Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 60 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының көркемдік дәрежесі


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
1 М.Мақатаев шығармашылығы - қазақ поэзиясының шыңы 7
1.1 Өзіңсің поэзия пайғамбары 7
1.2 Мұқағали өлеңдеріндегі ұлттық ерекшеліктердің көрінісі 9
1.3 Мұқағали жырларының танымдық, тағылымдық маңызы 13
1.4 Мақатаев шығармаларындағы фразеологизмдердің қолданылуы 15
1.5 Ақиық ақынның "Райымбек, Райымбек" поэмасы 17
2 М. Мақатаев поэзиясындағы лиризм 21
2.1 Мұқағалидің мұңлы лирикасы 21
2.2 "Аққулар ұйықтағанда" поэмасының көркемдігі 23
2.3 Мұқағали жырлаған табиғат 25
3 Қазақ ақындары поэзиясындағы сезім көкжиегі 30
3.1 Қ. Мырзалы шығармашылығындағы лиризм 30
3.2 Қазақ поэзиясының аққуы 33
3.3 Фариза Оңғарсынованың поэмалары 41
Қорытынды 57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 60

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Қазақ ақындарының поэзиясының кеңістігі сан - салалы. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ поэзиясында жаңа серпін болды. Поэзияда ақындар әртүрлі тақырыпта қалам тербеп, ұлттық қасиет пен болмысты танытатын жырларды туғызды. Поэзия әлемінде бірте қалам тербеген ақындар арасында өзіндік қолтаңбасымен жарқырай көзге түскен М.Мақатаев пен қазақ поэзиясы аққуына айналған Фариза Оңғарсынова мен Қадыр Мырзалының орны ерекше. Ақындар поэзиясы ұлттық болмысты танытуда көркемдік нақышымен, мазмұн тереңдігімен, қазақи ұғым мен ырымды өлең жолдарында шебер қолдана білген. Сондықтан да ақындар поэзиясының ұлттық идеясын, болмыс - бітімін танытатын тұнық лирикадан құрылған жырлар зерттеу жұмысының өзектілігін танытты.

1 М.Мақатаев шығармашылығы - қазақ поэзиясының шыңы
1.1 Өзіңсің поэзия пайғамбары
Әлем - дархан, саялаңдар,
Бәріңе де орын бар,
Қорған емес, салтанатты
Сәнді сарай соғыңдар.
Ей адамдар, сендер тату,
Сендер тату болыңдар! –
деп жырлап өткен ақын Мұқағали Мақатаев 1931 жылдың ақпан айының тоғызыншы жұлдызында Алматы облысының Нарынқол ауданындағы "Қарасаз" деген жерде (қазіргі Энгельс атындағы колхоз) дүниеге келген. Тума дарын Мұқағалидың өмір мектебі Қарасазда басталады. Сабақты жақсы оқыған Мұқағали ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, совет қызметтерінде болған. Әкесі Сүлеймен қария сол өңірдегі тұңғыш колхоз ұйымдастырушысы болған. Сұрапыл соғысқа өз тілегімен аттанып, Калининград майданында ерлікпен қаза тапқан. Ақын негізінен балалық шағынан-ақ ерте есейді. Үш ұлмен қалған анасы Нағимаға ұлдарын өсіру оңайға түскен жоқ.

1.2 Мұқағали өлеңдеріндегі ұлттық ерекшеліктердің көрінісі
Ақиық ақын М.Мақатаевтың "Жырлайды жүрек" деп аталатын жинағында ұлттық ерекшеліктерге байланысты жыр жолдары жиі кездеседі. Мұның өзі ақынның өзгеге ұқсамайтын өзіндік ерекшелігінде болса керек. Ұлттық салт - дәстүрді, ұлттық болмысты көрсету кез-келген ақын шығармаларында бұл құбылыс ерекше байқалады
Ал, ақын, ақтара гөр халқыңа сыр,
Беле жырға, еліңнің даңқын асыр, -[4.30.]
деп өзінің туған халқының даңқын асырып жырға қосқан ақын халқынан, оның салт-дәстүрінен ешқашан бөлінген емес.

1.3 Мұқағали жырларының танымдық, тағылымдық маңызы
Ақын жыры - оның жан сыры, ішкі дүниесі. Ақын сол сырын қағаз бетіне өлең жолдары мен түсірді, яғни сол өлең жолдары арқылы оқырмандарына ішкі жан сырын шертті. Ақын ағамыздың өзі өмір сүрген ортаға, қоғамға көңілі толмағанымен, келешектен үмітін үзбейтінін мұңлы сарынға құрылған өлеңдерінен аңғаруға болады.
Сананы сары уайым сарылтқанмен,
Тынысты тұйық тұман тарылтқанмен
Үзбеймін күдерімді жарықтан мен,
Үзбеймін күдерімді халықтан мен! [22.].
Ақынның өлеңдерін оқыған сайын терең ойға батасың, бүгінгі бұралаңы көп мына өмірдегі адам тағдырының көп катпарлы көріністері көз алдыңа елестейді.

1.4 Мақатаев шығармаларындағы фразеологизмдердің қолданылуы
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың бүгін де ортамызда болмағанына налимыз, ал медет тұтарымыз - алып ақынның өзінің көзіндей көрінетін өркеш - өркеш өлеңдері. Халқынан қалтқысыз бағасын алған Мұкағали жырлары келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Ақынның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымының іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақыннын жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармауымен қымбат, әрі құнды. [26]
Мұқағали жырларындағы фразеологизмдердің қалай қолданылғанын, оның шығармаларын талдағанда ғана көреміз. Мысалы:

1.5 Ақиық ақынның "Райымбек, Райымбек" поэмасы
Терең оймен, ыстық ықылас сезіммен, халқын сүйген жүректен жазылған Мұқағали шығармаларының бірі - "Райымбек, Райымбек" поэмасы. Поэма үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде ақын қазақ елінің басына түскен ауыртпашылықты, елінеп, жерінен айырылған халықтың мұңы мен зарын, ауыр тағдырын сезініп, жүрек қанымен жазғандай әсерде жырлайды.

