Әлеуметтік-экономикалық статистиканың мәні, мағынасы, әдістері, топтастыру, классификациясы және номенклатурасы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың мәні, мағынасы және әдістері 5
2. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың міндеттері және көрсеткіштер жүйесі 6
3. Жалпы классификациялардың, топтастырудың және номенклатураның түсінігі мен олардың статистикалық зерттеуде алатын орны 7
4. Экономикалық қызметтегі салалық классификациялардың түрлері. Маңызды экономикалық топтастырумен статистикадағы белгілеу жүйесі 9
ҚОРЫТЫНДЫ 10
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 11
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында статистикалық информацияны жинау, өңдеу және талдау жұмыстарының бірыңғай принциптерін ортақ программа мен методология бойынша Статистика және талдау мемлекеттік комитеті мен оның жергілікті органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік статистиканың міндеттері – жоспарлау орындарын күнделікті басшылық жұмыстарына қажет статистикалық мәлімет - хабарлармен қамтамасыз ету, еліміздің экономикалық-әлеуметтік жоспарларының орындалуын бақылау, ғылыми және практикалық статистика методологиясын ұдайы дамытып, жетілдіріп отыру болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы статистика және талдау комитетінің аппараты көптеген салалық басқармалар мен бөлімдерден тұрады. Онда сауда статистикасы, жол қатынасы, байланыс статистикасы және тағы басқалары көрсетілген. Қазіргі кезеңде статистика жөніндегі мемлекеттік комитетте өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, күрделі құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және санақтар басқармасы қызмет етеді.
Теориялық негізіне сүйене отырып, статистика қоғамдық құбылыстарды сандық жағынан сипаттауда өзіне тән әдістер қолданады. Олар статистикалық зерттеуде үш сатыдан тұрады:
- қоғамдық құбылыстардан алғашқы ақпараттарды жалпылама ғылымдық негізге сүйенген статистикалық бақылау;
- қоғамдық құбылыстардағы ақпараттарды бір тектес топтарға, не бөлімдерге жинақтау, олардың жиынтығын табу, кестелерге орналастыру;
- топталған мәліметтерді одан әрі талдау, негізделген қорытындысын шешу, олардың заңдылығын айқындау.
1. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың мәні, мағынасы және әдістері
Қазіргі «статистика» деген сөзді естімеген адамды кездестіру қиын, себебі күнделікті өмірде, іс жүзінде, статистикалық мәліметтерді қолданбайтын адам кемде-кем. Кезкелген мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық жұмыс статистикамен тығыз байланысты.
Статистика – латынның статус (status) деген сөзінен шыққан. Қазақшалағанда істің жай-күйін баяндайды. Қазіргі кезеңде статистикаға практикалық және ғылыми қызметте әртүрлі беріліп отыр. Олар: статистика – бұқаралық-қоғамдық құбылыстардың (адамның тууы, өлуі некелесуі және басқалары), жүйелі есебі:
- бұқаралық құбылыстар туралы информацияларды жинастыру, өңдеу және талдау әдістерін де статистика деп атайды.
2. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың міндеттері және көрсеткіштер жүйесі
Әлеуметтік – экономикалық статистика міндеттері:
1. Күнделікті басшылық жұмыстарына қажет статистиканың мәлімет хабарлармен қамтамасыз ету, еліміздің әлеуметтік – экономикалық тапсырмаларының орындалуын бақылау, ғылыми және практикалық статистика методологиясын ұдайы дамытып жетілдіріп отыру болып есептеледі.
3. Жалпы классификациялардың, топтастырудың және номенклатураның түсінігі мен олардың статистикалық зерттеуде алатын орны
Әлеуметтік – экономикалық статистика классификация, топтастыру мен номенклатура түсініктері өте маңызды құрал ретінде оқытылады.
Классификация дегеніміз - объектілердің ұқсастық белгілеріне қарай келесі элементтерге, яғни топтарларға, группаларға, класстарға, позицияларға, түрлерге бөлінуі. Классификация ақпараттардың дұрыс сақталуымен оны іздестіру тиімділігін арттырады.
4. Экономикалық қызметтегі салалық классификациялардың түрлері. Маңызды экономикалық топтастырумен статистикадағы белгілеу жүйесі
Объектілерді классификациялаумен оларды топтастыру статистикадағы белгілеу жүйесімен тығыз байланысты және де қазіргі компьютерлік техникамен байланысты. Экономикадағы салалық классификация кәсіпорын мен оның бөлімшелерін белгілі қатарларға бөлу үшін қажет. Экономика қызметтерінің классификация түрлері өндіріс не оның факторлары жөніндегі ақпарат көздерін жинап оған статистикалық талдау жасау үшін қажет. Салалық классификациялар мен тауарлар классификациялары тығыз байланысты.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі кезеңде статистиканың мүмкіндігі шын мәнінде шексіз. Бірақ сол мүмкіншіліктерді дұрыс, еппен пайдалана білген жөн. Статистика – басқа ғылымдар сияқты, теориялық жағдай негізінде құбылыстардың заңдылықтарын шешуге көмектесетін фактілер жинайды.
Әр ғылымның тақырыбымен қатар әдістері болуы тиіс. Статистика ғылымның өз ерекшеліктері мен әдістері бар. Олар: жаппай статистикалық бақылау, топтау, кестелер, баланс әдісі, орта шама, индекс әдістері.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Елисеева И.И., Юзбашев М.Н. Общая теория статистики: Учебник /Под ред. чл. корр. РАН И.И. Елисеевой. – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика,1999. –480 с.: ил.
2. Ефимова М.Р., Петрова Е.В., Румянцев В.И. Общая теория статистики: Учебник.Изд.2-е, испр. и доп. – М.: ИНФРА-М, 1999. -416с.
3. Теория статистики: Учебник / Под ред. Р.А. Шмойловой. 2-е изд. - М.: Финансы и статистика, 1998. -576с.
4. Кадыргалиева Р.Ф. Общая теория статистики/Учебно-методическое пособие. – Караганда, 2002. –174 с.
5. Курс социально-экономической статистики: Учебник для вузов /Под ред. проф. М. Г. Назарова. – М.: Финстатинформ, ЮНИТИ-ДАНА, 2000. – 771 с.
6. Экономическая статистика: Учебник / Под ред. Ю.Н. Иванова. – М.: ИНФРА – М, 1998 – 480 с.
7. Социальная статистика: Учебник / Под ред. чл. - кор. РАН И.И. Елисеевой. – М.: Финансы и статистика,1997. –416 с.
8. Кадыргалиева Р.Ф. Курс лекций по социально-экономической статистике: уч. пособие. – Караганда, ЦНТИ, 2001 –138 с.
9. Статистический ежегодник Казахстана 2002: Статистический сборник/ Под ред. А.А.Смаилова –Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике,2002
10. Казахстан: 1991-2001 годы. Информационно-аналитический сборник. Под ред. А. А. Смаилова – Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 2001 –432 с.