Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 76 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеу


Мазмұны
Кіріспе 3
І-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі 5
1.1 Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы 5
1.2 Аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары 9
1.2.1 Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және негізгі тәсілдері 9
1.2.2 Фермерлік баға мен табыстарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары 15
1.2.3 Агробизнесті мемлекеттік реттеу тегерішіндегі салықтық құралдар 20
1.3 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары 26
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары 34
2.1 Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері 34
2.2 Ауылды мемлекеттік қолдау 35
2.3 Ауыл тұрғындарының ішкі көші-қон проблемалары 37
2.4 Жер қатынастарын реформалау және ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік институтын енгізу 39
2.5 Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі 42
2.5.1 Өндірістік қатынастар мен шаруашылық санаттарындағы өзгерістер 50
2.5.2 Саланың реформадан кейінгі материалдық базасының жағдайы 53
2.5.3 Негізгі өндіргіш күштің жағдайы 54
2.5.4 Жер шаруашылығының жағдайы 55
2.5.5 Мал шаруашылығындағы жағдай 58
2.6 Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру 59
ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары 62
3.1 Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту 62
3.2 Агроөнеркәсіптік кешеңдердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары 64
3.3 Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары 68
Қорытынды 73
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 76

Кіріспе

Ауыл шаруашылық проблемалары өте күрделі мәселе, еліміздің бүгінгі тіршілігі мен келешегінің мүдделі міндеттерінің бірі, бірі емес бірегейі. Президент бұл мәселені бекер көтеріп отырмаса керек. Еліміз экономикасының, егемендігінің, мәдениетінің келешегін жан-жақты ойлап, күрделі міндетті қолға алып отыр деп есептеймін.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: «...барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді...». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналады.

І-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі

1.1 Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизнестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық - әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады.

1.2 Аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары

1.2.1 Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және негізгі тәсілдері

Қазіргі жағдайда Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты нарықтық экономиканың экономикалық процестеріне мемлекеттік араласу болмауы керек деген тұжырым барынша кеңінен тарған. Соған қарамастан, дамыған елдердің тәжірибес көрсетіп отырғанындай, мемлекеттік реттеу агробизнес кешенінің қажетті буыны болып табылады.
Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі, мемлекеттік бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері тіпті дамыған нарық жағдайында да бірқатар обьективтік факторлар мен анықталады. Ең алдымен, мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық саясатпен тығыз байланыста болғандықтан, өздерінің әлеуметтік және экономикалық маңызы бойынша олар әртекті болып келеді және қоғамдық пікірмен әр түрлі қабылданады. Экономикалық дамудың әр түрлі кезеңдерінде бұл шаралар ауысып отыруы мүмкін, бірақ олардың көпшілігі дамыған елдердің күнделікті қызметіне кірігіп кетті және қазіргі жағдайда нарықтық экономикалық теорияның тиісті тарауларының негізін құрайды. Сонымен қатар кейбір шаралар қалыптасқан саяси және әлеуметтік коньюнктураның әсеріне ұшырады.

1.2.2 Фермерлік баға мен табыстарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары

Отандық агроөнеркәсіп кешенін табыспен реформалау үшін жоғарыда айтылған мемлекеттік реттеу әдістерінің үлкен тәжірибелік маңызы бар. Оларды пайдалануға болады, бірақ бұл жағдайда олар нарықтық экономика дамыған және агроөнеркәсіптік өндірістің салыстырмалы тұрақтылығы жағдайындағы өндірістік-экономикалық қатынастарды реттеуге бағытталғанын естен шығармау керек. Қазіргі жағдайда дағдарыстан шығу біздің республикамыздың ауыл шаруашылығындағы барынша қиын жаңғыруларды жүргізуде мемлекеттік реттеудің қоршаған ортаның жай-күйін қатаң бақылау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын бақылау және басқа аспектілердегі бірқатар бақылау бағыттары Қазақстандағы агробизнес үшін айта қаларлықтай пайдалы. Реттеудің экономикалық тегерішінің басқа да жақтары болашақта, қажетті саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар пісіп жетілген кезде өте перспективалы болатыны сөзсіз. Бұл жерде сондай-ақ жергілікті аймақтық ерекшеліктердің басты назарда болғаны дұрыс. Дегенмен, агроөнеркәсіп кешені өзінің бірқалыпты жұмыс істеуі және дамуы үшін міндетті түрде мемлекеттік реттеу мен қолдауды қажет ететін жағдай ең басты нәрсе болып табылады.