2 М. Мақатаев поэзиясындағы лиризм
2.1 Мұқағалидің мұңлы лирикасы
Оның жұлдызды қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырап көрініп тұр. Сұлтанмахмүт, Ілияс, Қасым жұлдыздарындай көзіме ыстық көрінетін ол жұлдызды басқалардың жұлдыздарымен шатастырған емеспін. Мейірімге, игуаққа толы Мұқаңның көкірегі қандай кең еді. Баладай таза, баладай сенгіш, көңіліне секем алмайтын жанды жақсы көрмейтіндер тіпті аз.

2.2 "Аққулар ұйықтағанда" поэмасының көркемдігі
Әдебиет әлемінде өзіндік ой, тур, нақышпен ерекшеленетін сүлу жырдың төресі - Мұқағали Мақатаев. Ол өмірінің ақырғы күндеріне дейін поэзиямен танысып, өзінің сыңарына теңеп, сонымен "қоректенген". Ақын адамзат санасына тән ой, сезім, өмір, лирика, көңіл-күй, табиғат, әртүрлі құбылыстарды, сан қырлы жайттарды сөз аркылы жеткізеді. Сөз болғанда сырлы, бейнелі, айшықты, көркем сөзбен әспеттеп қана қоймай, әрбір алып отырған сөзді талғаммен, таным мен таңдап отырды. Ақын поэмаларының ішіндегі ең көркемдік ерекшеліктеріне, сөз қолданысына, әсемдік әлеміне, көркемдеу құралдарына, тіл байлығына. акындық қуатына тоқталу. Сөздерді өңдендіре түсіп, ажарлап, көркемдеп, үйлесуге келтірудің бірнеше түрлері мен тәсілдері бар.

2.3 Мұқағали жырлаған табиғат
Мұқағали Мақатаев - қазақ поэзиясының табиғат лирикаларында өзіндік дербестік танытқан, өзгеше поэтикалық әлем ашқан жаңашыл ақын.
Табиғат аясында туып-өскен әрбір ақыныың сол тақырыпқа калам тартпауы мүмкін емес. Туған жерді, оның табиғатын жырлау - барлық ақынның перзенттік парызы. Мұқағалидың табиғат лирикасын акын лирикасындағы туған жер келбеті, өлең өрнектеріндегі табиғат перзенггері, жырға айналған жыл мезгілдері деп топтауға болады.

3 Қазақ ақындары поэзиясындағы сезім көкжиегі
3.1 Қ. Мырзалы шығармашылығындағы лиризм
Мырза Әли Қадыр 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы "Балдырғаннан" бастаған "Жұлдыз" журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшысы, бас редактордың орынбасыры, 1963 - 1973 жылдары. Жазушы баспасында қазақ поэзия ббөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.

3.2 Қазақ поэзиясының аққуы
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы желтоқсан айында Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы Новобогат ауданы Манаш ауылында дүние келеді. Сонда Андреев атындағы орта мектепте оқыды. Оны тамамдағаннан кейін Гурьев мемлекеттік педагогика институтының филология факультетіне оқуға түсіп, орыс тілі мен әдебиет, қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі деген мамандық алады.

3.3 Фариза Оңғарсынованың поэмалары
Ақын Фариза Оңғарсынованың оқырман жүрегінің төрінен орын алған өлеңдерінен тыс әр түрлі тақырыпта,әртүрлі жанрда,стильдік бағытта жазылған поэтикалық шығармалары оның ақындық диапозонының кең және терең екендігін дәлелдейді. Фариза ақын сан жағынаналып қарағанда да өндіріп-өндіріп, оннан астам поэма жазды. Бұл поэмалар ақынның 1987 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген екі томдығына толық кіргізілген.

Қорытынды
Мұқағали Мақатаев - ғажайып, ақиық, сыршыл ақын. Ақын өлеңдерін окыған сайын бейнелі рух, сезім мен сананың бірлігі көңілге ұялайды. Оның артына қалдырған өшпес мұрасы жарық жұлдыздай қараңғы түн қойнауынан құпия сәулесін шашқандай жарқырап, өркендеп айқындала түседі. Абаймен үндес ақын Мұқағалидай перзенті бар халық шынымен бақытты. Кең дүниеге сия алмай кеткен ақын аға туралы менің жүрегімде өкініш те, аңсау да, сағыныш та жатыр. Табиғатында жуас, жомарт, кішіпейіл жанның бойынан буырқана атылған жыр жанартаулары өлең өлкесінің күты болғанына қаншама жыл өтті. Мұқағалидың әдебиеттен орнын іздеп әдекімдер әуре боп жүр. Менің айтарым ол өз орында тұр. Әдебиетте бірінші, екінші орын деген жоқ. Абай бастаған ұлы жыршылардың қатарында қасына Жұмекені мен Төлегенін ерткен Мұкаң да кетіп бара жатыр. Мұқағалидың есімі аңызға айналды. Ол есімді аңызға айналдырып түрған оның мамыр айындай жап-жарық сәулетті де дәулетті жырлары. Өзі жақсы көрген көктемдей жасыл өлкесі бар өлеңдері.