Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

ХХ ғ. басындағы Қазақстан


Жоспар
1. ХХ ғ. басындағы Қазақстан 3
2. 1905-1907 жылдарындағы бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері 12
3. Бірінші Дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.1916ж. көтеріліс 17
4. Қазақстандағы ақпан революциясы және оның Қазақстанға тигізген әсері 23
Әдебиеттер 27

1. ХХ ғ. басындағы Қазақстан
XX ғасырдың басында капиталистік қатынастардың қазақ даласында дамуы күшейе түсті. Өлкеде өнеркәсіптің жаңа салалары пайда болды. Қоғамдық еңбек бөлінісі одан әрі дамып, жұмысшы табы қалыптасты.
Патша өкіметінің аграрлық саясаты салдарынан орыс шаруаларының Қазақстанға қоныс аударуы жаппай сипат алды. Сөйтіп, қазақ еңбекшілерінің жерлерін басып алу кеңінен жүргізілді. Қазақ шаруаларын тонауды патша өкіметі «қоныстанушы», «жер қоры» деп аталатын желеумен іске асырды. Бұл қорды жасау үшін жергілікті халықтың жайлы қоныстарын тартып алып отырды.

2. 1905-1907 жылдарындағы бірінші орыс революциясының Қазақстанға әсері
Бірінші орыс революциясы кезінде патшалық тәртіпке қарсы күрескен ұлттық аймақтардың езілген халықтары да көтерілді. Қазақстан еңбекшілерінің 1905-1907 жылдардағы ереуілдері орыс халқының революциялық күресімен тығыз байланысты еді,
Қазақстан қалаларында өткен жүмысшылар мен қызметкерлердің жиналыстарында Петербургтегі қарусыз жүмысшыларды 1905 ж. 9 қаңтарда аткылауға наразылық білдірді. Ереуіл кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көмек үшті қаржы жиналды. Өлкеде жұмысшылардың ереуілдері мен ставкалары, өсірмесе теміржол қатынасы орындарында неғұрлым кен, қанат жайды. Революция жылдарында өлкенің темір жол тораптарында поездары жүрісі талай рет тоқтатылды, теміржолшылар өз еркімен 8 сағаттық жұмыс күнін енгізді. 1905 жылы ақпанда Орал, Перовск, Түркістан, Шалқар теміржолшылары өздерінін экономикалық жағдайларын жақсарту талабын қойған ереуіл жасады.

3. Бірінші Дүние жүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан.1916ж. көтеріліс
XX ғасырдың басында патшалық Ресейдің Орта Азияның шығыс аудандарымен Қазақстанды отарлауы өте күшті кар қынмен жүргізілді. Тек 1907-1912 жылдары империяның Еуропалық бөліктерінен бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1917 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бүл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.

4. Қазақстандағы ақпан революциясы және оның Қазақстанға тигізген әсері
1917 жылдың басында Ресейдің революциялық жаңа толқыны көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда да сезілді. Өлке халқының арасында революциялық өрлеудің өрістеуіне бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Қазақстан жеріне айдалған Австрия-Венгрия мен Германия соғыс тұтқындары да елеулі өсер етті. 1917 жылы олардың жалпы саны 41 285 әскери адамды кұрады. Бұлардың басыға көпшілігі Омбы, Ақмола, Павлодар, Семей уездерінде орналасты.