Зергерлік бұйымдар
Қазақ ұлттық киімінің ажырамас бір бөлігі ер және әйел адамдардың былғарыдан, барқыттан, жібек матадан жасалған белдіктері. Салтанатты киімдерге арналған белдіктерді жасатуда тапсырыс беруші қымбат маталарды беруден аянбаған, ал шеберлер барлық уақытта шеберлігімен жұмысқа кіріскен. Әсіресе қалталы, пышақ салатын қыны, шақша салатын салғышы бар ер адамның салпыншақты белдіктері әдемі болды. Салпыншақтар кейде тек сәндік рөл атқарды. Мұндай салпыншақтар «оқшантай» деп аталады.
Білезік. Оңтүстік Қазақстан. XX ғ.
Жас қыздар шаштарының бұрымына тағатын әшекей. Ол көптеген шытыралармен немесе күміс тиындардан құралған бір-біріне үш немесе төрт қатар шығыршықтар арқылы бекітілген, өрнектелген әшекей. Тұрмысқа шыққан әйелдер тек бірінші жылдары ғана тағатын болған, ал кейіннен шаштарының бұрымын маржан тізілген жіптермен немесе баулармен өретін болған. Шолпы шашты өргеннен кейін ұшына тағылады.
Тұмарша, бойтұмарлар - күмістен жасалғаніші қуысыдыс және ол үшбұрышты, төрт бұрышты, түтікше формасында жасалады. Оны кеудеге шынжырлар арқылы мойынға тағып жүрген. Тұмардың бетін қырнап, қаралап, алтын жалатып әсемдеген. Төменгі жиектерін маржан тастармен немесе металл салпыншақтармен әшекейлеген. Тұмарлар ішіне қағазға жазылған Құран сүрелерін сақтап жүрген. Оның тіл көзден, пәле–жаладан қорғайтын қасиетіне сенген.
Үнемі тағып жүретін әшекейдің бірі. Оны ертеректе тұмар ретінде тағатын болған. Сырғаның түрлі үлгілері мен нұсқалары көп. Әсіресе өрнекті, жалпақ түрлері көп тараған. Бұл нұсқадағы сырғаға кейде ішкі жағы ойық болып келетін «ай сырғалар» жатады. Сымнан жасалған шығыршық сырғалардың құрылымы күрделі болғанымен әр қилы. Тас қондырылған сырғалар болса, адамдарды өзіне реңдік үйлесімі арқылы тартады.
Көбіне мақпал, жібек маталардан жасалған. Ер адамдардың белдіктері сияқты әйел адам белдіктері де металл шытыралармен, сонымен қатар түрлі бағалы тастардан көз қондырып әсемдеген. Хас (нефрит) тасын пайдаланған. Қазақ халқы хаспен (нефритпен) әсемделген киім адамды найзағайдан сақтайды деп есептеген.