1.2.3 Агробизнесті мемлекеттік реттеу тегерішіндегі салықтық құралдар

Бизнесті, оның ішінде аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің маңызды құралдарының бірі салықтық саясат болып табылады. Бұл жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісінде жалпы алғанда, оның ішінде агробизнесте салық салу жүйесінің ерекше қалыптасуына ұмтылу оның кең тараған түрі болып табылады. Мұндай ұмтылыс дамыған елдерге тән. Және мұның өзін оның жақтаушылары, әдетте өтпелі кезең мен жоғарыда айтылған ауыл шаруашылығының өзіндік және агроөнеркәсіп өндірісінің көптеген ерекшеліктерімен байланыстырылып түсіндіріледі. Бір айта кететін жәйт, салық салу негізінен аграрлық секторда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға тікелей салықтық жеңілдіктер берумен ерекшеленеді.

1.3 Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары

Қазақстан – 16,5 миллион адам тұратын Орталық Азиядағы ірі ел, ол өзінің көлемі жағынан дүние жүзінде сегізінші орын (жер аумағы 2 миллион 717, 3 мың шаршы километр) алады.
Көмір, қара және түсті металл, мұнай, газ өңдіру жөніндегі дамыған өнеркәсібі, металлургия және металл өңдеу, машина жасау, химия және жеңіл өнеркәсібімен қатар республиканың мықты агроөнеркәсіптік потенциалы да бар.

ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары

2.1 Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері

Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап елде жүргізілген аграрлық реформалардың онды тенденциялары да, теріс зардаптары да болады. Нарықтық қатынастарға көшу жөніндегі құқықтық және заңдық база жасалды, мүлік пен жер үлесін жеке адамдарға бере отырып мемлекеттік меншік жекешелендірілді, көп тұрпатты экономиканы дамытудың жаңа алғышарттары, көп тұрпатты экономиканы дамытудың жаңа алғышарттары, баға, несие - қаражат жүйесі жасалды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық кәсіпорындарын бір мезгілде жаппай ұсақтау өсімдік және мал шаруашылықтарында қалыптасқан дәстүрлі технологиялық процестерге елеулі нұқсан келтірді. Ол шара бәсекелестіктің өсуіне, еңбекке ынтаның артуына жәрдемдеседі деп күтілген еді. Керісінше, теріс процестердің белең алуына, өндірістің құлдырауына, өнімді сақтау, өңдеу және сату салаларында монополист - делдалдардың пайда болуына апарып соқтырды. Бұл себептерінің біріне айналды.

2.2 Ауылды мемлекеттік қолдау

Жолдауда айтылғандай, 2003 жылдан бастап ауыл шаруашылығын дамытуға бюджеттен жыл сайын қосымша 8-10 миллиард теңге бөлінбек. Ауылды қолдау басты міндет деген идеяның өзін өрбіте түссек, біздің ойымызша, мемлекеттің материалдық-техникалық қорлардың табиғи монополияларының өніміне бағаның тепе-тендігін қамтамасыз ету және мемлекеттік тапсырыс бойынша сатып алынатын ауыл шаруашылық өніміне кепілді баға белгілеу жөніндегі реттеуші қызметін көтеру қажет.
Астыққа мемлекеттік тапсырысты қалпына келтіру немесе өндірушілердің өндірістік шығынын өтеп, қайтарып және белгілі дәрежеде табыс беретін кепілді бағамен «Азық-түлік корпорациясы арқылы» мемлекет мұқтажы үшін сатып алынатын өнім көлемін 50 пайыз көбейту, сондай-ақ экспортқа бағдарланған өнімді міндетті түрде мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

2.3 Ауыл тұрғындарының ішкі көші-қон проблемалары

Қазақстанда экологиялық жағынан қауіпті әлеуметтік даму жағынан артта қалған аудандар саны едәуір, оларда 2 миллиондай адам тұрады. Әлеуметтік-демографиялық тұрғыдан келсек, олардағы халықтың дені қазақтар, көп балалар отбасылар. Арал маңының экология жағынан қолайсыз аудандарын, Семей полигонына қапталдас аудандарды, әртүрлі зымырандық сынақ жасалған басқа да аудандарды ескерсек, әлеуметтік-экономикалық жағдайы өте ауыр жерлерде тұрып жатқан қазақтардың үлес салмағы олардың республикадағы барлық санының 40 пайызындай. Экономикалық реформаларды жүргізген кезде осы аудандардың ауа райының қолайсыздығы, экономикалық мүмкіндіктерінің шектеулілігі, қатынастың қиындығы сияқты ерекшеліктері толық ескерілмесе, жағдай одан әрі ушыға түседі.

ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары

3.1 Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту

Ауыл шаруашылық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін анықтаудың критерийі:
Тиімділік, шығындарды азайту әлеуеті.
Бәсекелелік индексі:
Ішкі рынокта, импорт бағасының ішкі рыноктағы сату бағаларына қатынасы ретінде есептеледі,
Сыртқы рынокта, әлемдік және ресейлік бағалардың экспорттық бағаларға қатынасы ретінде есептеледі.
Сұраныс - ұсыныс индекс:
Ішкі рынокта, нақты қажеттіліктің отандық өндіріске қатынасы ретінде есептеледі,
Сыртқы рынокта, ішкі тұтынуды алып тастағанда экспорт көлемінің өндіріс көлеміне қатынасы ретінде есептеледі.

3.2 Агроөнеркәсіптік кешеңдердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары

Республикамыздың экономикасының қазіргі кезеңінде әлеуметтік – экономикалық жүйені өзгертуде, оны нарықтық қатынастарға ауыстыруда едәуір оң нәтижелер бар. «Біз жетпіс жыл бойы өзіміз өмір сүрген ескі саяси және экономикалық жүйеден іргемізді түбегейлі аулақ салдық. Бүгін мүлде жаңа мемлекет өмір сүріп отыр, мүлде өзге саяси және экономикалық жүйе жұмыс істеуде»
Экономиканы дағдарыстан шығару туралы айтсақ, бұл жерде әлі де шешілуге тиісті мәселелер баршылық. Себебі, өндіріс одан әрі құлдырап, ұлттық табыс азайып бара жатқан жағдайларда жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан, экономикалық реформаларды тереңдету бағдарламасына кейбір өзгертулер, антимонополиялық шараларды іске асыру, экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін кеңіек қолдану керек.

3.3 Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары

Қазіргі жағдайда Қазақстандағы экономикалық жаңғырулар өзінің шешуші кезеңіне енді. Қазірдің өзінде нарықтық қатынастардың жұмыс істеудің негізі және тиісті ұйымдық құрылым қаланып, бірте-бірте өндіріс құлдырауы тоқтатылып және алға қарай жылжу мүмкіндігі пайда болып, үлкен мақсаттар мен агроөнеркәсіптік өндіріс дамуының стратегиясы мен тактикасын анықтау қажеттілігі туды.

Қорытынды

Қазір ел жаңа тіршілікке, жаңа өмір талабына үйрене бастады. Тап бүгін ауылдық жерлерден жастардың топтап қашуы типылды десе де болады. Өйткені, ашаршылық жоқ. Малдың басы да көбейе түскені шындық. Мыңдап қой айдаған байды көрдік. Керісінше бірлі-жарым жастар ауылға оралып, әке-шешесіне қолғабыс тигізіп жүр. Бұл – жақсылық, әрине. Жалпы алғанда, урбанизациялық экономика ауылдық жердің тұрғыны аз болатыны заңдылық. Мысалы, АҚШ-та ауылдық жерде мемлекет халқының 26 пайызы ғана тұрады екен. Жапонияда бұл көрсеткіш одан да төмен. Егер ауыл шаруашылығын ғылыми негізде техникамен қамтамасыз етіп, жан-жақты ұйымдастырылған шаруашылық жүйесі орнықса, осы күннің өзінде-ақ құны төмен ет, сүт, астық, техникалық өнімдер өндіруге жетерлік ала күші ауылдық жерде бар. Міндет – жастарды қалаға қанша үгіттеуде емес, оларға ауылдық жерде мәдениетті, өркениетті, білікті тіршілік жасауына жағдай туғызуда болып отыр.