Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 44 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстанға жер аударылған халықтар және олардың Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіріп, дамытуға қосқан үлесі (1946-1960 жылдар)

МАЗМҰНЫ
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 3
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ 14
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 36

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі жылдар ішінде еліміздің кеңестік кезеңдегі тарихы туралы ақиқатты айтуға, оның әлі де толық зерттелмеген көлеңке беттерін ашу мүмкіндігіне қол жеткіздік.
Тәуелсіздіктен кейінгі уақыт ағымында үлкен бетбұрыс жасалып, демократиялық құқықтық зайырлы мемлекет құрылды. Бүгінде Қазақстан көп ұлтты мемлекет ретінде оны мекендейтін 130-дай халықтар мен ұлттардың өз отанына айналып отыр.
Кеңестік жаппай қуғын-сүргін тарихы көптеген зерттеулерге арқау болды. Бірақ тұтас халықтарды жер аудару тарихын зерттеу әлі де терең ізденістерді талап етеді. ХХ ғасырдың 30-шы жылдары мен 50-ші жылдарының басы КСРО-да көптеген адамдарды, тіпті тұтастай халықтарды күштеп жер аударудың орын алған кезеңі еді.
Тоталитарлық жүйе миллиондаған азаматтардың тағдырын қиды. Сол жылдары ұлттық мүддені қорғаған зиялыларды, қарапайым еңбек адамдарын жазықсыз қудаласа, кейіннен бұл саясат шекаралық аймақтағы тұтастай халықтарды туған жерінен айырып, басқа аймаққа күшпен жер аудартты. Оларды қоныстандырған жердің негізгі қатарында Қазақстан да бар болатын. Осындай аласапыран заманда Қазақстандағы демографиялық ахуалдың күрт төмендеуін жер аударылғандар толықтырды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде гитлерлік әскер мен режимге жәрдемдесті деген сылтаумен Еділ бойындағы немістер, Солтүстік Кавказ, Қырым жағалауын мекендеуші біраз халықтар қудаланып, туған жерінен тыс, алыс жерлерге күшпен жер аударылды. Егер осындай адамдар немесе жеке бір топтар болған жағдайда тек соларға ғана заң жолымен шара қолданудың орнына кеңес үкіметі тұтастай халықтар мен этникалық топтарды жер аударды. Мұның өзі олардың соғыс жағдайында өздері аймақтарына әсерін тигізген ауыр да күрделі саяси мәселе болғандығы ақиқат.
Мемлекеттің кең көлемде жүргізген осы заңсыз шаралары бүгінгі күнге дейін толық зерттелмей келе жатқан мәселе.
Кеңестік жүйе тұсында саяси қуғын-сүргін бірнеше сатыдан өтті. Ол патшалық Ресей тұсындағы Сібірге жер аудару, каторгаға жіберу сияқты тәжірибені ұтымды пайдаланды.
Әуелде депортация бұрынғы жүйеге қызмет еткен жеке адамдарға, одан кейін БК(б)П қарсыластарына, онан соң тұтас ұлттарға жайылды. Сүйтіп сталиндік қуғын-сүргін жылдары орын алған саясат жер аударылғандарды ұлттық болмысынан, ділінен, мәдениетінен айырып, негізсіз кінә тақты, қатал жазалады. Бұл кеңестік ұлт саясатының заңдылықты сақтамауының айқын көрінісі болды. Бірінен соң бірі жарыққа шығып жатқан сол кездегі заң актілері күшпен жер аударылған халықтардың жан-жақты дамуына, келешегіне түбегейлі кедергі келтірді.
