Аймақтык табиғат ортасының мониторинг жүйесін ұйымдастыру
Жоспар
1 Аймақтык табиғат ортасының мониторинг жүйесін ұйымдастыру 3
1.1 Зертханалық жұмыс. Топырақтың экологиялық жағдайын бағалау 3
1.2 Теориялық бөлім 3
5.3 Топырақ деградациясы 5
1.4 Топырақтағы зиянды заттарды нормалау 6
1.5 Агрохимиялық зерттеулер жүргізу мақсатында топырақтың сапасын бақылау 12
1.6 Топырақтың ластануын бақылау 13
Әдебиет 16
1 Аймақтык табиғат ортасының мониторинг жүйесін ұйымдастыру
1.1 Зертханалық жұмыс. Топырақтың экологиялық жағдайын бағалау
Зертханалық жұмысты орындауды төмендегідей қауіпсіздік техникасының ережелерін (ҚТЕ) сақтау қажет:
1) киімге, теріге және шырышты қабыққа химикат пен ерітіндінің төгілмеуін қадағалау;
2) жұмыс барысында ас пен сусын ішпеу;
3) әсіресе қатты иісі бар және ұсақ кристаллды жағдайдағы ауа мен химикаттармен тыныс алмау;
1.2 Теориялық бөлім
Топырақтың жалпы қасиеттері
Топырақтың экологиялық жағдайын анықтайтын жалпы қасиетттерге:
1) топырақтың механикалық құрамы;
2) құрылысы;
3) ылғалдылығы;
4) қышқылдылығы жатады.
Топырақтың механикалық құрамы онда балшықтың, ұсақ тастардың, құмдардың, гендік және антропоидтық қосылыстардың болуымен сипатталады. Оның құрылысы өмір сүру процестеріне қажетті ( тыны салу ) тығыздылық пен ауаны анықтайды. Топырақтың ылғалдылығы өсімдіктің минералдық қоректенуіне себепші болады және барлық топырақ организмдері үшін қажетті қоршаған орта факторы болып табылады. Топырақтағы ылғалдылық ауаның антогонисті болып табылады, сондықтан ылғалдылықтың шектен тыс мөлшері, сондай-ақ оның аздығы зиянды болып келеді.
1.3 Топырақ деградациясы
Топырақ құнарлылығын төмендететін, жер ресурстарын бұзатын және ауылшаруашылық жер көлемін төмендететін процестер мен құбылыстарды төрт топқа бөліп қарастьыруға болады:
1) топырақ жамылғысына қолайсыз әсерін жоюға болмайтын табиғи процестер. Олар: жер сілкінісі, жанартаулардың атқылауы, топырақ құламасы және т.б.;
2) топыраққа жағымсыз әсерін бірқатар жағдайда адам көмегімен тоқтатып немесе азайтуға болатын табиғи процестер. Кейбір жағдайларда адамдардың шаруашылық іс-әрекеттері бұл процестердің пайда болуын тежейді. Мысалы, су эрозиясы, теңіз, көл және су қоймаларының жағасын судың шайып кетуі, тау жыныстарының шөгінділері, су көшкіндері, сонымен қатар, топырақ құнарлылығын және шалғынды жерлердің беткі қабатын шайып кетіп, топырақты жарамсыз жағдайға әкелетін су тасқындарын тоқтату;
1.4 Топырақтағы зиянды заттарды нормалау
Топырақтағы зиянды заттарды гигиеналық нормалаудың теориясы мен тәжірибесінің негізгі ережелері төмендегідей, яғни:
1) топыраққа түскен экзогенді химиялық заттарды барлық кезде қоршаған ортаға және адам денсаулығына қауіпті деп қарастыру дұрыс емес;
2) топыраққа түскен химиялық заттардың қауіптілігі топырақтың экологиялық (өзін-өзі тазарту) қабілеттілігімен анықталады;
3) нормативтер микробиоценлз және топырақтың өзін-өзі тазарту процестеріне әсер ету есебімен экстрималды – климаттық жағдайларда (топырақ ортасынан заттардың қарқынды көшуі) алынған мәліметтерге негізделеді;
1.5 Агрохимиялық зерттеулер жүргізу мақсатында топырақтың сапасын бақылау
Агрохимиялық зерттеулер жүргізу мақсатында топырақтың сапасын бақылау үшін топырақ үлгісін егістік жерлерден, шабындық жердің топырағынан, жайылым және барлық вегетациялық кезең аралығында орман тәлімбақтарынан алады. Топырақ үлгісін минералды тыңайтқыштарды енгізгеннен кейін екі ай өткеннен соң алады. Үлгі алу үшін жерді пайдалану жоспары (топырақ контурының шектері және шаруашылық ішілік жерді тұтыну элементтері енгізілген) картографиялық негіз болады. Агрохимиялық зерттеуге жататтын территорияны толық қарағаннан кейін картографиялық негізде анықталған мөлшермен уцчасткелерді белгілейді және нүктелі үлгілер арасындағы аралықты анықтайды.
1.6 Топырақтың ластануын бақылау
Топырақ үлгісін, сондай-ақ көлік, шаруашылық-тұрмыстық, ауыл шаруашылық және өндірістік ластаушы көздер әсер ететін аудандарда топырақтың жалпы және жергілікті ластануын, топырақтың құнарлы қабатын бақылау үшін, сонымен қатар топырақтың сапасын бағалау үшін алады.
Топырақтың ластануын бақылау және топырақтың сапасын бағалау мақсатында химиялық, бактериологиялық және гельминтологиялық анализдер жүргізу үшін үлгіні бір жылда бір рет ғана алады. Топырақтың ауыр металдармен ластануын бақылау үшін топырақ үлгісін 3 жылда бір рет ғана алады.
Бала-бақша территориясындағы, емдеп-сауықтыру орындарындағы және демалыс аймақтарындағы топырақтың сапасын бағалау үшін үлгіні бір жылда екі рет алып зерттеу жүргізеді, яғни жылдың күз және көктем мезгілдерінде.
Әдебиет
1 Алексеев С.В., Груздева Н.В., Муравьев А.Г., Гущина Э.В. Практикум по экологии: учебное пособие. – М. : АО «НДС», 1996. – 210 с.
2 Афанасьев Ю.А., Фомин С.А. Мониторинг и методы контроля ОС: учебное пособие в двух частях. – М. : Изд-во МНЭПУ, 1998. – 185 с.
3 Бурдин К.С. Основы биологического мониторинга. – М., 1988. – 168 с
4 Контроль химических и биологических параметров окружающей среды (Энциклопедия «Экометрия») / под ред. Л.К. Исаева. – СПб. : Крисмас +, 1998. – 250 с.
5 Пономаренко О.И., Сармурзина А.Г. Мониторинг и методы контроля окружающей среды: учебные пособие. ─ Алматы : Қазақ университеті, 1998. ─ 146 с