Жер планетасының эволюциясы
Жоспар
1 Жер планетасының эволюциясы 3
2 Планетадағы заттардың айналымы. Өзектілік қағидасы 9
3 Континенттер эволюциясы. Мобилизм теориясы.
Литосфералық плиталар 11
1 Жер планетасының эволюциясы
Жерді Күн жүйесінің планетасы және аспан денесі ретінде қарастырсақ, ол диск тәрізді айналып тұрған газды - шаңды бұлттан 4,7 млрд жыл бұрын пайда болған. Қазіргі кезде осы бұлттың температурасына деген көзқарас бойынша зерттеушілердің бірнеше тобын көрсетуге болады. Олардың бір тобының ойы бойынша (В. Гольдшмидт, Г. Джеффрис, В.Г.Фесенков және т.б.) протопланеталық бұлт ыстық болған десе, ал зерттеушілердің екінші тобы (В.И.Вернадский, О.Ю.Шмидт, Р.Руби, А.П.Виноградов және т.б.) бұл бұлт суық болған деп есептейді.
Планеталардың газ – шаңды бұлттан пайда болуы
Жер Күнді 30 шақ/сек жылдамдықпен айналады. Протопланеталық газ-шаңды бұлттарда да заттардың осы айналу жылдамдығы сақталған. Центрге тартқыш күштердің әсерінен, бұлттағы қатты бөлшектер бір - бірімен
2 Планетадағы заттардың айналымы. Өзектілік қағидасы
Жердің затымен төмендегі негізгі үш түрлі ішкі процестер үнемі жүрген және қазір де орын алып отыр:
1. Біз атқылаған вулкандардан лава түрінде бақылайтын, балқыған тау жыныстарының (магмалардың), ыстық заттардың қозғалысы.
2. Біз жыныстардың жоғары, төмен немесе жан-жаққа қозғалыстары арқылы ой - қорытынды жасай алатын қатты жынытардың қозғалысы.
Ертерек түскен қабаттар кешірек түскен қабаттардың астында қалып, қысым мен ауырлық күшінің әсерінен көп шақырымдық шөгінді жыныстарды құрайды.
3 Континенттер эволюциясы. Мобилизм теориясы. Литосфералық плиталар
Жер қатты деген түсінік адамдардың санасында берік орын тепкен, сол себепті болар материктердің алып мұздар секілді ағып жүретінін және үнемі қозғалыста болатындығы түйсіну қарапайым сана үшін әлі де өте күрделі.
Литосфералық плиталардың ажырау жылдамдықтары әртүрлі, мысалға: Атлант және Тынық мұхиттың солтүстік бөліктерінде бұл жылдамдық жылына 2-2.5 см. болса, Тынық мұхиттың шығыс бөлігінде 10-12 см – ге тең.
Геологтардың мәлімдеуі бойынша, осы тектоникалық белсенділіктің жоғары кезеңдерінде магматизм де жоғарылайды. Вулкандардан бөлінген жыныстардың жастарын анықтау арқылы қысқа миллиондаған жылға ғана