Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 8 стр.

Полный просмотр работы

Нотариат қызметін ұйымдастыру негіздері

«Нотариат туралы» заңның 6-бабына сәйкес жоғарғы заң білімі бар, әділет аттестаттау комиссиясында аттестаттаудан, нотариуста кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия алған ҚР азаматы нотариус бола алады.
Өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен соттылығы алынбаған, белгіленген тәртіппен іс-әрекет жасауға қабілетсіз не іс-әрекет жасауға қабілеттілігі шектеулі деп танылған адам нотариус бола алмайды.

Жеке практикамен айналысатын нотариус банк мекемелерінде есеп айырысу шоты болуына және өзге де шоттар ашыға, еңбек заңдарына сәйкес көмекшілер, техникалық қызметкерлержолдап, оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық іс-әрекеттер жасаудан алынған табысқа билік етуге соттарда өз атынан сөз сөйлесуге және ҚР-ң заңдарына сәйкес басқа да іс-әрекеттер жасауға құқылы.

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер, тұлғалардың аттестациядан өту реті мен шарттары 25.09.2001жылғы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесімен» қаулысымен бекітіледі.

Әділет аттестаттау комиссиясының не прокуратура органдарының, не Қазақстан Республикасы әділет министрлігінің, не Республикалық нотариаттық палатаның талап қоюы бойынша сот шешіміме мынадай жағдайларда:

Өтінішті қарау нәтижесі бойынша аумақтық әділет органы өтініш берушіні есептік тіркеуге алу туралы шешім қабылдайды және натариаттық палатамен бірлесіп бос орын жарияланғаннан оған қызмет аумағын айқындайды.
Өтініш берушіні есептік тіркеуге алу және оған қызмет аумағын белгілеу туралы мәлімет Жекеше нотариустардың есептік тіркеу кітабына (бұдан әрі - кітап) енгізіледі.