Аптека жұмысының мәліметтер қорын құру
Мазмұны
Есептің қойылымы 3
Кіріспе 4
1 Теориялық бөлім 5
1.2 Database Desktop көмегімен кесте құру 5
1.3 BDE Administrator программасы 15
1.4 Delphi ортасында мәліметтер базасымен жұмыс жасайтын жобалар құруға арналған негізгі компонентерге сипаттама 16
1.5. Берілгендер жиынымен жұмыс істеудің негізгі әдіс-тәсілдері 17
1.5.1 Берілгендер жиынын сорттау 17
1.5.2.Жазбаларға фильтрация жасау 18
Қорытынды 19
Қолданылған әдебиеттер 20
Қосымша 21
Есептің қойылымы
Аптека жұмысының мәліметтер базасын құру келесі рет бойынша орындалады:
1.Таңдалған тақырыпқа байланысты мәліметтер жинау
2.Аптекадағы дәрі–дәрмекке байланысты жалпы кесте құру.
3.Database Desktop программасында негізгі кестелерді байланыстыру.
4.BDE Administrator программасында кестелерге каталог құру.
5.Delphi ортасында берілген кестеге байланысты жобалар құру.
Кіріспе
Мәліметтер қоры кейбір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданылатын деректерді қамтиды. Мәліметтер қорының негізгі модульдері келесі түрде болады:
- Иерархиялық модульге деректер бұтақ тәріздес құрылым түрінде беріледі.Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы.
- Желілік модульге деректер ерікті граф түрінде беріледі. Желілік модульдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың қиындығы болып табылады.
- Объектілі – бағытталған модульге мәліметтер қорының жазбасы объект түрінде беріледі. Объектілі – бағытталған модуль желілік және реляциялық модульдер ерекшеліктерін қамтып, күрделі базалар құруда пайдаланылады.
- Реляциялық модульге деректер кесте түрінде беріледі.Деректердің мұндай түрінде ақпараттармен жұмыс жасау ыңғайлы.
Қазіргі заманға сай ақпараттық жүйеге мыналар жатады:
1 Теориялық бөлім
Мәліметтер қорын басқару жүйесі – деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартуға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.Жалпы мәліметтер қорын басқару жүйесі ол көптеген қосымшаларға арналған, жалпыланған мәліметтер қорын құру оны әр кезде жұмыс жағдайында ұстау және пайдаланушылардың оларға берілген өкілеттіліктер шеңберінен аспайтын, ену мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін арнайы тұрғызылған жүйе. Delphi жүйесі мәліметтер қорын басқару жүйесі болып табылмайды. Бірақ ол толықтай мәліметтер қорын басқару жүйесінің мүмкіндіктеріне ие.
Delphi құралы локалдық және тораптық мәліметтер қорын құрып және оның ішінде жұмыс істеуге, сондай-ақ кез келген мәліметтер қорымен жұмыс істей алатын қосымша құруға мүмкіндік береді.
1.2 Database Desktop көмегімен кесте құру
Database Desktop программасы - кестені құруға және редактірлеуге арналған,сонымен қатар SQL – сұрауымен және жасырын атпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.Бұл программаны Delphi ортасындағы Tools / Database Desktop командасы арқылы шақыруға болады,яғни жіберілген файл dbd32.exe арқылы немесе негізгі менюдегі Программы/Borland Delphi 7/ Database Desktop командасы арқылы шақыруға болады.
Database Desktop программасында аптека жұмысын келесідей қадамдар арқылы орындаймыз.
Database Desktop программасын жүктейік.Содан кейін File / New командасын таңдау арқылы 1- суретте берілгендей қосымша менюді көре аламыз:
4- сурет.
Мәліметтер қорын құрайтын кестелер негізінен дискілердегі каталогтарда орналасады.Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады, бірақ құжаттарға қарағанда мәліметтер қорының кестелері көп қолданбалы қатынау режимін қолдайды,яғни бірнеше қолданбалымен бір мезгілде жұмыс жасауға болады, бір кесте үшін бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішіндегі негізгісі болып, кестенің атымен аталатын мәліметтер файлы болып табылады.Мәліметтер қорының әр кестесі бағаннан және жолдан тұрады. Өріс - мүмкін болатын типтердің мәліметтерін қамтиды.Кестенің негізін, оның өрісінің сипаты құрайды.Әр кестенің кем дегенде бір өрісі болуы қажет.Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына Өріс сипаты, кілті, индекстері, кестелер арасындағы байланысты сақтау және т.б.кіреді.Кестені құрғанда аты және құрылымы беріледі.
