Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
Жоспар
1 Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы 3
1.1 Халықаралық еңбек миграциясының мәні және себептері 3
1.2 Миграцияның экономикалық эффектілері 7
1.3 Жұмысшы күші миграциясын мемлекеттік реттеу 11
Әдебиеттер 19
1 Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
1.1 Халықаралық еңбек миграциясының мәні және себептері
Еңбек миграциясы - адамзаттың өмір сүруі сияқты көне құбылыс. Тарихымыздың басында әскери жаулау сипатында болған халықтардың көшіп-қонуы байқалған. Миграция тарихы адамдардың жаппай көшуінің әр түрлі түрлерін енгізді. Алғашқы қауымдық құрылыста бос жерлерге көшіп-қону, ең алдымен, өмір сүруге қажетті заттарды табу, оның ішінде мал бағу, аңшылыққа негізделген еді. Жер өңдеудің дамуы да адамдарды құнарлы, ауылшаруашылыққа жарамды жерлерді іздестіруге мәжбүр еткен.
Кұл иеленушілік және феодалдық құрылыс кезінде территориялық қозғалыстар шектелген ауқымда болды. Ол өндірушінің жеке тәуелді болуына байланысты болды. Соған қарамастан, құлдар еңбегі мен құлдар саудасы, мысалға Америкаға құлдық плантациялық шаруашылық үшін жеткілікті жұмыс күшін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Капиталистік құрылысқа дейін кеңістіктегі еңбек мобильдігі әр түрлі формалар - отарлау, құл саудасы - арқылы жүзеге асырылды.
1.2 Миграцияның экономикалық эффектілері
Халықаралық еңбек күші миграциясы көптеген ғасырлар бұрын пайда болды, осы уақыт ішінде жұмысшылардың қозғалысын түсіндіретін теориялық негіздерде елеулі өзгерістер болды. Экономистер арасында еңбек күші миграциясы анықтамасында, оны зерттеудің тәсілдерінде біраз қайшылықтар бар.
Бірқатар ғалым-экономистердің пікірінше, халықаралық еңбек миграциясы - бұл басқа елдің территориясындағы еңбек іс-әрекетімен байланысты халықтың территориялық қозғалысының барлық түрлерінің жиынтығы. Бұл жерде территориялық халық қозғалысы оның басқа түрлерімен - табиғи және әлеуметтік-қозғалысымен - тығыз байланыстылығы түсіндіріледі.
1.3 Жұмысшы күші миграциясын мемлекеттік реттеу
Кез келген елдің миграциялық заңы екі негізгі бөлікке белінеді: миграциялық және эмиграциялық.
Донор ел - бұл жұмысшы күшінің белсенді экспорты бар мемлекет. Миграциялық сальдосы теріс болады.
Реципиент ел - жұмысшы күшінің белсенді ағымы келіп, оның импорты байқалатын мемлекет. Миграциялық сальдо оң болып табылады.
Донор елдердің қатарына дамушы елдер, ал реципиент-елдерге жоғары дамыған елдер тобының кіруі жалпы әлемдік тенденция болып табылады.
Қазіргі экономикалық әдебиетте еңбек миграциясының түрлі елдердің экономикасына әсер етуінің нәтижелері белсенді түрде зерттелуде. Ел экономикасына экспорт-импорттың әсерін ашатын теориялар аса көп қызығушылық тудыруда. Донор елдің экономикасында миграция нәтижесі бірден көрінбейді, әсіресе теріс жақтары біраз мерзімнен кейін байқалады, ал реципиент -елдің нәтижелері, керісінше, бірден көріне бастайды.
Әдебиеттер
1. Киреев А.П. Международная экономика: В 2 ч.: Ч. 1: Международная микроэкономика: движение товаров и факторов производства. Учеб. пособие. М.: Междунар. отношения, 1997, 416 с.
2. Киреев А.П. Международная экономика: В 2 ч.: Международная макроэкономика: открытая макроэкономика и макроэкономическое программирование. Учеб. пособие. М.: Междунар. отношения, 1999. 488 с.
3. Кругман П., Обстфельд М. Международная экономика. Теория и политика: Учебник для вузов/Пер. с англ. Под ред. В.П. Колесова, М.В. Кулакова. М.: ЭФ МГУ, ЮНИТИ, 1997. 799 с.