Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 36 стр.

Полный просмотр работы

Инвестициялық саясат пен басқару

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Инвестициялық саясат пен басқарудың жалпы теориялық негіздері 5
1.1 Инвестициялық саясаттың мазмұны, инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі 5
1.2 Қазақстанда инвестияциялық саясаттың қалыптасуы 8
1.3 АҚШ - тағы инвестициялық саясатының тәжірибесі 13
2 Қазақстанның инвестициялық саясаты 17
2.1 Мемлекеттің инвестициялық заңнамалары 17
2.2 Кәсіпорындағы инвестициялық ахуалды талдау 20
2.3 Шығыс Қазақстан өңірінің инвестициялық саясатын бағалау 23
3 Инвестициялық саясатты жетілдіру мәселелері және оны шешу жолдары 26
3.1 Инвестициялық саясатты дамытудағы мәселелер 26
3.2 Инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары 27
Қорытынды 31
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 34
Қосымша 36

Кіріспе
Курстық жұмыстың актуалдығы. Қандай да болмасын мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуы - инвестициялық қатынастардың, жалпы инвестициялық процестің сапасымен анықталады. «Қазақстан - 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және ел - ауқатының артуы» стратегиясында деңгейі жоғары инвестиция мен ішкі қорларға сүйенген ашық экономика негізінде әлеуметтік-экономикалық өсудің дейекті де, ұл ғаймалы қарқынына жету еліміздің алдында тұрған ең басты басылымдықтардың бірі ретінде айқындалған.
Қазақстанның әлеуметтік, өндірістік потенциалын қалыптастыру, ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету, жалпы алда тұр ған әлеуметтік-экономикалық жоспарларды іске асыру инвестицияларсыз мүмкін емес. Сондықтан да, қазіргі кезенде инвестициялық процесті қай жағынан болмасын зерттеу, соның ішінде әлеуметтік салдарын талдау - өмірдің өзі талап етіп отырған заңды құбылыс.

Әрине, бұндай жағымды процесті біртіндеп, Қазақстанның ішкі мүмкіншіліктерін қоса отырып, дамыта түсу керек. Соңғы кезде ондай мүмкіндіктер пайда болуда. Дегенмен де ішкі қорлар, қаржылар әлі жеткіліксіз, сол себепті экономикамызға инвестицияларды тарту маңызды мәселе болып қала береді. Тек олардың қызметін заңдардың негізінде дұрыс реттеп, халқымыздың әл-аухатын көтерудегі ролін арттыра беруіміз қажет. Инвестициялар өндірістің экономикалық өсуіне ғана емес, әлеуметтік ортаға да ықпал ететінің ескере отырып, аймақтың, жергілікті билік пен басқару орындарының инвестициялық қызметті дамытуға байланысты мәселелерді шешудегі белсенділігін арттыра беру қажет.
Қурстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы инвестициялық саясаттың жергілікті мәселелерімен және оның басқарылуын теориялық жағынан зерттеп, ұғыну. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді қарастыру керек:
-инвестициялық саясаттың мазмұнын, инвестицияларды мемлекеттік басқарылу жүйесін қарастыру;
- Қазақстанда инвестициялық саясаттың қалыптасуын зерттеу;
- АҚШ-тағы инвестициялық саясаттың ерекшеліктерін қарастыру;
- Қазақстандағы инвестициялық заңнамаларын зерделеу;
- Қазақстан кәсіпорындарындағы инвестициялық ахуалды талдау;
- Шығыс Қазақстан өңірінің инвестициялық саясатын бағалау;
- Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдірудегі проблемаларын және оны шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмысты жазғанда авторлар: Нұрғалиев, Бердалиев, Осиповалар және газет - журнал материалдарын пайдаландым.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Инвестициялық саясат пен басқарудың жалпы теориялық негіздері
1.1 Инвестициялық саясаттың мазмұны, инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі
Инвестициялық саясат – инвестициялардың неғұрлым басым бағыттарын айқындайтын шаралар жүйесі: өндірісті, кәсіпкерлікті дамыту, пайда немесе басқа да түбегейлі нәтиже алу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің (кәсіпорынның, фирманың, компанияның, т.б.), аймақтық, елдің ішінде де, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де қаражат (инвестиция) салудың көлемін, құрылымы мен бағытын белгілейтін шаруашылық шешімдерінің жүйесі.
Инвестициялық бағдарламаларға сәйкес инвестициялық саясат мынадай жолдармен жүзеге асырылады мемлекеттік инвестицияларды тікелей басқару салық жеңілдіктерін беру демеу қаражат бюджеттік несие түрінде қаржылай көмек беру тиісті несие саясатын, баға белгіленімін амортизациялық саясат жүргізу нормалар мен стандарттардың қолданылуына, сондай-ақ, міндетті түрде сертификаттау ережесінің орындалуына бақылау жасау.

