ҚР-ның Конституциялық кеңесінің конституциялық-құқықтық мәртебесі
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Қазақстан Республикасында Конституциялық бақылау институтының қалыптасуы 10
2 Конституциялық Кеңестің құрылымы мен мәртебесі 19
2.1 Конституциялық Кеңестің құзіреті 19
2.2 Конституциялық Кеңестің және оның мүшелерінің құқықтық мәртебесі 33
3 Конституциялық іс-жүргізу 40
3.1 Конституциялық іс-жүргізу түсінігі 40
3.2 Конституциялық Кеңес шешімдерінің түрлері және заңдық күші 48
3.3 Конституциялық кеңес актілері 53
3.4 Конституциялық Кеңестің апаратының қызметі және оның құқықтық реттелуі 57
Қорытынды 64
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 66
Кіріспе
Жұмыс тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттік құрылым және оның басқару проблемасы да өркениет жолындағы мәңгілік шешуін іздеп, кейде эволюциялық даму, кейде революциялық төңкерістерге ұшырап жүрген, үнемі ерекше зерттеуді қажет ететін аса бір күрделі құбылыс. Қоғам қандай құбылмалы болса, мемлекеттік құрылым да сондай. Мәңгілік еш нәрсе жоқ. Мемлекеттің қалыптылығы – оның әл ауқатына, күшіне, қоғамдық «денсаулығына», халықтың көңіл-күйіне және басқару ісіндегі сонылыққа, біліктілікке, билік дәрежесіне де байланысты. Мемлекеттік құрылымды басқару жүйесінің дүниежүзілік өркениетті үлесі мен мақсаты – демократиялық мемлекет құру, құқықтық қоғамда өмір сүру. Сірә, мемлекеттер тарихына қарағанда азамат зиялылықты, ізгілікті бекер көксеп, мақсат тұтпаған болар. Өйткені, мұндай мемлекеттер тек идея түрінде емес, кәдімгі құрылым түрінде табиғатта өмір сүргені тарихи деректерден белгілі.
1 Қазақстан Республикасында Конституциялық бақылау институтының қалыптасуы
Қазақстанның 1993 жылғы Конституциясы Конституцияны сотпен қорғаудың ең жоғары органы - Конституциялық Сотты құра отырып, қазақстандық конституционализмнің қалыптасуына елеулі өзгерістерді енгізуіне қарамастан, бұрынғы сот жүйесін, прокуратура мен тергеу органдарының жағдайын қатырып тастағандай болды. Бұрын олар үшін партияның директивалары Конституция мен заңдардан жоғары болып еді.
2 Конституциялық Кеңестің құрылымы мен мәртебесі
2.1 Конституциялық Кеңестің құзыреті
Қазақстан Республикасы Конституциясы – демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік-құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән:
2.2 Конституциялық Кеңестің және оның мүшелерінің құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясында Конституциялық кеңеске арналған бөлім бар. Конституциялық кеңестің негізгі көздейтіні Конституцияны қорғау.
Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығы осы органның нені көздейтінін айқын да дәл бейнелейді. Онда Конституциялық кеңестің мемлекеттік орган ретінде Республика Конституциясының Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында үстемдік етуін қамтамасыз ететіндігі айтылған.
3 Конституциялық іс жүргізу
3.1 Конституциялық іс жүргізу түсінігі
Конституциялық Кеңестің құзыретіне жататын мәселелер бойынша іс қарау мен шешімдер қабылдау Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгіленген конституциялық іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылады [26].
Жоғарыда айтылып кеткендей Конституциялық Кеңес Сот органы емес. Ол Конституцияның үстемдігін сот әдістерімен қамтамасыз етпейтін мемлекеттік орган болып табылады. Конституциялық Кеңес өз құзіретін конституциялық іс жүргізумен жүзеге асырады. Бірақ ол сот ісін жүргізу емес, Конституциялық Кеңестің мемлекеттік органдар жүйесіндегі өзіндік ерекшелігін бейнелейтін өзіндік қыры бар мемлекеттік іс жүргізу. Конституциялық Кеңес мемлекеттік механизмнің бір бөлігі бола тұрып, мемлекеттік биліктің бірде-бір тармағына жатпайды. Ол тіпті билік тармақтарының бірде - біріне жуыспайды. Осының бәрі Конституциялық іс жүргізудің өзіндік қырын көрсетеді. Өтініш бойынша конституциялық іс қозғайтын субъектілер ауқымы шектеулі. Ол субъектілер конституциялық іс жүргізуге қатысушылар болып табылады. Оған Президент, Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, парламент депутаттарының кем дегенде бестен бірі, Премьер-Министр, Республика соттары, мемлекеттік органдар және актілердің конституциялығы тексерілетін лауазымды адамдар жатады.
3.3 Конституциялық Кеңестің актілері
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құқықтың қайнар көздерінің бірі Конституциялық Кеңес нормалары болып табылады. Конституциялық нормаларға сәйкес көрсетілген актілер қолданылатын құқыққа қатысады.
«Нормалардың құқықтық актілері» заңды біршама нормалы құқықтық қайнар көздері иерархиясынан тыс болды. Қазақстан Республикасының құқықтық тарихында Конституциялық Кеңес нормативтік актілері құқықтың қайнар көзі жүйесімен қалыптаспаған [18, 312б].
3.4 Конституциялық Кеңестің апаратының қызметі және оның құқықтық реттелуі
Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Аппараты Конституциялық Кеңестің қызметін қамтамасыз ету және оның өкілеттігін жүзеге асыру үшін арналған. Ереже Аппараттың мәртебесін, міндеттері мен құрылымын айқындайды.
Аппарат қызметінің құқықтық негізін мыналар құрайды: Қазақстан Республикасының Конституциясы; «Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заң; «Мемлекеттік қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары; Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген, Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі; «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының Тізілімін санаттар бойынша бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы; Конституциялық Кеңестің Регламенті және өзге де нормативтік-құқықтық актілер [5, 301б].
Қорытынды
Конституция - әлемдік өркениеттің қол жеткізген тамаша жетістігі. Себебі, қазіргі дамыған азаматтық қоғамның негізгі құндылықтары - әлеуметке (қоғамға) бағытталған экономика және мемлекеттік билік, бостандық және демократия, әділдік және гуманизм, тұлғаның жан-жақты қорғалуы және теңдік, - қоғам дамуының аталмыш сипаттамалары Конституцияда орын алған қазіргі мемлекеттердің басым көпшілігі осы конституциялық дәстүрлерге бас иеді. Алайда «Конституция» атаулы құжаттардың барлығын оның затына сай деп айту қиын.