ҚР банк жүйесі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 Банк жүйесінің теориялық аспектілері 4
1.1 Банк жүйесінің мәні , қызметі 4
1.2 Банк жүйесінің даму тарихы 6
2 Қазақстан Республикасының банктілік жүйесі 9
2.1 Ұлттық банк - банктердің банкі 9
2.2 Екінші деңгейлі банктер 15
3 Қазіргі кездегі банк жүйесінің дамуы 20
3.1 ҚР банк жүйесі 20
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25
КІРІСПЕ
Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздің банк жүйесінің ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету.
Бұл курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлігінде банк жүйесінің теориялық аспектілері берілген. Банк дегеніміз – несие-есеп айырысу, касса операциялары мен басқа да операцияларды жүзеге асыратын мамандандырылған қаржы мекемесі.
Екінші бөлімінде бірінші және екінші деңгейлі банктерге сипаттама беріледі, яғни банктердің жүйелерін , қызметтерін, стратегияларын көрсетіп отырады.
1 Банк жүйесінің теориялық аспектілері
1.1 Банк жүйесінің мәні , қызметі
Банк (фран. Bangue, итал.- banco - отырғыш, айырбас дүкеншісі)-несие –есеп айырысу, касса операциялары мен басқа да операцияларды жүзеге асыратын мамандандырылған қаржы мекемесі. Банктер өзінің айналысында меншікті және тартылған ақшалай қаражатты шоғырландырады , оны несие (қарыз) түрінде уақытша пайдалануға береді, кәсіпорындар ,мекемелер немесе жекелеген тұлғалар арасындағы өзара төлемдер мен есептеулерде делдалдық етеді, жаңа ақша мен бағалы қағаздар шығаруды (эмиссияны) қоса, елдегі (республикадағы, мемлекеттегі) ақша айналысын реттейді.
1.2 Банк жүйесінің даму тарихы
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне : Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер , ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекелелер кірді.
Ресейдің Мемлекеттік банкі барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік – қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырады. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы , қор жинаушылары да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
2 Қазақстан Республикасының банктілік жүйесі
2.1 Ұлттық банк - банктердің банкі
Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес Қазақтан Республикасындағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі- мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейде білдіреді. Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) –екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат- отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес.Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жеклеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылады.
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша –несие жәе валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес , тек ақша –несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.[11]
2.2 Екінші деңгейлі банктер
Қазақстанның банк секторы жылдам үрдіспен дамуда, бәсеке күшейе түсуде. Әлемдік қаржы нарығында өзара бірігу мен іріленуге деген тенденция байқалуда.
Коммерциялық банктердің жұмысынҰлттық банк оның сенімділігі бойынша – жеке капиталдың барлық активтер сомасына қатынасымен байқалады.
Халық банк. Қазақстан Республикасы дербес мемлекет болып, егемендік алғаннан бері елімізде құрылымдық- ұйымдық сипатта елеулі өзгерістер болғаны белгілі.Экономиканы көтеру мен халықтың әл- ауқатын жақсарту саласындағы міндеттерді жүзеге асыру Халық Банкі кіретін банк жүйесінің белсенді қатысуымен ғана мүмкін болмақ.
3 Қазіргі кездегі банк жүйесінің дамуы
3.1 ҚР банк жүйесі
Республика банк секторын реформалау мемлекетіміз тәуелсіздік алған кезден және нарық қатынастарына қатар басталды. 1991 жылы екі деңгейлі банк жүйесін қалыптастыру реформалаудағы алғашқы қадам болды. Бірінші деңгей- Ұлттық Банк, ал екінші коммерциялық банктерден тұрады.
1993 жылы сәуірде “Қазақстан Республикасындағы банкілер туралы” және “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” заңдардың қабылдануы банк қызметін реттеу әдістері мен құралдры тізбесін кеңейтті.
1993 жылдың соңына қарай елімізде 200- ден астам коммерциялық банктер болды, бірақ солардың көпшілігінің қаржылық жағдайы мәз еместі. Ұлттық банктің алдында банк секторын сауықтыру мәселесі өткір тұрды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Банк жүйесіне неге сенім жоқ? Адамдар үшін оның тұрақтылығына кепілдік керек. Ақшасын банкке салған адам ертең оның орнын сипап қалмайтынына сенімді болу керек. Адамдардың күдіктене қарауына көп ретте банктердің өздері де кінәлі. Әдетте ”... банк заңдылығын өрескел бұзғаны, салымшылардың мүддесіне қауіп төндіретін кредит саясатын жүргізгені үшін Ұлттық банк “Н-нің лицензиясын қайтып алды” деген хабарларды жиі кездесеміз. Салымшылардың мүддесіне қауіпті дегенді айрықша атап отыр. Кез келген банк өмірге келген алғашқы қадамынан бастап өзінің ар-абыройы мен беделін ойлауы керек. Бұл- ең алдымен өз клиентіннің жағдайын ойлау, солардың сенімінен шығу деген сөз.