Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Сирек заттар

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 66 стр.

Год: 2005

Полный просмотр работы

Ресейдің қара металлургиясының даму ерекшеліктері


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І Тарау. Ресейдің металлургиялық кешеніне жалпы сипаттама 5
1.1 Металлургиялық өнеркәсіптің Ресей экономикасындағы ролі 5
1.2 Ресей металлургиясының 2010 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары 19
1.3 Ресейдің әлемдік рынокқа енуінің тиімді жолдары 27
ІІ Тарау. Ресейдің қара металлургиясының даму ерекшеліктері 37
2.1 ТМД елдерінде қара металлургия мен болат рыногының даму тенденциялары 37
2.2 Қара металлургия өнімдерінің негізгі экспортер – кәсіпорындарына шолу 50
2.3 Ресейдің қара металлургиясының экономикалық көрсеткіштерінің өзгеру тенденциялары 54

КІРІСПЕ
Дипломдық бітіру жұмысының өзектілігі.
Кешенді базалық салалар болып табылатын қара және түсті металлургияны әдетте біртұтас металлургиялық цикл ретінде қарастырады, себебі ортақ сипаттамалары көп. Алайда шаруашылықта пайдаланылатын металдың басым бөлігі (90 %) қара металдар – ең алдымен болат.
Қара металлургия – ең алдымен ҒТП деңгейін анықтайтын машина жасау үшін ең массалық конструкциялық материал, өнеркәсіп үшін шикізат, халық тұтынатын материал өндіретін кешенді базалық сала.

І Тарау. Ресейдің металлургиялық кешеніне жалпы сипаттама
1.1 Металлургиялық өнеркәсіптің Ресей экономикасындағы ролі
Металлургия ауыр өнеркәсіпке жататын индустрияның базалық және ескіден келе жатқан салаларының бірі. Қара және түсті металдарды алу түрлі кен орындарына байланысты қуатты шикізат базасына сүйенеді.
Қара және түсті металлургияның көптеген ұқсастықтары бар:
1) технологиялық циклдары көп стадиялы: кенді өндіру; 1-ретті металл алу; металды қайта өңдеу; прокат даярлау болып табылады.
2) қара және түсті металдарды өндіру, байыту және әсіресе металл балқытуға байланысты туындайтын экологиялық проблемалар;
3) 2-ші реттік металлургияның, яғни қара және түсті металдар ломының (сынықтарының) утилизациясының орны ерекше, бұл 1-ші реттік металға қарағанда шығын мен қоршаған ортаны ластаудың кем болуына септігін тигізеді.
Қара металлургия – ауыр өнеркәсіптің базалық саласы. Оның құрамына темір рудасын өндіру, шойын мен болат балқыту, түрлі профильдегі прокат пен темірдің өзге металдармен қорытпасын өндіру кіреді /1/.
Ресей қара металлургияға қажетті шикізатпен қамтамасыз етілген (Украина, Қазақтан және Грузияда өндірілетін марганец рудаларынан басқа). Темір рудаларының өндірісі Курск магнит аномалиясы – КМА (бүкіл ТМД елдеріндегі темір рудаларының 40 %-ы), Орал (Качканар т.б.), Каралия (Костомукшкое), Кола түбегі (Оленегорск, Ковдорскоу), Сібір (Таулы Шория, Абакан, Ангаро-Питск, Ангаро-Илинск, Коршуновск кен орындары) және Қиыр Шығыс (Кимканское) кен орындарында жүргізіледі.

1.2 Ресей металлургиясының 2010 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттары
1999-2001 жылдардағы кезеңде өндірістің біршама ілгерілеуімен байланысты Ресей экономикасының барлық дерлік металл тұтынушы секторларында ішкі рынок сыйымдылығы айтарлықтай кеңейді. Осылайша, 2001ж қара металдар прокатының ішкі тұтынылуы 1998 жылғы көрсеткішті 50%-ке басып озып, шамамен 23 млн тонна құрады.
Негізгі түсті металдарға деген сұраныс 1999 –2001 жж. жылына 15-25% қарқындылықпен ұлғайды. Түсті металдардың негізгі бөлігі ішкі рынокта транспорттық машина жасауда тұтынылады (түрлі металдардың 30-дан 50%-дейін) және одан кейінгі де үлестің ұлғаюы құрылыста қолдану (10-15%-дан 20-40%-ға дейін ) мен қорғаныс өнеркәсібі есебінен болуы мүмкін /9/.
Сыртқы рыноктардағы шектеулерді ескерсек, Ресей металлургиясының 2010 жылға дейін даму перспективасы, ең алдымен оның өніміне деген сұраныстың ішкі рынокта ұлғаюымен байланысты болмақ. Бүгінгі таңда Ресей қара металдар өнімдерінің жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша негізгі өнеркәсіптік дамыған елдерден артта келеді, яғни 2001 жылы бұл көрсеткіш 154 кг/ад құраған. Ал Жапония, АҚШ, Европада – 350-550кг/ад.