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында және соғыс жылдарында Қазақстанға жер аударылған корей, шешен, ингуш, түрік, болгар, Қырым татарлары және басқа халықтар мен этникалық топтар өкілдері соғыс кезінде және соғыстан кейінгі жылдары республика халық шаруашылығының барлық саласында еңбек етіп, оның өркендеуіне өз үлестерін қосты. 1957 ж. олардың елдеріне қайтуына, ұлттық-мемлекеттік құрылымдарының қалпына келтірілуіне байланысты КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлықтары мен КСРО үкіметінің қаулы-қарарларына қарамастан олардың негізгі бөлігі осында түпкілікті қалып қойды. Тек Кавказ түріктері, немістер мен Қырым татарларына еліне қайтуға жағдай жасалған жоқ. Бүгінде олардың бәрі Қазақстан Республикасының тең құқықты азаматтары. Олардың соғыстан кейінгі Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін дамытуға қосқан үлесі арнайы зерттеуді қажет ететіндігі айқын.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Сталиндік қуғын-сүргін тарихының құрамдас бөлігі ретінде депортацияның күрделі мәселелерін зерттеу қазіргі отандық тарих ғылымының басты міндеттерінің бірі. Саяси қуғын-сүргін тарихы, халықтарды жазықсыз жер аудару мәселесі кеңестік кезеңде құпия сақталып келді. Бұл проблемалар туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу түгілі оларды баспасөз бетінде атауға тыйым салынды. Тек ХХ ғ. 80-ші жылдарының соңында ғана КСРО көлеміндегі демократиялық процестердің нәтижесінде бұрын ақиқат тұрғысынан айтуға тыйым салынған тарихтағы «ақтаңдақтар» мәселесі көтеріле бастады. Солардың қатарында КСРО-ның бір аймағынан екінші жеріне күштеп жер аударылған халықтар мен олардың тағдыры туралы зерттеу жұмыстарын жүргізуге жол ашылды. Сөйтіп осы мәселеге байланысты бұрыннан құпия сақталған мұрағат құжаттары ашылып, араға 50-60 жыл салып барып кеңестік күштеп қоныс аудару саясатының орны толмас зардаптары туралы ғылыми конференцияларда баяндамалар жасалынып, алғашқы материалдар жарық көрді.
Кеңестік биліктің халықтарды жер аудару туралы жоспарлары, олардың іске асырылуы, жер аударылған халықтардың қанқұйлы саясаттан күйреген тарихи атамекендері, тұрмыстық және құқықтық жағдайы жөнінде құжаттар легін алғаш рет Ресей ғалымдары Н.Ф. Бугай, В.Н. Земсков, А.М. Некрич жариялады [1].
Қазақстанның тәуелсіздік алуы тек қазақ халқы тарихының ақтаңдақ беттерін ғана ашып қойған жоқ. 1990 жылдан бері атамекендерінен қуылып, күштеп қоныс аударылған, бүгінде екінші отанында тұрақтап қалған басқа да ұлт өкілдерінің өткен тарихының көлеңкелі тұстарының шынайы беттері ашылды. Айтулы мәселеге орай еліміздегі жер аударылған халықтар тарихын жазуға үлес қосқан көрнекті ғалым, академик М.Қ. Қозыбаев болды [2].
Елімізге күштеп көшірілген халықтарды атамекендерінен жер аудару саясатының жасырын ұйымдастырылып, орындалу барысын қашан және қанша адамның Қазақстанға қалай орналасқанын, еңбек армиясына қатынасуын нақты деректермен талдау жасай отырып дәлелдеген Қ.С. Алдажұмановтың зерттеулерінің мазмұны мен маңызы тереңдігімен ерекшеленеді [3].

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Жұмыстың «Кіріспе» бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, мақсаттары мен міндеттері, әдістемелік негізі, ғылыми жаңалығы мен қолданбалы маңызы айқындалып, мәселенің зерттелу дәрежесіне талдау жасалады және пайдаланылған деректерге сипаттама беріледі.
Зерттеудің «Қазақстанға жер аударылған халықтардың Ұлы Отан соғысынан кейінгі жағдайы» деп аталатын бірінші тарауда Қазақстанға күштеп жер аударылған халықтардың орналасу барысы мен олардың материалдық - тұрмыстық жағдайы қарастырылады.