6- суретте көрсетілгендей әр өріске ең алдымен ат (Field Name) береміз.Ол өріс идентификаторы деп аталады және 25 символдан тұруы мүмкін және бос орыннан басталмауы қажет (ішінде бос орын бола береді). Менің жұмысымда ол идентификаторлар екінші жолда көрсетілген.
Содан кейін өрістің типін (Type) анықтау керек.Өріс типін тышқанның оң жақ түймешелігін немесе бос орын түймешесін басу арқылы контекстік менюден таңдап алуға болады.Paradox 7- де мынандай мүмкін типтер бар:
1.3 BDE Administrator программасы
BDE Administrator программасы - мәліметтер қорын бабына келтіруге мүмкіндік береді және операциялық жүйелерді, оның ішінде псевдоним параметірлерін (атын, типін, жолын), драйверлерін (типін, тілін) және жүйелік құрылымын (датаның, уақыттың форматын) анықтайды. BDE Administrator программасын шақыру үшін bdeadmin.exe файлын жіберуге болады немесе Программы / Borland Delphi 7 / BDE Administrator командаларын орындау қажет. Программа терезесі екі беттен тұрады. Олар: Databases – мәліметтер қоры және Configuration – конфигурация.Сол жақ панельде мәліметтер қорының псевдонимінің бұтақшаларын көреміз. Мәліметтер қорының псевдонимін құру үшін Object / New командаларын орындаймыз.
1.4 Delphi ортасында мәліметтер базасымен жұмыс жасайтын жобалар құруға арналған негізгі компонентерге сипаттама
Мәліметтер базасымен жұмыс жасайтын, берілген кестеге байланысты жобалар құру - осы Delphi ортасында жүзеге асырылады. Жоба құру үшін мынадай компоненттерді қолданамыз:
1.5 Берілгендер жиынымен жұмыс істеудің негізгі әдіс-тәсілдері
1.5.1 Берілгендер жиынын сорттау
Берілгендер жиынындағы жазбамен қолайлы жұмыс жасау үшін сорттау жұмысын жүргізуге болады.Сорттау - бұл жазбалардың белгілі бір ретпен орналасуы болып табылады.Жазбалардың орындалу реті мәліметтер жиынында анықталмаған жағдайда қолданылады.Сорттау жұмысын бірнеше жолдарға жасауға болады. Table мәліметтер жиынына байланысты сорттау,индексі бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады.Индекстерді ауыстырған сайын жазбалар автоматты түрде реттеледі. Сортталатын жазбаларға индекс беру IndexName немесе IndexFieldNames қасиеттері арқылы беріледі. IndexName қасиетінде кесте құру барысында анықталған индекстің аты көрсетіледі. IndexFieldNames қасиетінде керекті индексті беретін жолдың аты көрсетіледі.Paradox кестесінің негізгі индексі көрсетілмеген жағдайда, сорттау жұмысын осы индекс бойынша IndexFieldName қасиеті арқылы жүзеге асыруға болады.Мәліметтер жиынына Table1 компоненті қолданылады.
1.5.2.Жазбаларға фильтрация жасау
Фильтрация – мәліметтер жиынының ішіне кіретін жазбаларға шек қою.Бір немесе бірнеше кестеден таңдалған мәліметтер жиыны жазба болып табылады. Мәліметтер жиынындағы жазбалар құрамы сол уақыттағы шек қоюына, соның ішінде фильтрация көмегіне байланысты орындалады.Deiphi ортасы фильтрация жасаудың екі нұсқасын ұсынады.Олар, атауы және диапазоны бойынша фильтрация жасау.
Қорытынды
Қорыта келгенде, аптека жұмысын жеңілдету үшін мәліметтер қорын басқару жүйелерін пайдаланған өте тиімді. Себебі, формацепт қызметкерінің аптекадағы дәрі-дәрмектердің түрін және де оған байланысты мәліметтерді іздеуіне жеңілдік тудырады. Міне, осындай жағдайларда берілген мәліметтерді анықтамалықтан сұраныс беру арқылы оңай тауып алуға болады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі іске аспаған ортада мұндай іздестіру әрекеттері көп уақыт алады және алынған ақпараттың дәлдігіне де сенімсіз қараймыз.
Қолданылған әдебиеттер
1. С.Бабровский «Описание системы и языка программирования Delphi 7», Москва 2006г.
2. Л.М.Климова «Основы программирования .Решение типовых задач», Москва 2006г.