Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 87 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Жерге меншік құқығының түсінігі


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Жерге жеке меншік қатынастарының түсінігі 7
1.1 Жерге жеке меншік қатынастарының туындауы 7
1.2 Жер мен жер учаскелеріне меншік құқығының субъектілері 11
1.3 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншік құқығы 18
2 Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өтеу 37
2.1 Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау 37
2.2 Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының зиянын өтеу 47
3 Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық 50
3.1 Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың жалпы ережелері 50
3.2 Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың түрлері 55
Қорытынды 85
Пайдаланылған әдебиеттер 87

Кіріспе
Қандай да болмасын халықтың тарихында оның жалпы болмысында жер мәселесі ерекше орын алады. «Жер-тағдыры - ел тағдыры» - дейді дана халқымыз. Халықтың бақыты да, байлығы мен болашағы да осы жерге байланысты. Олай болса, жер қай халық үшін де киелі, қасиетті ұғым. Қазақ үшінде солай. Қазақ жер қорғауды елдіктің белгісі деп түсінген. Сол үшін жанын пида етуді әрбір азаматтың қасиетті борышы деп ұғынған, және ұрпағын осы ұлы құндылықтарға тәрбиелеп отырған. Жер мәселесіне келгенде өте сақтық танытып, жер қорғауды әрбір азаматтың ата-мекенін қорғау - ұятын, арын, намысын қорғау деп білген. Бұл жолда, қазақтар білек күші мен қатар сөз күшінің құдіреттілігін де пайдаланған. Өткен тарихта жері мен елі үшін күрескен небір орақ ауыз ақындар, өткір тілді шешендер, ел қорғаған хандар мен батырлар болғаны олардың есімдері саналы ұрпақ жадында жатталып келгені белгілі. Бүгінде үрдіс өз жалғасын табуда.

1 Жерге жеке меншік қатынастарының түсінігі
1.1 Жерге жеке меншік қатынастарының туындауы
Жер құқығы, жоғарыда аталып өткендей жерге меншік құқығы жерді табиғи ресурс ретінде пайдалану, оны басқару мен қорғау қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын құрайтын Қазақстан Республикасының құқығының дербес саласы.
Жер –бұл адам мен қоғам үшін тек экономикалық қажеттілік емес, ол табиғаттың басқа да объектілері мен байланыса түсе отырып, экологиялық мәнге ие болады.жердің барлық табиғи ресурстарды біріктіре отырып, оларға табиғи ортаны жасуы бекерлемес. Бұл оның меншік объектісі ретіндегі, сонымен қатар пайдалану және қорғау объектісі, яғни табиғи ресурс ретіндегі құқықтық жағдайына әсер етеді.

1.2 Жер мен жер учаскелеріне меншік құқығының субъектілері
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 20-бабының 2-тармағына сәйкес, республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі болып Қазақстан Республикасы табылады. Жеке меншік құқығының субъектілері болып ҚР Жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар табылады. Бұл ретте, егер ҚР Жер кодексінде өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.
ҚР ЖК 23-бабының 4-тармағына сәйкес жер учаскелеріне, яғни, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды), олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, соның ішінде, тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелеріне жеке меншік субъектілері болып шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар және шетелдіқ мемлекеттік емес заңды тұлғалар болуы мүмкін.

1.3 Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жеке меншік құқығы
Соңғы он жылдың көлемінде аграрлық қатынастарды реттейтін бірқатар заңдар қабылданып, бұл бағыттағы мемлекеттік саясат орнығып, белгіленген болатын. Бірақ, қазіргі жағдай бұл заңдарды қайта қарап, өзгерістер енгізуді немесе мүлдем жаңа заң қабылдауды қажет етеді.
Соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарынан «Иесіз жер жетім», «Жер тағдыры - ел тағдыры» деген ұран сөздерді жиі естіп жүрміз. Оның барлығы жаңа Жер кодексінің қабылдануына және бұл кодекспен енгізілетін жаңалық, ауыл шаруашылық жерлерін жеке меншікке беруге байланысты туындаған мәселе.
Түптеп келгенде, ауыл шаруашылық жерлерінің басқа жерлерден айырмашылығы неде? Неге тап осы жерлерді жеке меншікке беру орасан дау туғызып, елді дүрліктірді? Ауыл шаруашылық жерлер жеке меншікке берілсе не өзгереді? Бұл жерлерді осыған дейін неге жеке меншікке бермедік? Мұндай сұрақтардың туындауы заңды құбылыс. Осы мәселенің шет - жағасын ашып көрелік.
Жалпы, ауыл шаруашылық жерлер - ерекше қорғалуға жататын, Қазақстанның басқа жер санаттарына қарағанда ең шұрайлы, құнарлы жерлер. Сондықтан, бұл жерлерге байланысты қандай да болмасын шешім жүктелген жауаптың ауырлығы ескеріліп, күрделі ой елегінен өтіп барып қабылдануы тиіс.