1946 ж. КСРО-да жалпы жер аударылғандар саны 2 463 940 адамға жетті (ал басқа деректерде 2 826 419 адам). Олардың Қазақстан Республикасына жалпы жер аударылғаны 1 млн. 200 мың адам болды.
Алайда олардың келген кездегі әр ай сайын тіркеліп отырған құжаттарында жаңадан қосылғандар мен басқа жерге ауыстырылғандар, туылғандар мен өлгендер, әскерден және әскери ауруханадан оралғандар, ажырап қалған отбасылардың қайта қосылуы, отбасыларын екіге бөлу сияқты өзгерістерге байланысты нақты санын тура айту да қиын.
1947 ж. 1 қаңтардағы есеп бойынша қоныстанғандарды ұлтына қарай бөлсек, шешен-ингуш 88 650 отбасы (341 328 адам), балқарлар 5175 отбасы (18 327адам), қарашайлар отбасы 10090 отбасы (37485 адам), немістер 101314 отбасы (325 662), қалмақтар 781 отбасы (2031 адам), Грузиядан келгендер 6696 отбасы (27 546 адам), Қырым татарлары 1 424 отбасы (4 039 адам), жалпы саны 255 170 отбасы (894 687 адам) тіркелінген.
1948 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандардан жалпы саны 781 170 адам тіркелінген. Олар ұлтына қарай былай бөлінді: шешен-ингуштер - 87 860 отбасы (338 238 адам), қарашайлар 10 013 отбасы (37 019 адам), балқарларда - 5 164 отбасы (18 142 адам), немістер 101 479 отбасы (343 998 адам), қалмақтардан - 809 отбасы (2 137 адам), Грузиядан келгендерден құрамында - 6 767 отбасы (27 210 адам), Қырымнан - 1 549 отбасы (4 574 адам) болса, 1949 ж. республикада арнайы жер аударылғандардан - 250 428 отбасы (892 671 адам) тіркелінді. Олардың ішінде шешен-ингуштер – 78 995 отбасы (299 170 адам), немістер- 123 113 отбасы (410 268 адам), гректер 371 108 адам, қарашайлар – 9 067 отбасы (33 754 адам), балқарлар – 4 772 отбасы (17 558 адам), поляктар - 32 652 адам, қалмақтар – 765 отбасы (2 265 адам), Грузиядан келгендер – (29 699 адам), Қырымнан келген 1 937 отбасы (5858 адам) тіркелінген [16].
Сонда 1949 жылы қазақ жеріне күштеп қоныс аударылған халықтардың 36 % орналастырылса, бұл Орта Азияның барлық республикаларынан екі есе, ал Батыс және Шығыс Сібірден 6 % көп, яғни республикамызда әрбір 10 адамның 4-і күштеп көшірілген 51 ұлттың өкілдері болды. Оның үстінен күштеп көшірілген халықтардың көбі Қазақстанға жөнелтіліп отырған. 1949 жылы Қызылорда, Талдықорған, Алматы облыстарына 45400 адам жер аударылғандар жіберіледі деп хабарланып, жеткізілгендер саны 57 154 адам, яғни 11 714 адам артығымен жіберілген. Осындай себептерден келе жатқан адамдарға ғана дайындаған тұрмыстық (баспана, азық-түлік) керек-жарақтар жетпей жатты.
Соғыстан кейінгі жылдары, соғыс кезіндегі Еңбек армиясы болмаса да, арзан және міндетті еңбек күші ретінде жер ауып келгендер басқа да осы сияқты адамдармен қатар бұрынғыша халық шаруашылығына мобилизациямен тартылатын болды.
Сол кездің өзінде-ақ олардың көпшілігін қоныстанған орындарынан қашуын тоқтату үшін республика ішінде қалалардан, аудан орталықтарынан және темір жол станциялары аймақтарынан алыс жатқан мал совхоздары мен колхоздарға бос жатқан жаңа жерлерді игеруге пайдаланып бұл ішкі қоныс аудару «науқаны» әлденеше рет жүргізілді. Бұндай әрекеттерден шығындар да көбейді. Мысалы, 1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының игерілетін суармалы жерлерінде колхозшылды көбейту керек болды. Осының нәтижесінде бетпақ даланы игеруге 3 мың жер аударылғандар үгіттеліп жіберілді. Жағдайларының жақсаратына сенген олар көшуге келісім берді. Бірақ оларға жаңа жерлерде де жер аударылғандар екенін білдіретін құжаттарын өзгертуге құқы болмады. Барған жерлерде де олардың материалдық-тұрмыстық жағдайлары төмен болды. Өйткені иесіз далаға тез арада баспана, мектеп, аурухана сала қою оңайға түспеді. Олардың тұратын жерлері жертөлелер, қамыстан салынған үйлер немесе бір баспанаға бірнеше отбасылары тұратын барақтар еді. Кері қайтуға жол алыс, қаражат болмады және кетуге рұхсат та болған жоқ.
Олардың орналасқан жерлерінде өткізілген заттары қайтарылып, үйлері жоқ қоныс аударылғандарға өкімет тарапынан үй-жай бөлінеді делінді. Бірақ соғыстан кейінгі тұралаған уақытта бұл жағдайлар орындалмады, керісінше оларға жергілікті халықтар көмектерін аяған жоқ.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1 Бугай Н.Ф. Правда о депортации чеченского и ингушского народа // Вопросы истории, 1990. -№ 7. -С.32-44; Его же. Погружены в эшелоны и отправлены к местам поселений…// История СССР, 1991. -№ 1. -С.143-160; Его же. Иосиф Сталин – Лаврентию Берия: «Их надо депортировать». –М.: Дружбы народов, 1992. -286 с; Его же. 40-е годы: «Автономию немцев Поволжья ликвидировать…» // История СССР, 1991. -№ 2. -С.172-180; Его же. К вопросу о депортации народов СССР в 30-40-х годах // История СССР, 1989. -№ 6. -С.35-114; Его же. Л. Берия – И.Сталину: Согласно Вашему указанию (о депортации народов в республику Средней Азии и Казахстана). -М.: АИРО-ХХ, 1995. -С.319; Земсков В.Н. Спецпоселенцы в СССР 1930-1960. -М.: Наука. 2003. -С.306.; Его же. Заключенные, спецпереселенцы, ссыльнопоселенцы, ссыльные и высланные // История СССР, 1990. № 5. -С.151-165.; Его же. К вопросу о репатриации советских граждан. 1944-1951 гг. // История СССР. –1990. -№ 4. -С.26-41.; Некрич А.М. Наказанные народы. -Нью-Йорк, 1978; Соныкі. Наказанные народы: [к истории депортации народов в СССР в годы сталинщины, в.т.ч. в Казахстане] // Нева, 1993. -№ 9. -С.223-261.
2 Козыбаев М.К. История Казахстана // (учебник для 10 класса русской школы). -А., 1992. -С.209-215; Его же. История Казахстана. Хрестоматия. Авт. – сост. Козыбаев М., Козыбаев И. -А.: Атамұра – Казахстан, 1994. -256 с.; Его же. История и современность. -А-Ата.: Ғылым, 1991. -С.252; Его же. Ақтаңдақтар ақиқаты. -А.: Қазақ университеті, 1992. -272 б.
3 Алдажуманов К.С. «Теплушки гнали в Казахстан» // Казахстанская правда. –1996, 20 февраля; Он же, Алдажуманов Е.К. Депортация народов – преступление тоталитарного режима. – А.: Фонд «ХХ век», 1997. -С.16; Его же. Күштеп көшіру: жымысқы саясат, басқыншылық әрекет // Қазақ тарихы, 1997. -№ 4. -33-б.; Его же. Депортация народов в Казахстан // Наука Казахстана, 1996. -1-15 февраля.
