Қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың есебі мен аудиті
Мазмұны
Кіріспе 3
1 ЕҢБЕК АҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ 5
1.1 Еңбек ақы есептеу түрлері мен жүйелері 5
1.2 Ұйымның өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама 10
1.3 Ұйымның есеп саясаты 14
2-бөлім. Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі 19
2.1 Жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақытының eceбi 19
2.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі 26
3 Еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті 38
3.1 Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері мен мақсаттары 38
3.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аудиті 44
3.3 Жұмысшы қызметкерлерге еңбек ақы төлеу бойынша еңбек ақы қорын талдау 49
Қорытынды 53
Қолданылған әдебиеттер тізімі 56
Кіріспе
Экономикалық нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйымның басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартына сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде ол шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.
Осы тақырыпты таңдап алудағы негізгі міндеттер:
- Еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып, жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
- Бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан жалақыны ұстап қалу;
- Ұйымның әрбір жұмысшысына жалақыны уақытылы және дұрыс есептеу:
- Белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
- Жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.
«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» заңының 5 –бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті-құқықтық актілермен реттеледі. Ал еңбекақы мөлшері «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 71 –бабына сәйкес ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен аз болмауы керек.
Бұл диплом жұмысының мақсаты – зерттеу объектісі ретінде алынған еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру жүйесін жан-жақты қарастырып талдап оны жетілдіру жолдарын және нарықтық талаптарға сай жағдайға әкелу бағыттарын зерделеу болып табылады.
1 ЕҢБЕК АҚЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 Еңбек ақы есептеу түрлері мен жүйелері
Еңбекке қарай бөлудің нақтылы нысандары еңбек ақы және жалақы арқылы жүзеге асады. Жалақы еңбекпен жасалған қажетті өнімнің негізгі бөлігі. Еңбек төлемінің әр алуан нысандарында және жүйелерінде есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібін қарастырсақ, олар мынандай жүйелерде болады.
Кесімді еңбек ақы - жұмысшы қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруде еңбек уақытын қысқарту мақсатында қолданылады.
Жеке кесімді еңбек ақы жүйесі. Мұндай жүйеде еңбек ақы әрбір жұмысшылардың нәтижелеріне байланысты. Оны белгіленген бағаны жұмысшының дайындаған бұйымдарының санына көбейту арқылы анықтайды.
1.2 Ұйымның өндірістік-экономикалық көрсеткіштеріне сипаттама
Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «САДУ» баспахана үйі Қазақстан Республикасының заңына сәйкестеліп құрылған, ұйымда қатысушының мүддесі мен мақсаты, өнім шығарудың сапасы мен табысына байланысты сәйкесті түрдегі баспахана қызметін көрсетеді.
Баспахана 1999 жыл ашылған. Серіктестіктің негізгі қызметтері:
Баспахана; редакция баспасы; жарнама ақпараттық қызметі; аудармашылық қызмет көрсету, жұмысты орындау.
Ішкі экономикалық қызметі Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ұйымдастырылған, Қазақстан Республикасының заңында тыйым салынбаған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
1.3 Ұйымның есеп саясаты
ЖШС «САДУ» баспаханасы заңды тұлға болып 1999 жылы 3 қарашада тіркелді және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына және өз жарғысына сәйкес жүзеге асырады. ЖШС өзінің қаржылық және өндірістік қызметін шаруашылық дербестік негізінде жүргізеді. ЖШС дербес балансы, есеп айырысу және банктік басқа да шоттары, атауы бар мөрі (қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі атауы) бар.
ЖШС «САДУ» баспаханасының қатысушылары болып:
Ұйымдастырушысы –Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқару бойынша мемлекеттік комитеті (мемлекеттік мүлік бойынша аумақтық комитет).
Қатысушылары – Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары, қазіргі заңнама мен нақты қаулысына сәйкес өзге елдің қатысушылары болып келеді.
2-бөлім. Жұмыскерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебі
2.1 Жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақытының eceбi
Еңбек өнімділігінің өсуіне және өнімнің өзіндік құнын төмендетіп оның сапасын арттыруға еңбек тәртібін нығайтуға еңбекақы есебі біршама септігін тигізеді. Кәсіпорынның шаруашылық қызметі процесінде қызметкерлер жұмысқа қабылданып және жұмыстан босатылып жатады, олардың саны өзгеріп отырады, жұмыс бабына қарай ауыстырулар болып тұрады. «САДУ» баспаханасында қызметкерлер құрамының есебін кадрлар бөлімі жүргізеді. Олар бүкіл кәсіпорындағы оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің саны мен өзгеру себептері, жынысы, жас мөлшері категориялары, кәсіптері, қызмет орындары, мамандықтары, біліктілігі, жұмыс стажы, білім және басқа белгілері бойынша қызметкерлер құрамы туралы деректер алуды қамтамасыз етеді. Кәсіпорындағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың тізімдегі саны деп аталады.
Жұмысқа қандай мерзімге қабылдағанына қарай қызметкерлер тұрақты, уақытша және маусымдық болып бөлінеді. Жұмыстың бітер мерзімі көрсетілмей қабылданғандар тұрақты қызметкерлерге екі ай мөлшерден белгілі бір мерзімге немесе белгісіз мерзімінен, бірақ екі айдан аспайтын уақытқа сондай-ақ (ауруына, бала тууға байланысты алған демалысқа орай) заңдарға сәйкес қызмет орны сақталатын жұмысы жоқ қызметкерлердің мерзімді жұмысқа қабылданғандар уақытша қызметкерлерге: маусымдық жұмыстар істеу кезінде қабылданғандар маусымдық қызметкерлерге жатады.
Қызметкерлердің өндірістік шаруашылық қызметке қатысуына қарай кәсіпорындағы қызметкерлер: өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Өндірістік қызметкерлерге негізінен өндірістік қызметпен шұғылданатын қызметкерлерді жатқызады. Өндірістік емес қызметкерлерге тұрғын үй коммуналдық шаруашылықпен шұғылданатын кәсіпорынға қатысты мәдени тұрмыстық және оқу орындарына еңбек ететін қызметкерлер көлік саудадағы тағы басқа қызметкерлерді жатқызады.
2.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі
Жұмыс берушінің актілері – жұмыс берушінің (жұмыс берушілер өкілінің) шығаратын актілері (бұйрықтары, өкімдері, нұсқаулықтары, ішкі еңбек тәртібінің ережелері).
Жеке еңбек шарты – қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасында жазбаша нысанда жасалатын екі жақты келісім ол бойынша қызметкер жұмыс берушінің актісін атқара отырып белгілі бір мамандық біліктілік немесе лауазым бойынша жұмысты орындауға міндеттенеді. Ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын және заңдар мен тараптардың келісіміне көзделген өзге де ақшалай төлемдері уақытында және толық көлемінде төлеуге еңбек туралы заңдар мен ұжымдық шартта көзделген еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге міндеттенеді.
Жеке еңбек шарты жазбаша нысанда жасалады. Кемінде екі дана етіп жасалады және оған екі жақтың тараптары қол қояды. Жеке еңбек шартының бір данасы тараптар қол қойғаннан кейін қызметкерге беріледі. Жеке еңбек шартын жасасу үшін жұмыс беруші қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды жеке басының куәлігін (төл құжатын) әлеуметтік жеке кодының берілгені туралы куәлікті, зейнетақы шартын, он алты жасқа толмаған адамдар үшін туу туралы куәлігін білім немесе кәсіби даярлығы туралы құжатты және заңдарда көзделген өзге де құжаттарды талап етуге құқылы. Жұмысқа жаңадан қабылдандарды «Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықпен» (№ е-1 үлгі) құжаттайды. Кадрлар бөлімінің қызметкері мұны барлық қызметкерлерге толтыртады. Кадрлар бөлімінің бастығы немесе жұмысқа қабылдауға жауапты адам бұрыштама қойған бұйрықтың жобасын қажетті жағдайларда, келіссөз жүргізуге жолдама және жұмыс жағдайларымен таныстыру үшін құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін рұқсат қағаз болып табылады. Құрылымдық бөлімше бастығы оны жұмысқа қабылдауға болатындығы туралы тұжырым жасайды, бұйрық жобасының сыртқы жағында жолданушы қандай разряд бойынша немесе қандай айлық жалақымен қандай жұмысқа қабылдануына болатындығы көрсетіледі. Осында сынақ мерзімінің ұзақтығы да көрсетіледі. Жұмысқа алу туралы бұйрықтың жобасында кәсіпкердің айлық жалақысы белгіленіп бос тұрған қызмет орнын және штат кестесі бойынша белгіленетін айлық ақыны растау үшін кәсіпорынның тиісті қызметкері бұрыштама қояды. Кадрлар бөлімі жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың негізінде жеке карточка толтырады, жұмысқа қабылданғаны туралы еңбек кітапшасын белгілейді, ал бухгалтерия дербес шот ашады немесе соған сәйкес құжат жасайды.
3 Еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті
3.1 Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері мен мақсаттары
Аудиторлық тексеру істердің мақсаты кәсіпорынның қаражаттық қызметі кезінде орын алатын заң ережелерін бұзушылықтар мен кемшіліктерді анықтауға ғана болмайды. Дәлірек айтқанда сол істер аудиторлық басты міндетті болмайды, оның негізгі мақсаты бухгалтерлік есептердің дұрыс жүргізілуінің берілетін есептерде кәсіпорын қызметінің нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштердің дұрыс, дәлме –дәл берілуінің сол сәтте орын алған жағдайларды талдаудың және кәсіпорынның болашақтағы қаржылық жағдайын болжаудың дұрыстығын анықтау болып табылады.
Сонымен аудиторлар негізінен адвокаттар, яғни фирманың меншік иелерінің мүдделерін қорғаушылары, олардың дәрісшілері болып табылады. Аудиторлар жүргізетін тексерістер кәсіпорынның шығынға ұшырауына жол бермеуге оларға өздерінің иелігіндегі қаржылық және басқа да ресурстарын тиімді түрде пайдалануға көмектесуге өндірістен тыс шығындардың орнын алуына жол бермеуге бағытталған. Тек қана бухгалтерлік есептерді дұрыс жүргізгенде оның есептерінде жүзеге асырылатын шаруашылық операцияларын уақытылы және ақиқатты, дәлме-дәл көрсеткенде, есептік мәліметтермен есеп беру құжаттарының бір-біріне сәйкес болғанында еңбек ақы бойынша есеп айырысуды дұрыс жүргізгенде ғана бухгалтерлік баланс толығымен және оның жеке баптары бойынша нақтылығы және ақиқаттылығы қамтамасыз етілетін болады. Ал дұрыс есеппен бухгалтерлік баланс болмаған жағдайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына дәлме-дәл келетін талдау жасау мүмкін емес сол себепті кәсіпорын өзінің болашақтағы туралы болжам жасай алмайды.
3.2 Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аудиті
Дұрыс есептеудің салықтарды толығымен және уақытында төлеудің мәселелерін тексеріс жүргізе отырып осы саладағы ережелерді бұзу фактілері анықтай отырып аудиторлар салық төлеушілерден салық заңдарының талаптарын және салық салу мәселесі жөніндегі өз күшіндегі нұсқалардың талаптарын бұзу салдарларын уақытында түзетуге көмектеседі сол арқыл кәсіпорындар салық органдары тарапынан болатын қатаң қаражатын жазадан құтқарып қалады.
Көп жағдайда салық салу саласына қатысты ереже бұзушылықтар шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлерінің және басқа да қызметкерлерінің салық заңдарының өз күшіндегі ережелерін білмеуінен немесе сол ережелерді дұрыс түсінбеуінен болады. Алайда, заңды білмеу сол заңды бұзушылыққа байланысты жауапкершіліктен босатпайды. Сол себепті жиі-жиі аудиторларға сұраныс жасау және оның тарапынан салық салу мәселелері дәрістерін алу кәсіпорынға тек қана пайда әкеледі.
Қорытынды
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттер, алдына қойған мақсат бұл - әлеуметтік бағыттағы жоғары тиімді экономиканы қалыптастыру, әлемдік кеңістікте өз орнын табу, экономикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету, халық шаруашылығы құрылымында жоғары технологияны пайдалану болып табылады. Міне, осыған жетуіміз үшін, халықтың тұрмыс дәрежесін көтеруіміз қажет, түрлі меншік иелеріне жол ашып, нарық орталықтарында тиімді заңға негізделген іскерлікке қол жеткізуіміз керек. Сондай-ақ жоғары дәрежелі еңбек өнімділігіне жетуіміз қажет.
Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық субъектінің жұмысын жетілдіру және бақылау үшін бухгалтерлік есепті және аудитті белсенді пайдалану қажеттілігі артып отырғаны белгілі. Демек, бухгалтерлік есеп және аудит шаруашылық қызметі сипаттап қана қоймай, оның дамуына септігін тигізеді. Сондай ақ қазіргі нарықтық экономика кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кезеңдегіден болмасын күрделі болып отыр. Өйткені, қазір де қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс жабдықтарына түрлі меншіктер мен қатар кооперативтер орын алуда және олардың дамуына Қазақстан Республикасының меншік туралы заңдары арқылы кең өріс ашылуда. Осыған орай қазіргі нарықтық экономика кезеңіндегі шаруашылық субъектілер арасындағы экономикалық және қаржылық қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр.