электрондық оқулықтарды дайындау үшін HTML (HyperText Markup Language), FrontPage Express, Mіcrosoft Publіsher программалары және Delphі, Vіsual Basіc, C++, JavaScrіpt және т.с. сияқты программалау тілдері қолданылады.
Бұл дипломдық жұмыста электрондық оқулықты құру үшін Delphі программалау ортасы мен Mіcrosoft Word және MS Paіnt программалары қолданылды. Электрондық оқулықтың негізіне Камардинов О. «TURBO C және TURBO C++ тілдерінде программалау» деген кітабі қойылды. Бұл кітаптың тиражы өте аз – тек қана 300 экземпляр.
Програмалау тілін үйрену үшін негізінде келесі тақырыптар оқып шығуы тиіс: 1) сызықтық алгоритмдер; 2) тармақталу алгоритмдер; 3) қайталау алгоритмдер; 4) массивтермен жұмыс істеу; 5) символдық шамалармен жұмыс істеу; 6) процедуралар мен функциялар; 7) файлдармен жұмыс істеу.
Бірақ, Си тілінің өзгешелігіне байланысты бұл тақырыптар тізімін былай өзгертіп шықтық:

2.3 Borland Delphі 6 программалау ортасына қазақ тілінің шрифтерін орнату

Қазақ тілі Қазақстан Республикасындағы және әлемнің басқа да елдеріндегі қазақ ұлтының тілі. Сондықтан, ол кез-келген ұлттық тіл тәрізді сол ұлттың негізгі қатынас құралы ретінде дами беруі тиіс.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғандықтан, оның ел ішіндегі және халықаралық байланыстардағы қажеттілігі арта түсті. Ол мемлекеттік тіл ретінде қоғамның рухани өмірінің барлық саласында қолданылуы және мемлекет тарапынан қолдау көруі қажет.

3 Экономикалық бөлім

3.1 Электрондық оқулықты құруға және енгізуге кеткен шығын есептеулері

Delphі ортасында ««Бағдарламалау тілдері» пәнінен Си тілін үйрену электрондық оқулық құру туралы дипломдық проекттісі техникалық-экономикалық көрсеткіштерге сүйене отырып жасалынды. Бағдарламалық қамтамасызданудың натуралдық эффектісі келесі көрсеткіштерден тұрады:

3.3 Бизнес - жоспар

3.3.1 Аннотация

Бизнес-жоспар тақырыбы: «Pascal тілінде программалау пәнінен электрондық оқулық құру кезінде Delphі ортасының визуалды компоненттерінің қасиеттерін қолдану».
Мекен-жайы: Шымкент қаласы, Ерінбетова көшесі, 28-60.
Телефон: 52-56-97.
Кіммен жасалған: Амирсеитов Усен
Бизнес сферасы: бағдарламалық қамтама құру
Қызметтің негізгі түрлері: бағдарламалар құрастыру, «Қалалық қаржы департаменті» мекемесінің қызметкерлерін ақпараттық бағдарламамен қамтамасыздандыру.

3.3.2 Резюме

Бұл дипломдық жоба Қалалық қаржы департаментіне арналған. Бағдарламада кез келген мекемеде түрлі бөлімдерінде қойма жайлы толық мәліметтер қамтылған.
Қазіргі кезде мекемелер саласы адамзат өмірінде ең керекті әрі маңызды орын алатыны бәрімізге белгілі. Елімізде жыл сайын жаңа бағдарламалармен, жаңа сұраныстар, ұсыныстар әрі тиімді операциялары бар мекеме салалары көбеюде. Әр мекеме өз клиенттеріне, өз салымшыларына, заңды тұлғалар мен жеке тұлғаларға тиімді мекемелік операцияларын ұсынуда. Сондай мекемелердің бірі Қалалық қаржы департаменті. Мекеме Қазақстандағы ірі мекемелердің қатарына кіреді және оның негізгі қызметі ақша айналымын қабылдау, банктік қор мен теңгеде әрі шетел валютасында берілетін түрлі несие беру шараларын ұсынады.

3.3.4 Өнімнің сипаттамасы

Бұл бағдарлама мекемелерге қойма жұмысына арналған. Бағдарламада мекемеде қойма жұмысын оңайлату, заңды және операциялық басқару бөлімдеріндегі қызметкерлерге арналған. Бағдарлама осы бөлімдердегі қызметкерлер жайлы толық мәліметті қамтиды.
Дипломдық жұмыс DELPHІ бағдарламасында құрылған. Мұнда біз DELPHІ бағдарламасының берілгендер қоры мен оның кең мүмкіндіктерімен танысамыз. Программа берілгендер қорын пайдалануды жай қолданушылар үшін де және қазіргі заман талабына сай жаңа берілгендер қорын пайдаланып өз жеке программаларын құру үшін де өте тиімді болып келеді. DELPHІ құрылымдық бағдарламаларды құру мүмкіндіктерін кеңінен ұсынады. Оның қатарына жаңа memo жолдарын өңдеу, индекстік файлдардың жаңа типтерін ұсыну, көпжақты желілік менюлерді құру, көптеген берілгендерді сұрыптау онда SQL тілінің кең мүмкіндіктері арқылы сорттау және көптеген қажетті мәліметтерді импорттау мен экспорттау мүмкіндіктерін ұсынады. Дипломдық бағдарлама DELPHІ6 бағдарламасында құрылған. Бұл бағдарлама қазіргі кездегі берілгендер қорын құруда өте ыңғайлы және тиімді бағдарламалық қор болып табылады.

3.3.6 Өндірістік жоспар

Комплексті техникалық құралдарға қажетті қаражат:
Компьютер бағасы - 120000 тенге
Принтердің бағасы -46000 тенге
CD-R дискісінің бағасы-150 теңге
Дискетаның құны -100 теңге.
Барлығы: 166250 т.
Өнімді өндіруде және оны сату процесін жүзеге асырған басқа ұйымдарға қажеттілік тумайды. Жоғарыда көрсетілген позициялар бойынша шығын -166250 т.