1.2 Қазақстанда инвестияциялық саясаттың қалыптасуы
Экономикалық жүйенің бір саласы ретіндегі инвестициялық процесс ішкі және сыртқы факторлардың күрделі өзара ықпалдастығы жағдайында жүреді. Өзінің ұзақтығы жөнінен инвестициялық процесс инвестициялық циклдың тууынан бастап, оның тиімділігінің алдын ала аталған көрсеткіштеріне жеткенге дейін созылады.
Инвестициялық қызмет – нәтижесіне көптеген факторлар әсер ететін күрделі, әрі уақыт пен кеңістікте үзіліссіз жүретін процесс. Сол себепті инвестициялық қызметті уақыттылық, функциялық және аумақтық бағыттағы жүйе ретінде қарастыру қажет.

1.3 АҚШ - тағы инвестициялық саясатының тәжірибесі
Капитал нарығы АҚШ-тағы капитализмнің өмір сүруін қамтамасыз етеді. Компаниялар өздерінің зауыттарын және ғимараттарын салуға, ұшақтарды, поездарды және кемелерді сатып алуға, телефон желілерін орнатуға тағы басқа түрлі жобаларға қаржы алу үшін осы нарықтың көмегіне сүйенеді және де басқа түрлі жобаларға қаржы алу үшін, атап айтқанда, зерттеулер мен дамыту жұмыстарын жүргізуге қажет қаржыны капитал нарығынан алады. Қаржының көп бөлігі зейнетақы қорларынан, сақтандыру компанияларынан, банктерден, басқа қорлардан және коллеждер мен университеттерден келеді. Сондай-ақ, жеке тұлғалардың да қаржылары көбейіп келеді.

2 Қазақстанның инвестициялық саясаты
2.1 Мемлекеттің инвестициялық заңнамалары
Қазақстан Республикасының инвестициялық заңдары өзінің қалыптасуы мен даму барысында төрт кезеңнен өтті.
Бірінші кезең - бұл ең әуелі инвестициялық заңдарды қалыптастыру кезеңі. Бұның негізі 1990 жылы 7 желтоқсанда Қазақ ССР-ның "Қазақ ССР-дегі шетелдік инвестициялар туралы" Заңының қабылдауымен қаланған.
Басты назар аударатын мәселе, бірінші кезеңде республиканың мұнай-газ саласын дамытуды құқықтық жағынан қамтамасыз ету. Сол кезеңдегі мұнай-газ саласын дамытудың басты міндеті - Қазақстанның мұнай-газ тәуелсізідігін қамтамасыз ету, мұнай мен газ өндіру көлемінің кеміп кетуіне жол бермеу болды.

2.2 Кәсіпорындағы инвестициялық ахуалды талдау
Қазақстан экономикасының түйіні - мұнайгаз кешені. Қазақстанның "Стратегия - 2030" бағдарламасында энергетикалық ресурстарға және оларды тиімді пайдалануға приоритеттік мән беріледі. Мұнай ұлттық министрлігі экономиканың болашақтағы дамуын анықтайды және анықтап береді. Қабылданған стратегияға сай мұнайгаз секторы елдің экономикалық өркендеуінің негізі болып жақын болашақтағы белсенді қызметіне ұйытқы болуы тиіс. Соңғы жылдары мұнайгаз кешені шетелдік компаниялардың қатысуымен сипатталуда, мұның өзі көмірсутектік ресурстарды қолдану стратегиясының жетілген технологиямен ұзақ мерзімдік инвестицияларды іске тарту, экспорттық құбырларды құру, энергетикалық инфрақұрылымды жасаумен жүзеге асырылуын бейнелейді.[8, 5]

2.3 Шығыс Қазақстан өңірінің инвестициялық саясатын бағалау
Шығыс Қазақстан - өндірістік потенциалы жағынан еліміздегі ең дамыған аймақтардың бірі. Жер асты қазбалары бойынша ол Ресей Федерациясының Урал өлкесімен тепе-тең дәрежеде. Бұл тұрғыдағы басты байлығы – көп кимпоненті полиметалдар кені. Облыс жерінің қойнауы олардан басқа олово, тантал, магний, никель және кобальт кендеріне тұнып тұр. Ал, көмірсутек түрлерінен таскөмір мен ыстық сланецтің, мұнайдың ірі қор орындары бар. Аймақта сондай-ақ цемент, шыны шлактарын, цеолит өндіруге қажетті шикізаттардың қомақты қорлары сақталған.
Облыста түсті металлургияның, машина жасаудың, тамақ өнеркәсібінің көптеген іргелі кәсіпорындары шоғырланған. Олардың әрбірінің өз өнімдерін тұтынушымен де, шикізаттарды, материалдарды, жинақтаушы детальдарды жеткізушімен де жағырапиялық іскер байланыстары берік әрі берекелі қалыптасып, нығайған.

