Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот
Жоспар
1 Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері 3
2 Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы 5
3 Ішкі істер органдары 8
4 ҚР-ның қауіпсіздік комитеті органдарының жүйесі, мақсаты 12
5 Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі 21
Әдебиеттер 30
1 Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері
Республикада Конституция, Заңдар, Президент жарлықтары және басқа нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау органдары құрылған.
Құқық қорғау органдарына жататындар: прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, соттар, адвокатура.
Азаматтардың, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін әрбір құқық қорғау органының алдына қойылатын өз міндеттері, оларға берілген ерекше құқықтар болады. Олар бipiн-бipi қайталамайды, 6ipaқ өз міндеттерін орындау үстінде бip-бipінe қолқабыс тигізіп отырады. Прокуратура, ішкі істер органдары, тергеу органдары жинақталып келгенде күш құрылымы болып табылады ол кімдердің тарапынан болса да, мейлі өз еліміздегі азаматтардың, мейлі шетелдік азаматтардың, мейлі азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан болсын, заңдарды қол сұғушылықтан қорғау күзетінде тұрған сақшылар болып та буылады.
2 Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы
Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, ҚР Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.
3 Ішкі істер органдары
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары еліміздің заңдарына сәйкес анықтау, алдын-ала тергеу мен жедел іздестіру қызметін сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне қылмыстық және өзге де заңға қарсы қол сұғу шылықтардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі атқарушылық және өкім етушілік міндеттерін жүзеге асыратын арнайы мемлекеттік орган болып табылады.
4 ҚР-ның қауіпсіздік комитеті органдарының жүйесі, мақсаты
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары — республиканың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздеріне берілген өкiлеттiктер шегінде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттік егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуге арналған
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік органдар.
Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:
5 Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі
Құқық қорғау органдары жүйесіндегі маңызды орын алатын мемлекеттік органдардың бірі — соттар. Сот әділеттілігін іске асыра отырып соттар, жаза тағайындау, жазадан босату т.б. сияқты шешімдер қабылдай отырып, құқықты қолданып, өзінің биліктік құзыретін жүзеге асырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, олардың мүдделерін, әділ, заң арқылы қорғауға тиіс орган. Адамдар қажет болғанда әділдік үшін сот төрелігіне жүгінеді.
Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік билік тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат тұтады.