Әкімшілік құқықтың қайнар көздері. Әкімшілік құқықтық нормалар және қатынастар
Жоспар
1 Қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құкықтық реттеудің механизмі 3
2 Әкімшілік-құқықтық қатынастар. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың мазмұны 6
3 Әкімшілік-құқықтык қатынастардың түрлері 9
Әдебиеттер 11
1 Қоғамдық қатынастарды әкімшілік-құкықтық реттеудің механизмі
Әкімшілік кұқық өзінін пәнінің шеңберінде ең алдымен атқарушы субъектілерін олардың конституциялық міндеттеріне толығьнан сәйкес етіп ұйымдастыру мен кызметіне, сондай-ақ реттелінетін баскарушылық қатынастарға баска катысушылардын мінез-кұлқына белгілі кұкықтық режим (тәртіп) орнатады. Қазакстан кұкығынын бұл саласынын атқаратын қызмет рөлінің негізгі көрінісі, оның реттеу функциясы осыған саяды.
Оған тағы бір басқа — тағайындалған кұкықтык режимді сақтауды да, реттелінетін баскарушылық қатынастар шеңберінде тараптардын занды құқықтары мен мүдделерін корғауды да камтамасыз ететін құкық қорғау (юрисдикция) функциясы косылады.
2 Әкімшілік-құқықтық қатынастар. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың мазмұны
Әкімшілік-құқыктық катынастар құкықтық катынастардың бір түрі болып табылады. Оларға қандай да болмасын кұкықтык қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда: құқықтық норманың біріншілігі, соның арқасында құкықтық қатынас тиісті кұкыктык норманың тиісті қоғамдық қатынасқа, оған зандык нысан беретін, ретгеушілік ыкпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-қимылдармн (мінез-құлықтарын) кұқыктық нормамен реттеу: құкықтык нормамен белгіленетін құкыктық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен қүқықтарын сәйкестендіру (корреспонденциялау) және с.с.
3 Әкімшілік-құқықтык қатынастардың түрлері
Әкімшілік-қүқықтық қатынастарды әртүрлі белгілері бойынша түрлеп топтастыруға болады. Бұлардың ішінде олардың қатысушыларының өзара қатынасының зандык сипаты бойынша топтарға бөлудің ерекше назар аударарлық маңызы бар. Осы белгіге сәйкес тіке және көлбеу кұкықтық катынастар бөлінеді. Тіке әкімшілік-кұқыктық катынастар әкімшілік-кұкықтык реттеудің және мемлекеттік басқару қызметіне тән баскарудың субъектісі мен объектісінің арасындағы бағыныстылык байланыстардың мәнін едәуір мол дәрежеде білдіреді. Бұл ылғи да биліктік катынастар деп аталатынның дәл өзі. Олар біріне-бірі бағынысты тараптардың арасында пайда болады, бұл азаматтық-құкыктык қатынастардан айыратын басты белгі, оларда тараптардьщ тепе-тендігі болмайтының дәлелдейді. Шын-дығында тіке қатынаста бір тараптың заңдык-биліктік өкілеттіктері болады, басқа тарапта олар болмайды, мысалы, азаматта, немесе олардың көлемі аз болады (мысалы, баскарудың төменгі органында).
Әдебиеттер
Негізгі әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 1995.
2. «ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексі. // 2001 жыл 30 қаңтар. Алматы: Жеті Жарғы, 2001.
3. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару» туралы Қазақстан Республикасының Заңы. 2001 жыл 29 қаңтар. № 148. // ҚР Парламентінің Жаршысы. – 2001. - № 3.
4. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 1996 жылғы 31 мамырдағы № 3-1 Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996. - № 8-9.
5. «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жыл 15 шілде. № 344. // ҚР Парламентінің Жаршысы. – 2002. - № 15.
6. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылдың 24 наурызындағы Заң. // Егемен Қазақстан. 1998, 28 наурыз.
7. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 1999 жыл 23 шілде. № 453. // ҚР Парламентінің Жаршысы. – 1999. - № 21.
8. Демин А.В. Нормативный договор как источник административного права. // Авторский указатель, 1998.- N 2 - с. 15.
Қосымша әдебиеттер
1. Административное право Республики Казахстан/ под ред. А.А.Таранова /. Алматы: ЖетіЖарғы, 2002.
2. Алехин А.П., Кармолицкий А.А., Козлов Ю.М., Административное право Российской Федерации. - М., Зерцало, Теис, 1996.
3. Овсянко Д.М. Административное право. Учебное пособие. - М., Манускрипт, 1998.
4. Коренев А. Б. Административное право России. ч.І. - М.: МЮН МВД России, 1996