3 Инвестициялық саясатты жетілдіру мәселелері және оны шешу жолдары
3.1 Инвестициялық саясатты дамытудағы мәселелер
Шетел инвесторларын Қазақстанға тартуда әртүрлі қиындықтар мен ғалымдардың қарама-қайшы пікірлері бола тұрса да, олардын түсетін пайда әрине көп, және де біздің әлеуметтік-экономикалық дамуымызға тиімді.
Дегенмен де бұл үрдістің кемшіліктері де жеткілікті.
Біріккен кәсіпорындарды (БК) құру құжаттарын дайындау кезеңіндегі және келіссөздер жүргізу барысындағы тәжірибенің жетіспеушілігі, шетел серіктерстерінің сенімділігі мен несиені өтеу қабілетін тексермеушілік, келісім-шарттарды жүргізіп, бекітудегі асығыстық көптеген шетелдік компаниялардың жобаларды қажетті түрде қаржыландыруды қамтамасыз ете алмауына әкелген.

3.2 Инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары
Мемелекет нарықтық процестің жағымсыз саладырын тежеп, экономикалық қиын-қыстау жағдайларда азаматтарды қамсыздандырып отыруға тиісті. Қазақстан экономикасында қалыптасқан шындықты ескере отырып, инвестициялық процесті дамыту стратегиясын жасау, оны іске асыру шаруашылықты инвестициялаудың нәтижесімен нығайтылып, баламалы институционалдық жүйені құру арқылы қамтамасыз етілетін әлеуметтік дамуды инвестициялау ісін бірінші кезекке шығару - осынау оң процеске септігін тизізуі мүмкін.

Қорытынды
Курстық жұмысты қорытындылай келе, төмендегідей тұжырымға келдім. Экономиканы тиімді басқару жүйеісіне шет елдердің капиталын саналы тарту жатады. өтпелі кезеңнің тарихи ерекшеліктерінің бірі - шетел инвестицияларын тарту мен пайдаланудың оњтайлы жолын табу болып табылады.
"Әрине кез келген стратегияның құндылығы түпкі ойда емес, сәтті жүзеге асырылуында" деген елбасы Н.Ә.Назарбаев. Ал біздің жағдайымызда сәттілік көбіне шетел инвестицияларын белсенді тарту мен инвесторға саяси кепілдер беруді болжайды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Америка экономикасының негіздері.- 2000.- 189 б
2.Бердалиев К.Б.Қазақстан экономикасын басқару негіздері.-Алматы:2001.-421 б.
3.Нұрғалиев К. Қазақстан экономикасы.-Аламы: 2002.-210 б.
4.Осипаов Г.М. Экономика теориясы.-Алматы:2001.-206 б
5.Назарбаев Н.Є. Инвестициялық тартымдылық – бәсекеге қабілеттілік қасиеті // Егемен қазақстан.-2006.-9 маусым.-1-2 б
6.Назарбаев Н.Є. Біз алға қарай - бірақ сарабдалдықпен жүретін боламыз //Егемен Қазақстан.-2006.-7 маусым.-1-2б.
7.Әміренов М. Өскеменде өткен өңірлік инвестициялық форум. Шығыс Қазақстанның экономикалық және негізгі қорларының қуатын паш етті //Дидар.-2005.-7 маусым.-1б
8.Жалғасбаева А. Мұнайгаз кешенінің инвестициялаудың негізгі ба ғыттары //Қазақстан жоғары мектебі.- 2004.-№2.-237 б
9.Жалғасбаева А. Қазақстан мұнай газ кешеніне инвестициялық ресурстарды тартудан тиімділікті экономикалық бағалау //Ізденіс.-2004.-№3.-28-34б
10.Жүнүсов Ж. Көптеген шаруашылық формаларын дамыту - экономикалық және әлеуметтік прогресстің маңызды шарты //Ізденіс.-2004.-№ 3.-9-12б
11.Мороз С. Қазіргі кездегі инвестициялар жағдайы //қазақстан жоғары мектебі.-2003.-№ 1.-161 -167 б
12.Шөптібаева Г. Инвестициялық процесс - әлеуметтік жүйе ретінде //Ізденіс.-2004.-№1.-160-164б
13. Өскенбаев Г. Инвестициялық қор //Егемен Қазақстан.-2005.-24 ақпан.-3б
14.Тілекқабыл С. Мұнай-газ саласындағы инвестициялардың игерілуі //Ақиқат.-2006.-№2?-35-36б
15.Түлеутаев М. Инвестиция игілігі //Қаржы - қаражат.-2005.-№2.-14-18б
16.Тастағанов М. Бай қуатты өмір сүруден басқа жол жоқ //Ертіс өңірі.-2005.-9 маусым.-5б.