Мұхаммед Хайдар Дулати.
Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты.
Махмұд-Хайдардың шешесімен бірге туысқан Жүністің бірнеше парасатты қыздары болған. Оның бірі – Құтлығ Нигар ханым – атақты жазушы Бабырдың шешесі. Екіншісі – Сұлтан Нигар ханым – қазақ ханы Әдіктің бәйбішесі. Демек, бұл қарым-қатынастың барлығы Мұхаммед-Хайдарға бала күнінен таным болмаса, ол “Тарихи-Рашиди” кітабын да сондайлық жылы, сондайлық ашық жаза алмас та еді.
Мұхаммед Хайдар халық ортасында көбінесе Мырза Хайдар деген атпен даңқты болған. Оған қосымша лақабы Көреген, Мырза Хайдар – Көреген. “Көреген” – ескі моңғол – түрік тілдерінде күйеу деген сөз. Орта ғасырларда хан қызын алып, ел басқарған би батырларға “көреген” деген лақап беретін болған. Мағынасы ел басқартын ханның күйеуі. Бірақ ханның өзі емес. Бұл лақапты Хайдардың өз әкесі Хұсайын да, Әмір темірдің өзі де, тағы басқаларда тағынған. Лақап атынан басқа, жазған кітаптарында Хайдар өзінің қай рудан екенін білдіру үшін ресми атын Мұхаммед - Хайдар Дұғлати деп жазған. Демек, ол шыққан руы дулат елі екенін көрсетеді.
Мұхаммед Хайдар Қашқар уәлаяты (Моғұлстан) мен Қазақстан туралы жазған тарихи кітабын Шағатай ұрпағы (Моғұлстан) мен Қазақстан туралы жазған тарихи кітабын Шағатай ұрпағы, Есенбұқа мен Тұғлық-Темір тұқымы, Жүніс хан, Сұлтан Ахмет және Сейіт хан баласы Рашит сұлтанға арнап, кітабының атын “Тарихи рашиди” деп атайды.
Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым-қатынасы, көрші елдермен жайында кеңінен сөз болады. Әсіресе ғалымның өз заманы, соның ішінде Қазақ хандығының құрылуы, бұл Орданың қалыптасуы кезеңіндегі ОА-дағы саяси оқиғалар туралы егжейлі-тегжейлі мәліметтер берген деректері аса құнды болып отыр. Оның тарих саласындағы құнды еңбектері арқылы біз Ұлы ғалымды қазіргі Қазақ тарихы ғылымының бастау кеөздерінің бірі және ұлттық тарихтың негізін салушы ретінде танимыз.