4 Кичихин А.Н. Советские немцы: откуда, куда и почему? // Военно-исторический журнал, 1990. -№ 8. -С.32-38; Там же. -№ 9. -С.28-38; Вормсбехер Г. Немцы в СССР // Знамя, 1988. №11. -193-203 c.; Бургарт Л.А. Немцы в Восточном Казахстане: (депортация и жизнь в условиях режима спецпереселения (1941-1956 гг.). Восточный Гуманитарный институт. Усть-Каменогорск: Упрполигарфиздат, 1997. -С.251; Емельянов В.П. Нужна ли нам республика немцев Поволжья. –Саратов, 1991. -31 с.; Фитц А.В. Боль в наследство: Советские немцы: история через судьбы. –Ташкент: Еш гвардия, 1990. -С.110.
5 Козыбаев М., Едыгенов Н. Труд по имя Победы. –А.: Казахстан, 1995. -121 с.; Алдажуманов К.С. Трудармейцы Казахстана: история и судьбы // Материалы Конгресса немцев – трудармейцев Казахстана. -Алматы, 1997 г. 28-89 августа. –А., 1998. –С.15-69; Баймаханов М. Депортация народов и прав человека: политико-правовые проблемы // Депортация народов проблема… -С. 20-27; Его же. Юридические аспекты депортации народов // Мысль, 1996. -№ 3. -С.74-78.
6 Омарбеков Т. Қазақстанға қанша халық көшіп келген? // Ақиқат, 1994. -№ 1. -44 б.; Соныкі. Депортация: корейлер қасіреті // Ақиқат, 1997. -№6. -35-38- бб.; Соныкі. Депортация: Қырым, Кавказ және Еділ бойы халықтарын қуғындау // Ақиқат, 1997. -№ 4. -19-23-бб.; т.б.
7 Кан Г.В. Корейцы Казахстана. – Алматы: Казахстан, 1994. -240 с.; Его же. Корейцы в Казахстане: прошлое, настоящее, будущее // Центральная Азия и Кавказ, 2002. -№ 1. -С.159; Хан Г., Ким Г.Н. Социально-культурное развитие корейцев Казахстана. -А-Ата.: Казахстан, 1989. -С.260; Ким Г.Н., Мен Д. История и культура корейцев Казахстана. –Алматы: Ғылым, 1995. -С.346.
8 Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980 гг.). -А-Ата.: Ғылым, 1991. -192 с.; Алексеенко А.Н. Сельское население Казахстана 1920-1990 гг. –А., 1994. -С.125; Татимов М. Влияние демографических и миграционных процесс на внутриполитическую стабильность республики Казахстана // Саясат, 1995. -№ 5. -С.18-23; Соныкі. Демографическая депопуляция: [стратегические последствия сложившейся ситуации в Казахстане] // Мысль, 1997. -№ 3. -С.30-35; Қожекеева Л.Т. Депортация народов в Казахстан: основные принципы и тенденции / Сборник статей. Алматы: ЖенПИ, 1999; Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1939-1959 жылдар). -Алматы: Өркениет. 2005. -160 б.
9 Дильманов С.Д. Исправительно-трудовые лагеря на территории Казахстана (1930-1956 гг.). Диссертация на соискание ученой степени доктора исторических наук. –Алматы, 2002. -350 с.; Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы. –Алматы: Арыс-Казахстан, 1998. -С.428; Из истории немцев Казахстана 1921-1975. -Алматы-Москва: Готика, 1997. -375 с.; Сборник законодательных и нормативных актов о реаблитации жертв политических репрессий. -Москва: Республика, 1993. -223 с.; История Российских немцев в документах (1763-1992 гг.). -Т.І,ІІ. -Москва:МИГУП, 1993. -447 с.
