Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 64 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Коммерциялық банктің қаржылық жағдайын талдау


Мазмұны
Кіріспе 6
1 Екінші деңгейдегі банктің теориялық негіздері 9
1.1 Банктік қызметінің экономикалық мәні 9
1.2 Коммерциялық банктердің қаржылық өтімділігін бағалау әдістері 14
2 «Цеснабанк» АҚ қаржылық қызметін талдау 25
2.1 «Цеснабанк» АҚ экономикалық қызметіне және оның қаржылық жағдайына сипаттама 25
2.2 Банктің қаржылық жағдайын талдау 37
2.3 Банктің меншікті қызметіне инвестиция салу 45
3 «Цеснабанк» АҚ қаржылық саясатын жақсарту бойынша шаралар 49
3.1 Банк қызметін басқару бағыттары 49
3.2 Банктің қаржылық қызметінің жақсарту жолдары 53
Қорытынды 62
Қолданылған әдебиеттер тізімі 64

Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу» ерекше атап кетеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады. Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде, өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар (кәсіпорындар) шығады. Өндіріс процесінің негізгі элементтеріне ақша құралдары, тауарлар, жеткізушілер, сатып алушылар жатады.

1 Екінші деңгейдегі банктің теориялық негіздері
1.1 Банктік қызметінің экономикалық мәні
Қазақстан Республикасында коммерциялық банктерді құру және олардың жұмысы Қазақстан Республикасының «Банктер және олардың қызметі туралы» Заңына негізделеді. Осы заңға сәйкес Қазақстанның банктері қаржы нарығында кең ауқымды операциялар жүргізеді: түрлі мерзімді несиелерді жеткізу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сақтау, сату және сатып алу, қаражатты түрлі салымдарға тарту, есеп айырысу, кепілдік және т.б. міндетткерліктер беру, делдалдық операциялар жүргізу және т.б. Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды мәселе болып табылады.
Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күні банктегі қаржылық есепті басқару жүйесінде басты орын алады.Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі - қаржылық есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру.Ол, әрине, халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты әсуіне әсер етеді.

1.2 Коммерциялық банктердің қаржылық өтімділігін бағалау әдістері
Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамаларының бірі. Банк өтімділігі – бұл саламшалар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.
Банк өтімділігінің коэффициенті – бұл банк балансының мәліметі бойынша белгіленетін, несиелік және «өтімді» деп аталатын активтер жиынтығының активтердің жалпы сомасына немесе пассивтің бірқатар тиісті баптарына арақатынасын көрсететін көрсеткіш. Өтімділіктің кеңінен тараған қаржылық коэффициентерін кездестіруге болады:

2 «Цеснабанк» АҚ қаржылық қызметін талдау
2.1 «Цеснабанк» АҚ экономикалық қызметіне және оның қаржылық жағдайына сипаттама
«Цеснабанк» акционерлік қоғамының қабырғасы 1992 жылы 17 қаңтарында қаланып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тіркелді.
1994 жылдың қаңтарында банк Қазақстан Банк аралық Валюта – Қаржы Биржасының мүшесі куәлігін, 1996 жылы – мемлекеттік бағалы қағаздармен брокерлік – делдалдық қызмет істеу үшін бірінші категориялы лицензия алды. Сол жылы банк Ортаазиялық-Америкалық Кәсіпкерлікті қолдау қорымен шағын және орташа бизнесті қаржыландыру жөнінде келісім жасады және осы қор арқылы бірінші несие берілді.
1997 жылы «Цеснабанк» АҚ мемлекеттік бағалы қағаздар нарығындағы Бастапқы Делдал мәртебесін алды, бұл банктің өз клиенттеріне қызметтердің жаңа түрін – уақытша бос ақшалай қаражаттарды сенімді және жоғары өтімді бағалы қағаздарға салуды ұсынуына мүмкіндік берді.

2.2 Банктің қаржылық жағдайын талдау
Банктің қаржылық жағдайына, бағалы қағаздарға салынған салымдар, басқа банктердегі мерзімдік депозиттер, инвестициялық несиелер мен пай, үлестік қатысу жатады. Қор нарығы дамыған сайын бағалы қағаздарға салынған салымдар (қарыздық міндеттемелер (вексельдер, депозиттік сертификаттар, мемлекеттік және муниципалдық бағалы қағазда, заңды тұлғалар шығарған міндеттемелердің басқадай түрлері), қарыздық бағалы қағаздар (акциялар), дуынды бағалы қағаздар) маңызы арта түседі.
Кесте 10
Саудаға түсетін бағалы қағаздар операциялары бойынша таза пайда/ (залал)

2.3 Банктің меншікті қызметіне инвестиция салу
«Цеснабанк» акционерлік қоғам болғандықтан, жарғылық капиталы негізінен акциялардан тұратыны белгілі. Олардың арасында қарапайым акциялардың алатын орны ерекше (кесте 19).

3 «Цеснабанк» АҚ қаржылық саясатын жақсарту бойынша шаралар
3.1 Банк қызметін басқару бағыттары
Табыс табу және өтімділікті қамтамасыз ету мақсатында банктің жұмылдырылған ресрустарын тарату оның активті операцияларының мазмұнын анықтайды.
Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын таратудағы белсенді қызметінің негізін құайды.
Несие портфелінің сапасына талдау жасау және несиелік операциялар маңыздылығына баға беру үшін банктің барлық активті операциялары аясында төмендегі коэффициенттер қолданылады.
Баланыстың жалпы көлеміндегі несиелік салымдар көлемі мына формуламен есептеледі:

3.2 Банктің қаржылық қызметінің жақсарту жолдары
Адекваттық қаржылық саясат жүргізу үшін оны үнемі жақсартып отыру қажет. Банктік инвестициясының көлемімен құрылымын анықтау дәл технико-экономикалық есептеулерде негізделуі керек, себебі инвестицияның қажетті көлемінен артығы өтімділіктің тепе-теңдігің сақталмауына, банктің кірістік базасының төмендеуіне және қызметінің тиімділігінің азаюына соқтыруы мүмкін.
Коммерциялық құрылым ретінде бұл институттардың мәндерінен туындайтын, банктердің экономикалық қызығушылықтары, өтімділік пен сенімділік сақталуымен банктік операциялардың пайдалығын қамтамасыз етуде тұрады. Банктер көбінесе өзіндік емес, керісінше тартылған немесе жалдамдық ресурстарда жұмыс атқарады. Сондықтан, ірі инвестициялық жобаларға салымдар жасай отырып, банктер клиенттердің қаржыларымен тәуекелге бара алмайды, егер олар сәйкес кепілдіктермен қамтамасыз етілмесе [14].

Қорытынды
«Цеснабанк» акционерлік қоғамының қаржылық есебін зерттеу негізінде жасалған, банктің инвестициялық қызметінің талдауы біздерге келесі тұжырымдар шығаруға келтіреді.
Анықтамалық кезеңде қарастырылған банктің мүліктері үшін олардың тұрақты өсу тенденциясы байқалады. 2008 жылға қарағанда, 2009 жылы банк мүліктері 269815406 тенгеге өсті немесе өсім 62,13%.
Талдаған кезең бойында клиеттерді несиелеу банк қызметінің негізгі бағыты болып отырды. Активтердің жалпы сомасында клиенттерге несиелер мен аванстар 65% жоғары құрайды.