Жасына байланысты зейнетақы
Жоспар
1 Жасына байланысты зейнетақының түсінігі 3
2 Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары 5
3 Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу 6
4 Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табысты анықтау 7
Әдебиеттер 8
1 Жасына байланысты зейнетақының түсінігі
Жасына байланысты зейнетақы ретінде азаматтардың белгілі бір жасқа толған кезде және онда қажетті еңбек стажы болған жағдайда алатын зейнетақыны атайды. Еңбек зейнетақысын алуға құқық беретін жас және еңбек стажының ұзақтығы заңдарда анықталған.
2 Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде тағайындау жағдайлары
Орталықтан жасына байланысты зейнетақылар толық көлемде келесідей жасқа толған кезде және келесідей жағдайлар болған жағдайда тағайындалады:
3 Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін толық көлемінде есептеу орташа айлық кірістің 60 пайызы есебінен жүргізіледі.
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылады.
4 Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табысты анықтау
Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудің барлық түрлері және тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін өзге де табыстар енгізіледі.