10 Кульбаев Т., Хагай А. Депортация. -Алматы: Дәнекер, 2000. -272 с.; Орымбаев А.Т. Депортация чеченского и ингушского народов в Казахстан в годы Великой Отечественной войны и их положение в послевоенные годы. Астана: Парасат Әлемі, 2006. -84 с.
11 Кыдыралина Ж. Депортированные народы в Казахстан. Алматы: Ғылым, 1999. -188 с.; Ее же. Спецпереселенцы и трудармейцы в Западном Кахахстане (1937-1957 гг.). Дис. ... к.и.н. –Алматы, 2000. -158 с.; Калыбекова М. Казахстан как объект переселения депортированных народов (1937-1956 гг. Исторический аспект). Дис. ... к.и.н. –Алматы, 2005; Фризен А.Н. Участие советских немцев в развите сельского хозяйства Казахстане 1950-1970 гг. -Алматы. 1990 г. Дис. ... к.и.н.
12 Шабаев Д.В. Правда о выселении балкарцев. –Нальчик: Эльбурс, 1994. -287 с.; Курдаев Т.А. Книга народной памяти. -Алматы: Казахстан, 1996. -104 с.; Боков Х.Х. Дорога печали и мужества (о депортации народов Северного Кавказа 1944 г.). -М.: Б/и, 1992. -С.26; Нәдіров Н. Тағдыры ауыр халықпыз: күрдтер // Ақиқат, 1992. -№ 2. -68-71-бб.; Соныкі. Күрд халқының арманы тәуелсіздік // Ана тілі, 1997, 18 желтоқсан.
13 Бельгер. Г. Автобиографические эскизы. -Алматы: «Жібек жолы», 2004. -117 с; Ауман В.А. Две жизни – одна судьба. -Москва: Брайтенарбайт, 2004. -С.23; Балапанов Ж. Адал еңбек - ақ ниет. -Алматы: «Атамұра», 2000. -188-195- бб.; Жарылганов Ш. Казахи спасли нас //Знамя труда, 1997, 16 июля.
14 Депортированные в Казахстан народы: время и судьбы. -Алматы: Арыс-Казахстан, 1998. 428 с.; Из истории немцев в Казахстан 1921-1975 гг. -Алматы-Москва, 1997. -375 с.; Из истории поляков в Казахстане (1936-1956 гг.). -Алматы: ТОО «Издательский дом», 2000. -334 с.; Сборник законодательных и нормативных актов о репрессиях и реаблитации жертв политических репресий. -М., 1993. -223 с.; Истории Российских немцев в документах (1763-1992) гг. -Т.І. -М.:МИГУП, 1993. -168 с.; История Российских немцев в документах (1965-1992) гг. -М.: МИГУП. -Т.ІІ. 1994. -509 с.;
15 Формирование общественного сознания: освоение идей демократического плюрализма и гражданского общества (новые аспекты) / Материалы семинаров, «Круглого стола» и конференции. Казахстанское историко-просветительское общество «Адилет» (Справедливость). -Алматы: Жан, 1998. -108 с.; Депортация народов – преступление тоталитарного режима. /Материалы «круглых столов» и семинаров. Казахстанское историко-просветительское общество «Адилет» (Справедливость). -Алматы. 1996. -158 с.
16 Қазақстан Республикасының Бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және ақпарат (депортамент) орталығы мұрағаты. -16-қ., 1-т., 53-іс, 85-п.; 60-іс, 18-п.
17 Алматы облыстық Мемлекеттік мұрағаты. -646-қ., 2-т., 2-іс, 7-п.
18 ҚРПМ. 708-қ., 16/2-т., 91-іс, 112-113-пп.

РЕЗЮМЕ

Депортированные в Казахстан народы и их вклад в восстановление и развитие народного хозяйства Республики (1946-1960 гг.)

