Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Заңтану

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 60 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

ҚР Президенті және билікті бөлу қағидалары


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Президенттік басқару жүйесінің саяси және құқықтық ой
тарихында бағалану ерекшелігі 10
2 Қазақстанда президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы және дамуы 12
2.1 Қазақстанда президенттік басқару жүйесінің орнығуының тарихи-құқықтық алғышарттары 12
2.2 Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуының кезеңдері 13
2.3 Президент – саяси тұрақтылық пен мемлекеттік тұтастық кепілі 19
3 Қазақстан Республикасы Президентінің билікті бөлу жүйесіндегі орны мен ролі 21
3.1 Қазақстанда билікті бөлу жүйесінің дамуы 21
3.2 Президент және заң шығару билігі 29
3.3 Президент және атқарушы биліктің ара қатынасы 36
3.4 Президент және сот билігі 49
3.5 Президенттік басқару жүйесін жетілдіру жолдары 55
Қорытынды 57

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 59

Кіріспе
Мемлекет басшысы лауазымы басқару формаларының барлығына тән құбылыс. Монархиялық мемлекеттерде бұл-монарх, республикада-президент. Мемлекет конституциялық тәртіпті, билік механизмінің тұрақтылығын халықаралық қатынастардағы жоғары деңгейдегі өкілдікті қамтамасыз ететін лауазымды тұлғаның болуын талап етеді.
Мемлекет басшысы, әдетте, заң шығарушылық, атқарушылық және сот биліктері қатынастары аясындағы кең құзіреттерге ие болып, халықтың ресми өкілі мен мемлекет символы болып табылады. Сонымен бірге мемлекет басшысы мемлекеттік билікті нығайтып, конституциялық жолмен мемлекеттік билік органдары арасындағы даулар мен дағдарыстарды шешуді қамтамасыз етеді.

1 Президенттік басқару жүйесінің саяси және құқықтық ой
тарихында бағалану ерекшелігі
Президенттік басқару жүйесінің саяси және құқықтық ой тарихында бағалану ерекшелігі» атты бірінші бөлім екі бөлімшеден түрады. Бірінші бөлімше «Президенттік басқару туралы саяси және құқықтық ойлардың пайда болуы мен дамуы» деп аталады. Президенттік басқару жүйесі туралы саяси-құқықтық ойлар АҚШ-та тәуелсіздік үшін күрес кезеңдерінде өмірге келіп, қалыптасты. Бұл кезеңдегі Президенттік басқару туралы көзқарастар қазіргі кезеңдегі біздің түсінігіміздегі, оның классикалық ұғьмын өмірге әкелген болатын. Президенттік жүйе американдық саяси-құқықтық ойда негізінен тәуелсіз жаңа мемекеттің нысанын іздеудің нәтижесі ретінде туындады.

2 Қазақстанда президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы және дамуы

2.1 Қазақстанда президенттік басқару жүйесінің орнығуының тарихи-құқықтық алғышарттары
Президент институтын Қазақстанда енгізудің елімізде тарихи-құқықтық алғышарттары қалыптасқн болатын. Оған қазақстандық XXғасырдың басындағы ұлттық зиялы қауымның саяси-құқықтық қызметі ерекше ықпал етті. 1916-1917 жылдары Ресейлік дағдарыс кезінде тұңғышрет қазақ интеллигенциясы ұлттық ұйым, партия, мемлекеттік құруға әрекет жасады. Бұл «Алаш» қозғалысынан және осы аттас партияның құрылуынан айқын көрінді. Ұлттық либералдық инстеллигенцияны біріктірудің бастамашылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Жанша және Халел Досмұхамедовтер, Х. Ғаббасов, М. Тынышпаев, Ә. Ермеков тағы басқалар болды.

2.2 Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуы мен дамуының кезеңдері

Барлық елдер үшін ортақ, үлгілі конституция жасауға болмайтыны сияқты, президенттікң институттың да барлығына ортақ жалпы нысан болмайды. Әрбір мемлекет басшысының іс-әрекеті оның конституциялық-құқықтық мәртебесімен ғана емес, сондай-ақ жеке басының қасиеттерімен айқындалады. Мысалы, Франциядағы Президенттік Республиканың дамуында Президент Миттеранның Президент де Гольден ерекшелігі болды, француз мемлекетін басқару ісіне Жак Ширак та өзіндік үлес қосып отыр. АҚШ-тың қырық үш президенті басқарған жылдарында президенттік басқаруда елеулі айырмашылықтар болды. Басқарудың президенттік нысанының қалыптасуы және дамуында біздің елімізде Қазақстан Республикасының бірінші президенті Н. Ә. Назарбаев айрықша рөл атқарады.
Мемлекеттің және атқарушы биліктің басшысы ретінде Президент лауазымы бірінші рет Америка Құрама Штаттарында пайда болды. Қазіргі кезде көптеген елдерде ел Президенті қызметі орнықтырылды. Президенттік қазіргі таңда Еуропаның, Азияның, Африканың, Американың көптеген елдерінің саяси жүйесінің элементі болып табылады [12, 101 б.].

