Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әдебиет

Тип: Реферат

Объем: 11 стр.

Год: 2013

Полный просмотр работы

Еуропалық орта ғасыр әдебиеті

Антик құл иеленушілік қоғамның ыдырауы бір кезде Рим империясымен біріккен Солтүстік Америка және Орта Азиядағы сансыз көп тағы тайпалардың көшуіне жол ашты (ирландықтар, славяндар, арабтар, монғолдар, түріктер). Осы тайпалардың негізінде орта ғасырлық феодалдық мемлекеттер және қазіргі заманның европалық халықтары құрылды.
Орта ғасыр әдебиетінің тууы мен дамуына үш ең басты фактор әсер етті: халық ауыз әдебиеті, антик әлемі және христиандық дін.
Батыс Европада үстемдік алған варвар халықтарда сол кезде өздерінің өте жақсы дамыған поэзиясы болған. Сол поэзия кейінгі Европа әдебиетінің негізін салды.
Ежелгі поэзияның бір түрі – еңбек өлеңдері. Бұл өлеңдер еңбек процесін қостайтын әр түрлі дыбыстардан пайда болған. Еңбек өлеңдерінен әдет-ғұрып өлеңдері өріс алды.

Эпостық қаһарман ерекше күштің, сұлулықтың, батылдықтың өнегесі болып табылады. Әр түрлі адамдардың ерліктері бір эпостық қаһарманның ерлігі болып есептеледі.
Ежелгі германдық эпос арфаның қостауымен айтылған. Өлеңдерді (жырларды) орындаушы, шығарушылар және айтушылар – жасақшы – әншілер. Олар басқа жауынгерлермен бірге шайқастарға қатысып, солардың ерліктері туралы жырлаған. Сонымен қатар, жасақшы – әншілер ауыз әдебиетінде сақталған ескі, көне заманның оқиғалары туралы баяндаған. Жасақшы әншілер ерекше үлкен құрметке ие болған. Олар өздерінің айтқан немесе шығарған өлеңдері үшін бағалы сыйлықтарды алып тұрды (корольдің қазынасынан алтын сақиналар, білезіктер т.б.)

Құлдыққа түскен адамдарды қорғау және адамгершілік туралы әңгімелер ( мыс., Әулие Герман – ол өзінің барлық жинаған ақшасын тұтқындар мен құлдарды сатып алуға жұмсаған ).
ХІІ ғ. ортасынан бастап құдайанаға табынумен байланысты оның жасаған таңғажайып істері туралы көптеген әңгімелер шығады. Сол кезде адамдардың өлгеннен кейінгі тағдыры туралы әңгімелер көп таралды. Осы әңгімелердің сюжеттеріне ортағасырлық адамдар көп назар аударған, өйткені ол әңгімелерде өлгеннен кейін мейірімді адам жұмаққа барады, ол дүниелік жазаны тартады деген. Осыны естіген ортағасырлық қанайған адамдар ол дүниеде қанаушылар жазаға тартылады деп сеніп, үміттенген.

Франция қалаларында ондаған жылдар бойында мысалдар мен ертегілерден «Түлкі туралы роман» дастаны шығарылды. Дастанда аң бейнесінде жалқау ірі феодал – Аю, шіркеудің топас қызметкері Есек, жемтік іздеп шарқ ұрған жауыз рыцарь – Қасқыр (Изенгрим), ақылды, тапқыр қала тұрғыны – Түлкі көрсетіледі. Түлкі Қасқырмен тартыста үнемі жеңіп шығады. Ал Қораз, Қоян, Ұлу бейнесінде берілген кедейлерді ол жәбірлегенде оның өзі қиын жағдайға душар болады.