Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің ахуалы жөніндегі сараптамалық баян

ЖОСПАР
К І Р І С П Е 3
І. Қазақ тілінің әдебиеттік тілге айналу ахуалы 4
1.Тілдің өңделімі (обработанность языка) 4
2. Тіл қағидасының қалпы (нормированность языка) 5
3. Тілдің тұрламы (стабильность языка) 6
4. Тіл стилінің салалануы (дифференциация стиля языка) 6
5. Тілдің әмбебаптығы (универсальность языка) 7
6. Тілдің қоғамға ортақ міндеттілігі 8
7. Тілдің ауызекі (фольклорлық) және жазбалық үлгілері 9
ІІ. Қазақ тілінің Мемлекеттік тіл ретінде қалыптасу ахуалы 10
1.Саяси кедергі 10
2.Экономикалық кедергі 13
3.Менеджменттік кедергі 14
4. Лингвистикалық кедергі 15
5. Қоғамдық кедергі 16
6. Техникалық кедергі 22
ІІІ. Қазақ тілінің әдебиеттік сипатын дамыту жолындағы ұсыным 23
ІV. Қазақ тілін мемлекеттік мәртебеге сәйкестендіру жолындағы ұсыным 25
Әдебиеттер 27

К І Р І С П Е
Қазақ тілі өз тарихында аса күрделі ахуалды кешуде. Тілдік орта барған сайын тарылып, қолдану сапасы құлдырай түсуде. Бұл құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылатын қазақ тілін дамыту саласына қатысты үстіртін сараптамалық баян болып табылады. Мақсат - бейресми көзқарас ретіндегі бұл құжатты қоғамдық орта назарына салу арқылы мемлекеттік тілді дамыту үдерісіне оңды ықпал ету.
Қазақстандағы тілдердің ахуалы жөнінде нақты да дәйекті зерттемелік дереккөздің жоқтығынан, қоғамдық тараптан әзірленген аталмыш баян бұқаралық ақпарат құралдарында жария болған, қоғамдық ортаға белгілі жәйттерге, ақпараттарға, көзқарастарға, деректер мен жағдайларға негізделді.

І. Қазақ тілінің әдебиеттік тілге айналу ахуалы
Бүгінгі дәуірде қоғамдық қатынастың басты игілігі болу үшін тілдің әдебиеттік сипатының дамуы - негізгі шарт. Қазақ тілінің әдебиеттік деңгейін анықтау жолында ресейлік академик Ф.П.Филиннің әдебиеттік тілдің тұжырымдамасын айқындайтын 7 белгісін қолдану арқылы қарастырылады.

1.Тілдің өңделімі (обработанность языка).
Тіл кез келген этностың ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің дамуы барысындағы лингвистикалық құбылыс. Бұл тараптан алғанда, «қазақ тілі – аграрлық шаруашылыққа тән сипатты, фольклордың ықпалындағы тіл» деген көзқарастың барын жоққа шығаруға да, ол уәжге көз жұмып қарауға да болмайды. Бұған қоса, қазақ лексикасы негізінен ауыл шаруашылығын бейнелеп, көбіне малшылық және ауылдық тұрмыспен шектелетіндігі де қоғамдық уәжге айналған.

2. Тіл қағидасының қалпы (нормированность языка)
Қазақ тілі бүгінде бұрын қалыптасқан ережені тәрк ету үдерісін бастан кешуде. Грамматикалық ережелер тұрақсыз, дәйексіз, екіұшты және қайшылықты. Кейбір сарапшылардың мойындауынша, ондай көріністі ондаған қателермен есептеуге болады. Өкінішке орай, тілдің қағидасы қаншалықты орындалатындығы жөнінде жүргізілген мониторинг жоқ, тіпті қарапайым түрде жекелеген ғалымдардың соңғы жылдардағы тіл қағидасының орындалуына жасаған сараптамасы да көрінбейді. Бұған себеп - аталмыш саланың мемлекеттік тұрғыдан қолға алынбауы.

