Алаш арыстары және әдебиет
Алаш қозғалысы «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш идеясы бүгінгі таңда қазақ тарихының күрделі әрі көкейкесті мәселелері болып саналады. Жоғарыда аталған күні кешеге дейін лайықты бағасын ала алмай келген ұғымдар қазақ қоғамындағы ұлттық оянудың, ұлттық сана қалыптасуының өзінше бір көрсеткіші іспетті. «Алаш» партиясын құру мен Алашорда үкіметін қалыптастыру жолындағы жанқиярлық еңбегі нәтижесінде «Алаш арыстары» ардақты есімін иеленген зиялы қауым тарих сахнасына көтерілді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев:
«Алаш немесе «Алашорда қозғалысы» – бірнеше құрамдас бөлімдерден тұратын күрделі ұғым. Сондықтан да әуел бастан Алаш (Алашорда) қозғалысына жататын жекелеген мәселелердің басын ашып, оларды нақты түрде қарастырған жөн сияқты, – деп жазды академик Кеңес Нұрпейісов. – Олар, біріншіден, саяси партия ретіндегі Алаш, екіншіден, мемлекеттік құрылым түріндегі Алаш автономиясы, үшіншіден, осы автономияны (Алаш атты қазақтың мемлекеттігін) басқаруға тиісті болған мәселелер. Басқа сөзбен айтқанда, осы нақты үш мәселе жиынтығы Алаш немесе Алашорда қозғалысы деген ұғымды білдірді. Тарихшы-ғалым айтқан пікірлерді бұтарлай тарқатуды мойнымызға алмай Сұлтанмахмұт ақынның Алаш идеясын бірден іліп әкетіп шығармаларының арман-аңсарына айналдыруын бөле-жара айтуымыз шарт.
Төңкерістен соң қазақ жерінде кеңінен өріс алған автономия алу, өз алдына жеке ел болу идеясы «Алаш ұраны» өлеңінің өзекті түйіні, кесікті байламы.
Алаш туы астында,
Күн сөнгеше сөнбейміз!
Енді ешкімнің алашты
Қорлығына бермейміз!
Жасасын, алаш, жасасын! – деп ақынның жігерлене жыр кестелеуі сол заман ақиқатын көз алдымызға елестетеді. «Жасасын, алаш, жасасын!» рефрені бостандық, азаттық идеясының жасампаздығына ақынның қалтқысыз сенетіндігін көрсететін жанды айғақ.
Р.Мәрсеков – юрист, Петербург университетінің заң факультетінде оқыған. «Айқап» журналында, «Қазақ» газетінде түрлі тақырыпқа жазған мақалалары ұшырасады. Семей қаласында шығып тұрған «Свободная речь» газеті Р.Мәрсековтің Семей облыстық земство басқармасының төрағасы қызметіне кіріскенін хабарлады. Р.Мәрсековпен Семейдегі қазақ комитетінде Сұлтанмахмұт бірге істегендіктен жетістік, кемшіліктерін жетік білген.
Сонда-дағы жүре ме ірісінбей?
Сөз айта ма көгеріп бір ісінбей?
Демеңіз Обломовтың жамағайыны,
Нақ типі – не аға, не інісіндей.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. А.:Атамұра, 1999.
2. Нұрпейіс К. Алаш Һәм Алашорда. А.:Ататек, 1995.
3. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. А.: Санат, 1995.
4. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М.:Россия молодая ,1994.
5. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас.А.: Қазақ университеті, 2004.
6. Нурмагамбетова Р.К. Движение Алаш и Алаш-Орда. А.: 2003.
7. Ахмедов Ғ. Алаш «Алаш» болғанда. А.: Жалын, 1996.
8. Нұрғали Р.Әуезов және алаш. А.:Санат, 1997.
9. Қамзабекұлы Д. Алаш және әдебиет. А.: Фолиант, 2002.
10.Өзбекұлы С. Арыстары алаштың. А.:Жеті жарғы, 1998.
11.Алаш және Әуезов (конф. материалдары)А.: Жазушы, 2007.
12. Әуезов М.Әдебиет тарихы. А.:Ана тілі, 1991.
13. Шәкәрім. Шығармалары. А.:Жазушы, 1998.
14. «Қазақ», 1918, 30 июль, №262.
15. «Қазақ», 1917, 12 апрель, №225.
16. «Сарыарқа», 1917, 30 қазан , 13 қараша.
17. Торайғыров С.Шығармалар.Екі томдық, 1- том.А.: Ғылым, 1993.