Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Реферат

Объем: 11 стр.

Полный просмотр работы

Қаржы және инфляция.

Инфляция құбылысы қаржылық факторларға тәуелді болғандықтан, инфляцияның әсерін қаржы факторларымен байланыстыру қажет:

Қаржы мен инфляция өзара тәуелді. Қаржылар инфляциялық процестердің жылдамдатушысы болатындай, инфляцияда қаржы қарым – қатынастарына өз әсерін тигізеді. Ақшаның құнсыздануымен бағаның өсуі бюджет шығыстарының өсуіне, мемлекеттің нақты кірістерінің төмендеуіне, салық ауыртпалығын күшейту қажеттігіне, мемлекеттік бюджеттің тапшылығының әсерінен өсуі мемлекеттік қарыздың өсуіне әкеліп соғады. Инфляцияның жоғарғы қарқыны мемлекет қорларын құнсыздандырады, себебі салық кірістері мен несиелері белгілі бір уақыт аралықтарында ғана түсіп отырады. Мемлекеттік қарыз мәселелері осылайша ұлғаяды, себебі мемлекет несиелер тарту үшін өзінің құнды қағаздарының табыстылығын ссуда пайызының деңгейінен жоғарылатуға мәжбүр болады, бұл мемлекеттік қарыздың номиналдық өсуін туғызады.
Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағыттағы, теріс сипаты бірін – бірі толықтыра отырып, экономикалық жүйеде теріс нәтижелерге әкеліп соқтырады.

Экономикада бұлар өндіріс құралдарының бағасы мен еңбек төлемінің өсуі нәтижесінде өндірілетін өнімнің құнының жоғарылауына әкеліп соқтырады, ол өнімді тұтыну экономикалық жанама секторларындағы жалақы мен материалдық шығындардың қосымша өсуін қажет ететін инфляцияның шиыршық (спираль) түрін туғызып, тығыз шиеленіске соғады, олар өзара бірін-бірі толықтырып отырады және осылай шексіз жалғаса береді.
Инфляция нарықтық экономика механизмдерінің – бәсекелестік пен тиімсіз кәсіпорындарды банкроттаудың жеткіліксіздігінен, ал өндірістің кейбір салаларында жоқтығынан орын алып, дамиды.

Аталған факторлар өндіріс шығындарын инфляциялауға жасанды түрде әкелетін - өндірушілер инфляциясымен байланысты.
Бағалар өсу жағдайында тұрғындардың әлеуметтік талаптарының, әсіресе жеке мамандық және әлеуметтік топтардың талаптарының өсуі инфляцияның даму факторы деп есептеуге болады.
Мемлекеттік инфляцияға қарсы іс-қимылдарының екі нұсқасы (варианты) бар: