Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру жолдары

Жалпы және маманданған мәдениетті, методология саласында орнықты толық білімді, білім беру саласындағы педагогикалық қиыншылықтарды жүйелі кере білетін жоғары деңгейлі маманданған педагогты дайындау болашақ оқытушы мамандарда педагогика саласында өзіндік шығармашылық стилін калыптастыру және жетілдіруге бағытталған.
Педагогикалық профессионализм, ең алдымен тұлғаның өзіндік қасиеттерін көрсете білу мен өз мамандығында жеке стилін қалыптастыруға байланысты. Бұл стиль жоғарғы оқу орындарында (ЖОО) оқу үрдісі барысында қалыптасып, болашақта сәттілікті қамтамасыз ететін жеке, өзіндік әдістер болып табылады. ЖОО-да мамандарды даярлауда болашақ оқыт шыны мамандығына сай етіп даярлау идеясы негіз болуы керек. Нағыз маман даярлау жолдар әртүрлі болады.
Тұлғаның педагогикалық машықтануы ЖОО- да үш бағыт бойынша қалыптасады:

ЖОО- ң мақсаты тек студентті белгілі бір ақпаратпен қамту ғана емес, сонымен қатар студентте болашақ мамандығының негізгі және бөлінбейтін бөлігі ретінде өзіндік оқудың және білім алудың стратегияларын қалыптастыру. Студенттің ғылыми практикалық дайындығының жоғарғы деңгейіне жетуі үшін студенттің терең фундаментальды білім алуын қамтамасыз ету; студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға көзқарасты өзгерту екі ауқымды проблеманы шешу үшін студенттің өздік жұмысының негізгі белгісі деп мыналар санауға болады:

Кез келген өздік жұмыс түрін орындау кезінде студент келесі деңгейлерден өту керек:
- өздік жұмыс мақсаттарын анықтау;
- танымдық (проблемалық немесе практикалық) есептерді нақтылау;
- тапсырылған немесе таңдалған есепті шешудегі өздік жұмысты орындаудағы студент дайындығын бағалау;

Студенттердің өздік жұмысының кұрамына келесі құрылымдық элементтер кіреді: есеп қойылымы; іздеу; анализдеу; ақпаратты өндеу; уақыт шектеулерін қою; өзін өзі бақылау. Бұл құрылым студенттің өз бетімен пәндік сипатта деңгейлеп білім алуын қарастыруға мүмкіндік береді. (1-сурет)

Білім алудың белгілерінің бірі болып студенттің білім алуы мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатындығы табылады. Интеллектуалдық деңгейінің дамуына байланысты мұғалімнің студенттің өз бетімен жұмыс жасауына араласуы немесе көмек көрсетуі азайып, студенттің өзіндік жұмысты жасау деңгейі көбеюі керек.