2 Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өтеу
2.1 Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау
Жерге меншік құқығын және жер пайдалану құқығын қорғау және зиандарды өтеу ҚР Жер кодексінің 20-тарауында жер туралы заннаманың орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде қарастырылған.
Алайда, жер туралы заңнаманың міндеттерінің қатарында тек жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғау ғана емес, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың жерге қатысты басқа да құқықтарын қорғау көзделген. Тараудың аты меншік құқығы мен жер пайдалану құқығын қорғауды көздейді, ал 164-бап мемлекеттік меншікті қорғауды қарастырмаған, бұл ҚР Конституциясының нормаларына қайшы келеді. Себебі, ҚР Конституциясының 6-бабының 1-тармағында мемлекеттік және жеке меншік танылып, бірдей қорғалатындығы аталған.

2.2 Жерге жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының зиянын өтеу
ҚР Жер кодексінің 165-бабы («Меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды өтеудін негіздері») меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген шығындар төмендегі жағдайларда толығымен өтелуге тиіс деп көрсетеді:

3 Жер заңдарын бұзғаны үшін занды жауаптылық
3.1 Жер заңдарын бұзғаны үшін занды жауаптылықтың жалпы ережелері
Заңды жауаптылықты құқықтық қатынастарда өз жүріс-тұрысының тек оң салдарын алу мақсатында субъектінің өз міндеттеріне қатысты жауапкершілікті қатынасы ретінде түсіндіруге болады. Заңды жауаптылық заңнамада көзделген рұқсат етілмеген әрекеттерді - тыйымдарды жасағаны және өз міндеттерін заңға сәйкес орындауға тиіс субъектінің кері, негативтік жүріс-тұрысы үшін белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы ретінде де қарастырылады. Сол себепті, бұл заңды жауаптылық абстрактілік емес құбылыс, ол тек заңнамадағы құқық бұзушылықтармен ғана байланыста болады.

3.2 Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың түрлері
Заңды жауаптылықты түрлерге бөлудің негізінде құқықтың салалық орны жатады.
И.С. Самощенко және М.Х. Фарухшин жазғандай, заңды жауаптылықтың түрлерінің көп болуы әртүрлі құқық салаларына тән құқықтық реттеу әдістерінің көптігін көрсетеді.
Құқық салаларында реттеу әдістері де, оларды құқықтық қамтамасыз ету құралдары да, ең алдымен, салалық құқықтың реттелетін қоғамдық қатынастарының шеңберімен анықталатын өзіндік мазмұнымен және пайдалану жағдайларымен ерекшеленеді. Бұдан шығатын қорытынды, құқықтық реттеу әдістері мен оларды құқықтық қамтамасыз ету құралдары құқықтың пәнінен ажыратылмайды. Бұл ретте құқықтық қамтамасыз ету құралдары құқықтың әдісіне де, пәніне де бағынады және оларға қызмет етеді. Олар өздерінің бағыты бойынша қорғау қатынастарының шеңберін реттеуге ғана емес, сонымен қатар, жалпы мағынадағы құқықты мемлекет үшін қажетті бағытта дамытуға, оның негізгі мақсатына жетуге жағдай жасауға арналған [5].

Қорытынды
Әрбір қоғамда экономиканы дамытудың негізі жер байлығы болып саналады. Оның негізінде барлық материалдық байлық құрылады. Себебі, әртүрлі шикізат ресурстары, су, орман байлықтары, адамзат баласына азық болатын ауыл шаруашылық өнімдері жер негізінде алынады. Жер бетінде барлық өндірістік және өндірістік емес объектілер шоғырланған. Әрбір елдің экономикасының даму бағыты мен қарқыны жердің тиімді пайдалануына және оның кімнің меншігінде болуымен, онда қандай байлықтар орналасуымен тікелей байланысты. Сол себепті республикамыздың негізгі Заңында - Конституцияда жер және жерді пайдалану мәселесі әр жаққа жүгіртуге, бұрмалауға болмайтын негізгі мәселе болып табылады. Оның 6-бабының үшінші тармағында былай деп нақтылы жазылған: