Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 18 стр.

Полный просмотр работы

Еңбек құқығының пәні

Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек қатынастарын реттейтін, нормалары осы Заңның нормаларынан төмен бола алмайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттардың осы Заңның және еңбек туралы өзге де нормативтік құқықтық актілердің алдында артықшылығы бар және халықаралық шарт бойынша оны қолдану Қазақстан Республикасының заңы шығарылуы талап етілген жағдайларды қоспағанда, олар тікелей қолданылады.

Еңбек адамның табиғи қажеттігі болып табылады. «Маймылды адам еткен еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі, ол адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, оқуға, өнерге және т.б. қатысты қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар қоғамның да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, еңбек қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады.

Көп жағдайда еңбек бірлескен немесе ұжымдық сипатты иеленеді. Бірлескен еңбектің нәтижесінде адамдар қоғамдық еңбек қатынастарына қатысады. Мұндай жағдайда еңбектің екі түрін ажыратып алған жөн: өз игілігіне бағытталған жеке еңбек және жалданбалы еңбек. Дәл осы жалданбалы еңбек – жұмыс берушімен қатынасқа түсуді еңбек құқығы реттейді.

Бұл қатынастар азаматтардың жеке, бригадалық немесе курстық білім алу кезінде жұмыс мамандықтарын алуымен қатысты туындайды. Әдетте мұндай білім алмастан бұрын олар дербес жұмыс істеумен айналысады. Бұл қатынастардың мазмұнын жай еңбектің өзі емес, белгілі бір мамандыққа және біліктілікке оқыту құрайды. Олардың мақсатты бағыттылығы өндірістегі кәсіби білім алу арқылы азаматтарды білікті қызметкерлер ретінде дайындауды қаматамасыз етуден көрініс табады.

Әлеуметтік функция халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді, еңбекке, еңбектің қауіпсіз жағдайларына және еңбекті қорғауға қатысты құқыққа кепілдіктерді жүзеге асырады. Қорғау функциясы еңбек жағдайының жоғары деңгейін, еңбек заңдарының нормаларын орындауға бақылау жүргізуді қамтамасыз етуге, еңбек заңдарының бұзылған ережелерін қалпына келтіруге, еңбек дауларын шешуге бағытталған.
Шаруашылық-өндірістік функция өндірістің тиімділігін, еңбектің өнімділігін көтеруді, еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануды, еңбек тәртібін нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Еңбек құқығына қатысты сабақтас құқық салаларының қатарынан әкімшілік құқықты да атауға болады. Басқарушылық топтың еңбегін ұйымдастыру, кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер басшылығының және мемлекеттік қызметшілердің құқық субъектілігі мәселесіне келгенде, бұл екі құқық саласының ортақ жері көп. Кәсіби қызметтің бұл түрі бір мезетте еңбек және әкімшілік құқық нормаларын қолдануды көздейді. Сондықтан, бұл қатынастар ҚР «ҚР еңбек туралы» заңымен де, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» заңымен де реттеледі.