Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар
Жоспар
1 Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар 3
1.1 Жала жабу 3
1.2 Қорлау 4
1.3 Жыныстық қылмыстар 5
1.4 Зорлау 6
1.5 Нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық әрекеттері 8
1.3 Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету 10
1.7 Жас балаларды азғындату 12
Әдебиеттер 13
1 Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар
1.1 Жала жабу
Қылмыстық кодексте жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату-деп көрсетілген. Қылмыстың тікелей объектісі адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті, беделі. Қылмыстың заты көрінеу жалған мәліметтер. Қылмыстың жәбірленушісі болып кез келген адам, оған есі дұрыс емес, кәмелетке жасы толмаған, өлген адамдар да жатады.
1.2 Қорлау
Қылмыстың тікелей объектісі - адамдардың ар-намысы, қадір-қаиеті, беделі.
Қылмыстың жәбірленушісі кез келген адам.Объективтік жағынан қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту арқылы жүзеге асырылады.Қылмыстың объективтік жағының міндетті белгілерінің бірі адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту болып табылады.
1.3 Жыныстық қылмыстар
Жыныстық қылмыстардың қоғамға қауіптілігі өте зор және ол кең өріс алған қылмыстардың бірі. Оның қоғамға қауіптілігі сол мұндай қылмыстарды істеу азаматтардың заң қорғайтын жыныстық бостандығына және жыныстық бостандығына қол сұғылмаушылыққа қасақана қол сұғу арқылы, оларға моральдық, рухани, адамгершілік тұрғысынан зиян келтіре отырып, жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығына зор қатер туғызады.
1.4 Зорлау
Зорлаудың тікелей объектісі әйелдің жыныстық еркі және бостандығы, ал қосымша тікелей объектісі әйелдің денсаулығы, ар-намысы болып табылады. Қылмыстың жәбірленушісі тек қана әйел жынысты адамдар болады. Объективтік жағынан алғанда зорлау жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау арқылы көрініс табады.
1.5 Нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық әрекеттері
Қылмыстың объектісі жәбірленушінің (әйелдің де, еркектің де) жыныстық бостандығы. Қылмыс объективтік жағынан жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де әрекеттер арқылы сипатталады.
1.3 Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерге мәжбүр ету
Қылмыстың тікелей объектісі жыныс бостандығы, қосымша тікелей объект жәбірленушінің ар-намысы, адамгершілігі немесе мүліктік мүдделері. Объективтік жағынан қылмыс адамды бопсалау, мүлкін құртамын, бүлдіремін немесе тартып аламын деп қорқыту жолымен де жәбірленушінің материалдық немесе өзге тәуелділігін пайдаланып жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттерді жасауға мәжбүр ету арқылы сипатталады.
1.7 Жас балаларды азғындату
Қылмыстың объектісі жеткіншектердің адамгершілік тұрғысынан дұрыс қалыптасуы болып табылады. Объективтік жағынан қылмыс-14 жасқа жетпегендігі айқын адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс әрекеттерді жасау арқылы көрініс табады. Кінәлының немесе жеткіншектердің жыныстық құмарлығын жыныстық қатынас жасаумен байланыссыз түрде қанағаттандыруға бағытталған әр түрлі іс-әрекеттерді істеуі азғындық деп танылады. Азғындық әрекеттер интеллектуалдық және қимыл көрсету арқылы жүзеге асырылады. Интеллектуалдық азғындыққа әр түрлі порнографиялық өнімдерді, бейнефильмдерді көрсету, жыныстық тақырыптағы әдепсіз әңгімелер айту, осы тұрғыдағы шығармаларды оларға оқуға берулер жатады.