Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Реферат

Объем: 9 стр.

Полный просмотр работы

Салықтар және салық жүйесін ұйымдастыру.

Салықтар - мемлекет белгілейтін, белгілі бір мөлшерде және мерзімде алынатын міндетті төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні өз қызметін жүзеге асыру үшін мемлекетте жинақталатын ұлттық табыстың бөлігін білдіреді.
Салықтар қаржының маңызды категориялардың бірі болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды, оның өмір сүруінің негізі болып табылады. Адамзат дамуының барлық тарихында салық нысандарымен әдістері мемлекет сұранысына және қажеттіктеріне қарай өзгеріп жаңартылады. Салықтар өзінің ең үлкен дамуына тауар - ақша қатынастарының жүйесінде жетілді.
Салық салу қағидаларына мыналар жатады:

Салықтық есептің екі әдісі пайдаланылады: кассалық және есептеу әдісі. Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шығындар жұмыстарды жүргізу кезінен бастап қызметтерді, мүліктерді қабылдау және ол бойынша төлеу жүргізіледі. Төлеу уақытынан тәуелсіз есептелетін есептеу әдісі бойынша табыстар мен шығыстар жұмыс жүргізу уақытынан есептеледі. Екінші әдіс – салық қызметтері үшін қолайлы және оны Қазақстанның барлық салық төлеушілері қолданады. Оның төлеушілер үшін кемшілігі – салық төлемдерін жеткізу уақытында болмаған жағдайдың өзінде төленіп, айналым қаржыларының оқшаулануына әкеліп соғады.
Қазақстандағы салықтар, төлемдер мен алымдардың тізімі:

Сонымен, Қазақстанның салық жүйесі салық және басқа міндетті төлемдер түрлері айтарлықтай дифференцияланған. Салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар Қазақстан Республикасының Салық Кодексінде және сәйкес ережелерде көрсетілген.
Мемлекеттік салық қызметі органдары Қазақстанда қаржы министрлігімен және облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қала аудандарындағы, сонымен қатар қаржы полициясымен көрсетілген. Салық қызметі салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы республика заңдарының орындалуына бақылау жасайды.
Салық салуды ұйымдастыру салық механизмін, яғни салық түрлерінің нақты атаулары, сонымен қатар оларды пайдаланудың әдістері, тәртібі, іс-әрекет әдістерін құру мен жұмыс істеуіне байланысты сипатталады.

Салық жинау және басқа да міндетті төлемдерді жинаудың дұрыстығына бақылауды төлеушінің орналасқан немесе қызметінің орны орналасқан жағынан мемлекеттік салық қызметі жүзеге асырады. Салық органдарының мақсаттары, өкілеттігі, қызмет тәртібі, төлеушілер алдындағы құқықтарын бұзу жөніндегі жауапкершілігі мемлекет заңдарымен анықталады. Салық төлеушілерден (салық заңдарын бұзатын) жасырған сомаларды өндіру, табысты жасырғаны, бюджетке төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұл, өсім салынады.