1.3 Ресейдің әлемдік рынокқа енуінің тиімді жолдары
Қазіргі кезде Ресей Федерациясында алдыңғы орынға ұлттық экономика құрылымындағы деформацияларды жою, ғылымды көп қажет ететін өнім мен жоғары деңгейлі өңдеу өнімдерінің өндірісін өсіру, кеңейтілген өндіріс негізін құрайтын салалардың дамуы, аса дағдарыстағы аймақтардың экономикалық дамуы және жұмыспен қамтамасыз етілу мен тіршілік етуді қамтамасыз етумен (ең адымен, бұл қиыр солтүстік аудандары) байланысты мәселелер қойылуда.
Ғаламдық рынокқа ену үшін Ресей жеке бизнеспен қарым-қатынас жасай отырып, міндеттердің екі негізгі тобын шешуі қажет:

ІІ Тарау. Ресейдің қара металлургиясының даму ерекшеліктері
2.1 ТМД елдерінде қара металлургия мен болат рыногының даму тенденциялары
ТМД елдерінің қара металлургиясы дәстүрлі түрде өндірістің жоғары дәрежелі шоғырлануымен сипатталады. Осы жағдай белгілі бір дәрежеде ТМД елдеріндегі өнім өндірісінің құрылымын негіздеді.
ТМД елдеріндегі қара металлургияның негізгі өнімдерінің өндіріс көлемінің сипаттамасы 3 кестеде келтірілген.
Болат өндірісі ТМД-ң 8 елінде жүзеге асуда. Бұл өндірістің даму көлемі жайында болат балқытудың адам басына шаққандағы көрсеткіші бойынша сипаттама беруге болады. 1990 ж. ТМД елдері бойынша орта есеппен бұл көрсеткіш жалпы дүниежүзілік көрсеткіштен 3,6 есе жоғары болған. Оның үстіне жекелеген республикаларда бұл көрсеткіш 20 есе айырмашылықта болды. Өзбекстандағы 49 кг/ад. көрсеткішінен Украинадағы 1015 кг/ад. көрсеткішіне дейін. Адам басына шаққанда болат балқыту деңгейі бойынша 1990 ж. Украина Жапонияны да басып озған (893 кг/ад).

2.3 Ресейдің қара металлургиясының экономикалық көрсеткіштерінің өзгеру тенденциялары
Көптеген жылдар бойы авторлар Ресейдің қара металлургиясының экономикалық көрсеткіштерінің өзгеру тенденцияларын қарастырды. Бұл зерттеулердің негізгі мазмұны төмендегідей болды:
1. Жекелеген факторлардың жағымсыз әсерін жою немесе орнын толтыру шараларын құру мақсатында қара металлургияның техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің динамикасын зерттеу мен факторлық талдау;
2. Саланың реструктуризациясы бағдарламасына ұсыныстар құру мақсатында, атап айтқанда, шектен тыс және тиімсіз өндірістік қуаттылықтарды жою мақсатында, металлургиялық кәсіпорындардың түрлі топтарының техникалық – экономикалық денгейін бағалау;
3. Отандық металл өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау үшін бастапқы мәліметтерді анықтау.
Төменде Седых А.М., Юзов О.В., Афонин С.З. сияқты авторлардың зерттеулерінің негізгі нәтижелері келтірілген.
Өнім өндірісінің көлеміндегі өзгеріс сипаты турғысынан Ресейдің қара металлургиясының бүкіл постсоветтік даму кезеңін ірі үш кезеңге бөлуге болады.