3. Тілдің тұрламы (стабильность языка)
Бүгінде қазақ тілінің лексикалық бірліктері біржақты мәнге ие емес, бір сөз алуан мағынаға ие болмаса түрлі сөздер жабылып бір мағына білдіруде. Осыдан барып, тілдің тұрламсыздығы туындап отыр.

4. Тіл стилінің салалануы (дифференциация стиля языка)
Әдебиеттік тіл өзінің ресми стилдік салалары арқылы көрініс табады. Ал, тілдің стилдік дамуы салалық терминдердің қалыптасуына тікелей қатысты. Қазақ тілінің экономика, ісжүргізім, ғылым мен техника салаларына тән әдебиеттік ресми стилдері толық қалыптаспаған.

5. Тілдің әмбебаптығы (универсальность языка)
Қазақ тілінің салалық дамымау салдары оның әмбебаптық қабылетіне нұқсан келтіруде. Содан барып, тілдің атқарымпаздығы (функционирование) кері кетіп отыр.

6. Тілдің қоғамға ортақ міндеттілігі
Қазақ тілі - әлі күнге қоғамның бар мүшесі үшін білу міндеті жүктелмеген тіл. Бұл талап қоғамның бар мүшесі түгілі мемлекеттік қызметшілер үшін орыс тілімен қатар білу міндеті жүктелмей әрі заңданбай отыр. Мемлекеттік қызметке сыннан өту талабына мемлекеттік тілді енгізу қарастырылмағандықтан, мемлекеттік қызмет аясында қазақ тілінің қарапайым деңгейін былай қойғанда, ауызекі сөзді ұға білудің өзі талапта жоқ.

7. Тілдің ауызекі (фольклорлық) және жазбалық үлгілері
Қазақ тілі – ауызекі де, жазбаша да үлгілері қалыптасқан тіл.
Ал, тілдің ресми стилі аударма саланың нәтижесінде қалып отырғандықтан, дами алмауда. Кәзіргі қазақ тілі негізінен тұрмыстық деңгейдегі қолданыста болғандықтан, бір ізге түспеген өңірлік сипаттағы лексикалық айналым тілдің бұрын қалыптасқан ауызекі және жазбаша ресми стилдерін одан әрі дамытуға кедергі келтіруде. Оның үстіне қазақ тілі дербес ақпарат өндіру тілі емес, аудармалық деңгейден аса алмағандықтан да, ресми стилдің орнығуы күрделі мәселелерді қордаландыра түсуде.

ІІ. Қазақ тілінің Мемлекеттік тіл ретінде қалыптасу ахуалы
Мемлекеттік міндетті атқару жолындағы қатынас құралы болып табылатын тілді бүгінде мемлекеттік немесе ресми тіл атау қалыптасқан.

1.Саяси кедергі
Қазақ тілі мемлекеттік өмірдің барлық үдерісін қамтитын жұмыс тілі болуға тиісті және мемлекеттік органдар мен ұйым, мекемелердің қолданысындағы басты тіл болуы керек.

2.Экономикалық кедергі
Мемлекеттік тілдің дамуына бөлініп жатқан қаржы жалпы алғанда қомақты болғанымен, Тіл комитеті тарапынан құралған бұл бюджет барынша сарапталып айқындалған мақсаттарға емес, жолайы және субъективтік пікірлердің ықпалымен анықталған бағыттар мен жобаларды қаржыландыруға жұмсалып келеді.

3.Менеджменттік кедергі
Қазақстандағы қазақ тілінің орны нақты айқындалмағандықтан, әлі күнге оны мемлекеттік тіл ретінде қолдану мен лингвистикалық нысан ретіне дамыту шатасқан шаралардың көрінісі болуда. Бұл саладағы менеджменттің төмендігі қазақ тілінің даму және ену нысаны ретіндегі мақсаттардың нақтыланбағанынан туындап отыр.

4. Лингвистикалық кедергі
Қазақ тілін дамыту барысы кәзіргі кезде лингвистикалық мәселелердің шешіміне тәуелді болып отыр; әсіресе, тілдің орфографиялық және орфоэпиялық, фонетикалық және транскрипциялық, сондай-ақ ономастикалық салалар бойынша тұжырым мен стандарттың жоқтығы, қазақ тілінің одан әрі дамуы мен қоғамдық ортаға сіңісуін тұйыққа тіреуде.

5. Қоғамдық кедергі
Бұл кедергі, шын мәнінде, тілдік ортаның қаншалықты екенінен туындайды. Қоғамда белгілі бір тілдік орта қаншалықты болса, тілдің қолданымы да соншалықты деген сөз. Ендеше, тілдік ортаның аумағын қарастыру арқылы қоғамдық кедергіні де анықтауға болады.Тілдік ортаның аумағы ретінде мыналарды атап өтеміз: мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық құрылымдар және қоғамдық ұйымдар, БАҚ. Тілдік ортаны жасақтайтын тілдің екі түрлі сипаты бар: ауызекі және жазба тіл, соған сәйкес қазақ тілінің де қолданым аясы әр алуан болуда. Тілдің аталмыш екі сипатын қарастыру арқылы, бұл мәселе бойынша шынайы көрініске көз жеткізуге болады.
Мемлекеттік ұйымдар.

Коммерциялық құрылымдар.
Қазақстандық коммерциялық құрылымдар істерін бірыңғай орыс тілінде жүргізеді. Тіпті, қазақтілді азаматтар құрған фирмалардың өзі орыстілді қызметшіні жалдап ісжүргізімді орысша жүргізуге мәжбүр. Ал, шетелдік фирмалар ауызекі тіл ретінде өз тілдерін қолданып, ал ісжүргізімі - бірыңғай орыс тілінде. Мұның бәрі сайып келгенде, коммерциялық құрылымдар мен мемлекеттік сектор арасындағы қатынастың тек қана орыс тілінде біржақты қамтылғандығын көрсетеді.

Қоғамдық ұйымдар.
Қазақстандағы қоғамдық сектор тек қана орыс тілінде күн көруде. Қоғамдық ұйымдарды қаржымен қамтитын, тапсырыс жасайтын донорлық және халықаралық ұйымдардың барлығы дерлік тек қана орыс және ағылшын тілдерінде қатынас жасайды.

Бұқаралық ақпарат құралдары.
Елдегі қоғамдық мәлімет көзіне қарағанда, (бұл сала бойынша ресми мәлімет немесе ғылыми зерттеме жоқ) БАҚ өндірісінің қазақшасы 10%-дан аспайды, қалғаны орыс тіліндегі өнімдер болып табылады да, олар қазақшаға аударылып беріледі. Бұл ахуал қазақтілді БАҚ-тардың деңгейі қаншалықты екенін көрсетеді. Қазақтілді БАҚтар күрделі кіріптарлықты бастан кешуде, оны былайша атап өтуге болады:

6. Техникалық кедергі
Қазақ тілінің замандық техникаларға сіңіспеуі де басты кедергінің бірі болуда. Бұл, әсіресе, электрондық техникалық салаға тән жәйт. Қазақстанға импортталатын барлық тұрмыстық және ұйымдық техникалардың барлығы дерлік мемлекеттік тілге сәйкестілігі қарастырылмастан, тұтынымға түсуде.

ІІІ. Қазақ тілінің әдебиеттік сипатын дамыту жолындағы ұсыным
Қазақ тіліне тән тоқырау жағдайы қалыптасқан ахуал, оны түзетуге бағытталған төтенше шаралар қабылдауды қажет етеді. Шаралардың тез арада қабылдануын көздей отырып, құзырлы мемлекеттік органдарға қоғамдық орта тарапынан төмендегідей ұсынымдар ұсынылады.

ІV. Қазақ тілін мемлекеттік мәртебеге сәйкестендіру жолындағы ұсыным
1. Қазақ тілін мемлекеттік мәртебеге сәйкестендіру бойынша Конституцияның 7-бабының 2-тарауы «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде мемлекеттік тiлмен қажетті жағдайда тең қолданылуы мүмкін.» түрінде өзгертіліп болмаса «Мемлекеттік тіл туралы» арнайы заң қабылданғаны жөн.