Диссертация на соискание ученой степени кандидата исторических наук
по специальности 07.00.02 – Отечественная история
(История Республики Казахстан)

Диссертационная работа посвящена депортированным в Казахстан народам. Хронологические рамки работы охватывают 1946-1960 гг. Диссертация выполнена на основе архивных документов с использованием достижений новейшей историографии.
Диссертация состоит из введения, трех глав, выводов и списка использованных источников.
Во введении обосновывается актуальность темы, показаны цели и задачи, источниковая основа и методологические принципы исследования, определены хронологические рамки, анализируется новизна и практическая значимость диссертации. Целью исследования является изучение причин и последствий насильственной депортации в Казахстан народов Поволжья, Северного Кавказа, Черноморского побережья и Крыма, а так же корейцев, турков и других этнических групп их вклад в восстановление и развитие народного хозяйства послевоенные годы.
В первой главе «Положение депортированных в Казахстан народов после Великой Отечественной войны» рассмотрены причины насильственной депортации. В результате насильственной депортации, достигшей наибольших размеров в годы Великой Отечественной войны, число депортированных в СССР народов достигло 2 463 940 чел., основная их часть в количестве 1 млн. 200 тыс. была размещена в Казахстане. Источники свидетельствуют, что и на новой земле к депортированным народам относились с недоверием, использовали их в качестве дешевой рабочей силы вдали от городов, районных центров и железнодорожных станций, в отдаленных совхозах и колхозах. Вместе с тем, в работе показано, что большую помощь депортированным в Казахстан народам, испытывавшим трудности, оказало местное казахское население.
Вторая глава «Вклад депортированных народов в восстановление и развитие народного хозяйства в послевоенные годы» посвящена участию вклад депортированного населения в восстановлении и дальнейшем развитии сельского хозяйства, промышленности и транспорта Казахстана. В послевоенные годы спецпереселенцы продолжали ратотать на промышленных предприятиях республики, строительстве новых объектов народного хозяйства. Немцы, чеченцы, ингуши, корейцы и другие переселенцы трудились на шахтах Караганды, рудниках Джезказгана, Алтая, на нефтеромыслах, на предприятиях Актюбинска, Шымкента, Усть-Каменогорска и других городов. Огромен вклад спецпереселенцев в развитие сельскохозяйственного производства. Такие передовые колхозы и совхозы как «Авангард» Чиилийского района Кзылординской области, Алматинский табаксовхоз и другие, где большей частью работников являлись спецпереселенцы были известны далеко за пределами Казахстана.
В третьей главе «Культура и правовое положение депортированных в Казахстан народов» рассматривается влияние и последствия правовых ограничений для депортированных народов в сфере образования, что отразилось на росте их культурно-технического уровня. Анализировано также материально-бытовое положение спецпереселенцев. На основе источников об отмене правовых ограничений спецпереселенцам восстановлении ликвидированных в военные годы автономных образований прослежен процесс и возвращения их на родину. Однако после восстановления правовых норм депортированных народов, снятия всевозможных ограничений, значительная часть спецпереселенцев осела и осталась жить в республике.
Восстановление прав дало возможность как полноправным гражданам республики получить им высшее и специальное среднее образование. Из числа спецпереселенцев вышли известные ученые как Э.Г. Босс, Э.Ф. Госсен, А.Г. Рау, А.К. Курскеев, Н.К. Надиров, А.А. Мамедов, К.Н. Мирзоев, А. Османова, И.Т. Пак, а также писателей как Г.К. Белгер, Л. Вайдман, К. Эрлих, М. Бокаев и другие.
В выводах к диссертации приведены основные результаты исследования, позволившие четче обозначить многие раннее неизученные аспекты проблемы, раскрыть послевоенную историю депортированных в Казахстан народов, оценить их весомый вклад в развитие многих отраслей народного хозяйства. Помощь казахского народа оказала важное значение в адаптации депортированных на новой для них земле.
Основные научные положения и результаты проведенного диссертационного исследования опубликованы в научных сборниках, журналах и в материалах научных конференций.