Рум құқығының ұғымы мен пәні
Жоспар
1 Рум құқығының ұғымы мен пәні 3
1.1 Рум құқығының ұғымы мен маңызы 3
1.2 Рум құқығының жүйесі 5
1.3 Рум құқығының негізгі белгілері 8
1.4 Рум мемлекеті және құқығы туралы тарихи шолу 9
Әдебиеттер 13
1 Рум құқығының ұғымы мен пәні
1.1 Рум құқығының ұғымы мен маңызы
Алдымен бірнеше ұғымдарын түсіндірейік. Бұл оқулық пән орыс тілінде «Римское частное право» деп оқылады. Ал совет одағының кезінде ең толық екі томдық орысша-қазақша сөздікте «римское право» деген пәнін – Рим мемлекеті заңдарының жинағы» әлде Рим правосы деп аударылған. Осы аудармасы бүгін аса дұрыс деп атауға болмайды. Сол кезде «право» деген сөз правосы деп аударылған.Сондықтан совет кезенде бізде құқықта болған жоқ деп айтуғада болады. Біз қазір оны «құқық» әлде «хұқық» дейміз. Орысша Рим деген қаласы мен мемлекеті өз тілінде латынша Рома делінген. Шығыс тарихында оны Рум және румдық атаған, сондықтан Рум құқығы дегеніміз дұрыстау болса керек.
1.2 Рум құқығының жүйесі
Мемлекеттік бірізділік бойынша юриспруденция жөнінде рум құқығы рум жеке құқығы деп аталды. Оған бір себеп бар. Көне Румда құқық екі тарауға бөлінген. Оның бірі - жеке құқық, екіншісі - көпшілік немесе қоғамдық құқық болған. Латынша jus privatum және jus publicum аталған.
1.3 Рум құқығының негізгі белгілері
Бүкіл тарих бойынша заң ғылымында үлкен деңгейге жеткен бірден-бір сала – Рум құқығы. Басқа тарихи құқықтық жүйелерден қарастырсақ, оның бірнеше көрнекті айырмашылықтары бар. Сол айырмашылықтарды Рум құқығының белгілері деп санаймыз. Олардың біріншісі - шектелмеген жеке меншік құқығының институты. Бұл Рум құқығының ұйытқысы. Ол құл иеленушілердің жерге ие болуына, саудагерлерге тауарларды сату т.б. әрекеттерден көрінеді. Екіншісі – келісім-шарттардың институты. Бұл Румда ерікті азаматтарға үлкен шаруашылықпен айналысу үшін көптеген түрлі келісім құжаттар пайда болу үшін, келісімдер орындалу үшін көп көмек көрсеткен.
1.4 Рум мемлекеті және құқығы туралы тарихи шолу
Рум құқығын Рум тарихсіз түсіндіруге болмайды. Өйткені құқық бір мерзіммен шыққан жоқ, оның шығуы, дамуы және жоюға бұрылатын кездер болған. Сондықтан ру мемлекетінің және Рум құқығының тарихын қысқаша болса да жақсы білуіміз қажет.