ҚР Конституциясы
Жоспары
1 ҚР Конституциясы 3
1.1 ҚР Конституциясы: құрылымы мен мазмұны 3
1.1.1 Конституция – мемлекеттің Негізгі заңы 3
1.1.2 1993 жылғы Конституцияның қабылдануы және оның мәні 5
1.1.3 1995 жылғы Конституция 6
1.1.4 Халық – конституциялық-құқықтық қатынастар субъектісі 6
1.1.5 Конституцияның құрылымы мен мазмұны 8
1.1.6 Конституцияның жоғары заңдық күші 10
1.1.7 Қазақстан Президенттік Республика 10
1.2 Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы 11
1.2.1 Адамның жеке бас бостандығы мен өмірі 11
1.2.2 Ұждан бостандығы 12
1.2.3 Адамның ары мен абыройы 13
Пайдаланған әдебиеттер 15
1 ҚР Конституциясы
1.1 ҚР Конституциясы: құрылымы мен мазмұны
Конституция – Негізгі заң. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы. Қазіргі Қазақстан Конституциясының негізгі бөлімдері және мазмұны.
1.1.1 Конституция – мемлекеттің Негізгі заңы
Адам қоғамының заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Ал қоғамның барлық өмір аяларында болып жататын құбылыстардың бәрін заңмен басқару үшін қажетті нормативті актілердің саны қанша болуы керектігін ешкім де дәл тауып айта алмас еді. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі – Конституция болып табылады.
1.1.2 1993 жылғы Конституцияның қабылдануы және оның мәні
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық субъект ретінде жария етілуі елдің тәуелсіздік мәртебесіне сай заңын – Конституциясын қабылдау қажеттігін туғызды. 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі заңы – Конституциясы қабылданды.
1.1.3 1995 жылғы Конституция
1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Онда мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың ұйымдастырылуы және болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның және азаматтың конституциялық мәртебесі, бүкіл халықтың мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етілген.
1.1.4 Халық – конституциялық-құқықтық қатынастар субъектісі
Қазақстан Республикасының Конституциясында халық ұғымы барлық ұлттық топтарды түгел қамтитын, тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде түсіндіріледі. Халық әлеуметтік таптарға, топтарға бөлінбейді, сонысымен қоғамда бейбітшілікті сақтауда маңызды рөл атқара алады. Конституция адамдарды мүліктік жағдайына қарай алаламайды, түрлі әлеуметтік топтардың ешқайсысын жақтап шықпайды, өзін халықтың белгілі бір ғана тобының заң шығарушылық актісі деп танымайды. Конституция мемлекетті әлеуметтік деп, яғни бүкілхалықтық деп таниды.
1.1.5 Конституцияның құрылымы мен мазмұны
Қазақстан Республикасының Конституциясы тоғыз бөлімнен, 98 баптан тұрады. «Жалпы ережелер деп аталған І бөлімде Қазақстан Республикасының саяси сипаттамасы, қызметінің түбегейлі ұстанымдары көрсетілген; президенттік басқару нысаны, құқықтың қолданылуы айқындалған; идеологиялық және саяси алуандылық, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған. Қазақстан Республикасы Конституциясында Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп жарияланған.
1.1.6 Конституцияның жоғары заңдық күші
Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар. Мұның мәні – мемлекеттік органдар қабылдайтын заңдар мен нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмейтін болуға тиіс дегенді білдіреді. Мемлекеттік органның қандайы болса да – жергілікті органдар да, орталық органдар да, кез келген лауазымды тұлға, барлық азаматтар, олардың бірлестіктері Конституция қағидаларын сақтауы керек.
1.1.7 Қазақстан Президенттік Республика
Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, елдің жоғары лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президенті Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, былайша айтқанда, түрлі ұлттар арасында, әлеуметтік топтар арасында ала ауыздық болмауына қамқорлық жасайды.
1.2 Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы
Адамның жеке бас бостандығы және өмір сүру құқығы. Ұждан бостандығы. Ар, намыс, абырой.
1.2.1 Адамның жеке бас бостандығы мен өмірі
Адамның жеке басының қоғамдағы жағдайы – мемлекеттің даму деңгейін білдіретін көрсеткіш. Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа заңдарында азаматтардың бас бостандығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Егер өзінің өміріне, денсаулығына, қадіріне нұсқан келетін жадай болса, адам мемлекеттік органдардан қорғаныс іздеуге, заң бойынша көмек сұрауға, президенттің өзіне шағым етуіне құқылы. Мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар азаматтың құқығына заңсыз қол сұғылуына жол бермеу шараларын қарастыруға міндетті.
1.2.2 Ұждан бостандығы
Әр адам өзінің дінге қатысты көзқарасын өз еркімен өзі шешеді. Адамның белгілі бір дінді ұстануына ешкім де, заң да бөгет болмайды. Бұл жерде дінді ұстанудың ерекшеліктері мен салттық реттілігі басқа адамдардың, қоғамның заңды құқығына нұқсан келтірмегені жөн. Заң дінге сенуші адамның құқығы мен бостандығына, жеңілдігі мен артықшылығына тікелей де, жанама да бөгет жасауға жол бермейді. Конституцияда белгілі бір дінге артықшылық жадай жасау қарастырылмаған. Діни көзқарастар негізінде адамдар арасында жауласушылық туғызу адам құқығын бұзу деп есептеледі. Дінге сенушілер қасиеттейтін орындарды, ғимараттарды, заттарды кемсіту немесе қорлау заңды бұзғандық деп саналады.
1.2.3 Адамның ары мен абыройы
Конституция адамның өнегелі сапасы – оның ары мен абыройын жоғары ұстайды. Барлық халықтарда да ар мен абырой кісінің жоғары бағалайтын құндылықтарының бірі саналады. Қазақ халқының «малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген мақалы да арды аса қастерлеуінің көрінісі болып табылады. Адамгершілікке негізделген қоғамда ар мен намыс заң жүзінде қорғалады. Бізде де сондай, ҚР Конституциясы адамның ары мен абыройына қол сұғуға қол бермейді. Ар мен намысты қастерлеу жағдайы азаматтық және қылмыстық заңдарда да анық айтылған.