2.3 Президент – саяси тұрақтылық пен мемлекеттік тұтастық кепілі

Қазақстанда және басқа да ТМД еддерінде Президенттік институттың енгізілуі өтпелі кезеңнің ішкі және сыртқы жағдаяттарынан туындаған. Әлемдік тәжірибе көрсеткеніңдей, бұл институт көптеген елдерде дағдарысты жағдайлардан сенімді түрде шығу үшін пайдаланылды, ал ТМД елдерінде бүған қоса егемендікті нығайту, кеңестік жүйені, партиялық өктемдікті жою үшін таңдап алынды.

3. Қазақстан Республикасы Президентінің билікті бөлу жүйесіндегі орны мен ролі
3.1 Қазақстанда билікті бөлу жүйесінің дамуы

Биліктің абсолютті бөлінуі мүмкін емес. Егер мемлекеттік билік қатаң бөліну жолымен жүрер болса, онда оның билік тармақтарының арасында қажетті өзара байланыс болмайды да біртұтас ағза ретінде мемлекеттік биліктің қызмет етуі процессі бұзылады. Осыған байланысты посткеңестік мемлекеттер жағдайында биліктің тармақтарын жақындастыру механизмдерін жасау айрықша көкейтесті. Бұл бағытта мемлекет басшысына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Егер шетелдік тәжірибеге сүйенер болсақ, заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының іс-әрекетінің үйлесімдігі, биліктің «икемді» бөлінуі – басқарудың парламенттік нысанын таңдаған елдерде тиімді жүзеге асырылып отыратынын көреміз.

3.2 Президент және заң шығару билігі
Парламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. ҚР Парламенті Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жалпы-мемлекеттік өкілдік мекеме. Қазақстандық парламент-жалпыхалықтық өкілді орган, сондықтан да болар республиканың бүкіл жұртшылығының еркін, мүжжесін, мемлекетіміздің тәуелсіздігін, ұлттардың ой-пікірлерін іс жүзіне асыруға күш-жігерін салатыны. Парламенттің өкілдік мәні ең алдымен оның Палаталарын қалыптастыру тәртібімен анықталады.

3.3 Президент және атқарушы биліктің ара қатынасы
Қазақстан Республикасында атқару билігі Үкіметке берілген. Үкімет ағымдағы баскаруды жүзеге асыратын негізгі органның бірі болып табылады. Президент пен Үкіметтің ортасында да өзара ықпалдаса жұмыс атқару басшылыққа алынып жүзеге асуда. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметке байланысты көптеген өкілетгіктерді иеленеді. Мәселен, Қазақстан Республикасының Президенті:

3.4 Президент және сот билігі
«Сот билігі-мемлекеттік биліктің ерекше тәуелсіз тармағы, ол құқық туралы таластарды алқалық негізде қарауға және шешуге тиісті орган. Билікті бөлу механизміндегі сот билігінің ролі конституциялық заңдылық пен құқық шеңберінде басқа екі билікті тежемелеп, ең алдымен биліктің осы тармақтарына конституциялық қадағалау мен сот бақылауын жүзеге асыру» [13, 17 б.]. Шын мәнінде сот билігі мен басқа билік тармақтарының арасындағы байланыс қай қоғамда болмасын, күрделі байланыстардың қатарына жатады. Сот билігіне Қазақстан жағдайында мемлекеттік пәрменді жүзеге асырудағы даулы мәселелерді шешу өкілеттігі берілген. Сондықтан да, бұл еліміздегі соттарға үлкен жауапкершілік жүктейтіндігі белгілі.

3.5 Президенттік басқару жүйесін жетілдіру жолдары
Жоғарыда айтып өткеніміздей, Президенттік институтының Қазақстандағы қалыптасуы республикада терең дағдарыс жағдайында өтті. Әсіресе, экономикалық салада айқын көрініс тапты. Дәстүрлі экономикалық байланыстардың бұзылуы жоспарлы экономиканың ыдырауы тұрғындардың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуіне әкеп соқты. Этникааралық және конфессияаралық қатынастар мемлекет тарапынан назарды талап етті.
Бұрынғы мемлекеттік басқару жаңа қазақстандық болмыста алдына қойылған мақсаттарды жүзеге асыра алмады. Саяси жағдай мемлекеттік биліктің белсенді құрылымының құрылуын талап етті [4].

Қорытынды
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында төмендегідей байлам-тұжырымдар мен қорытындыларға қол жеткізілді:
Президенттік басқару жүйесінің қалыптасуында, Еуропалық ойшылдардың саяси көзқарастары ерекше ықпал етті. Осындай бағыттағы пікірлермен қаруланған американдық саяси-құқықтық ой өкілдері, Президенттік басқару жүйесін американдық шындық ретінде орнықтырып, оның өзіндік үлгісін жасауға ат салысты. Әлемдік тәжірибедегі Президенттік басқару жүйесі туралы теориялық бастаулар өзінің қайнар көзін американдық саяси-құқықтық ойдан тартады. Американдық ойшылдардың басты еңбегі де Президенттік басқару жүйесінің эталондық негізін жасауында деп санаймыз.