Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 31 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының банк жүйесі


Жоспар
Кіріспе 3
І тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі 7
1.1 Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі 7
1.2 Қазақстандағы 91 жылдан бергі банк реформасы және 95 жылғы банк жүйесін реформалау 13
1.3 Банктік қызметтердің ұйымдық негізі, банктердің типтері 20
ІІ тарау. Ұлттық банк жүйесі 23
2.1 Банктердің Ұлттық, Орталық және Коммерциялық банктер мен қарым –қатынасы 23
2.2 Банктер және олардың клиенттері арасындағы қарым –қатынасы 25
2.3 Банктік қызметтерді бақылау мен қадағалау 26
Қорытынды 29
Пайдаланған әдебиеттер 31

Кіріспе
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихы мен тығыз байланысты болып келеді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кіреді.

І тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі
1.1 Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі
Банктік жүйе - нарықтық экономиканың маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы –ақшалай қарым –қатынастарының дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір –бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдел ретінде шаруашылық органдарының капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтерінің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізіледі және экономика үшін басқа да көптеген қызметтер көрсетіледі, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қызметтері өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді. (5 сызба).
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.

1.2 Қазақстандағы 91 жылдан бергі банк реформасы және 95 жылғы банк жүйесін реформалау
Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктердің өз жүйесі шеңберіндегі, оның жекеленген буындарының арасындағы өзара қарым –қатынастар жүйесін қайта құру, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор.
Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі, дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде макроэкономикалық формасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп сынайды. Бірінші категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған мақсатты несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі. Екінші категорияға банктердің «сапасыз» қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызғымыз.
Бұл мәселелер өміршең мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаржылық ресурстардың өміршең емес кәсіпорындарының пайдасына кетуіне жол береді.

1.3 Банктік қызметтердің ұйымдық негізі, банктердің типтері
Банктік заңдарда, банктің жарғылық қоры қандай көздерден құралғанына байланысты оларды: мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді.
Банктердің ұйымдық акционерлік формасының ерекшеліктері мен айырмашылықтары неде? «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам –бұл құрылтайшылардың меншік құқығын, Ұлттық банк берген лицензия негізінде шығарылатын акциялармен куәландыратын заңды тұлға. Акционерлердің банк меншігіндегі үлесі мен табысы сатып алынған акциялардың санымен тікелей байланысты. Акционерлердің жауапкершілігі тек сатып алынған акциялардың сомасымен ғана шектелген. Егер банк банкротқа ұшыраса, өз қызметін тоқтатса, барлық кінә жеке акционерлерге емес, банкке қойылады.
Банкті басқаруда акционерлердің жауапкершілігі тек басқарманы сайлау мен жылдық жиналыстарда банк саясатына қатысты сұрақтар бойынша дауыс беру мен шектеледі.
Банкті ұйымдастырудың акциялық емес формасы қатысушылардың меншік құқығын куәландыратын қандай да бір формальды куәлікті қажет етпейді.

ІІ тарау. Ұлттық банк жүйесі
2.1 Банктердің Ұлттық, Орталық және Коммерциялық банктер мен қарым –қатынасы
Ұлттық банк – ақша резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға.
Заңның 9 бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд. Теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрылады: республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемлекеттен алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.

2.2 Банктер және олардың клиенттері арасындағы қарым –қатынасы
Банктер арасында клиенттерді тарту жөнінде бәсекенің күшеюі банктердің клиенттермен өзара қарым –қатынасын ұйымдастыру сұрақтарына ерекше көңіл бөлуді талап етеді. «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» заңының 33 бабы бойынша банктер тең құқылы әріптестер ретінде шығып, бос несие ресурстары нарығында өз операцияларын жүргізеді.
Олар өз қызметтерінде, өз клиенттеріне қаражаттарды орналастыру, несие алу үшін жақсы жағдай, банктік қызметтің әлдеқайда кең спектрін көрсете отырып, бір бірімен бәсекеге түседі. Банктер өз клиенттері алдында жауапты.
Банктің клиентпен экономикалық жұмысы –банкке клиентті тартудан бастап, оның шоты бойынша әр түрлі банктік операцияларды жүргізуге дейінгі банктік қызметтің барлық жақтарын қамтиды.

2.3 Банктік қызметтерді бақылау мен қадағалау
Банктік жүйенің елдің экономикада алатын рөлі мен орны ауқымды. Сондықтан несие –банктік сфера мемлекеттік органдары жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектілері болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер жүйесі жұмыс істейді. Республикада банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының банктік және басқа да Заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруашылық қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағдарланған кешенді шаралар жиынтығы ұсынылады.
Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды: халықаралық, мемлекеттік, аудиториялық және құрылтайшылық деп бөлуге болады:

Қорытынды
Мен, осы курстық жұмысымды аяқтай келе, Қазақстан Республикасы банктік жүйесі туралы толық меңгердім деуге болады.
Қысқаша айта кетсек:
Кеңес үкіметі тұсында Қазақстанның өзіндік банктік жүйесі болған жоқ, себебі оның аумағында КСРО несиелік жүйесінің филиалдары мен бөлімдері жұмыс жасады.
70 жылдар бойы Республикадағы несиелік –банктік қызметте қатаң орталықтандыру және шоғырландыру, әкімшілдік, ұсақ регламенттік әдістері орын алып, бір деңгейлі банктік жүйе қызмет етті.
Банктер нарықтық экономикада басты делдал болып табылады. Өздерінің қызметтерінде жаңа талаптар мен міндеттер жасайды. Айта кетсек, клиенттердің салымдарын қабылдай отырып, жаңа міндеттемені жасаса, ол қарыздар беру арқылы қарыз алушыға деген жаңа талаптарды қалыптастырады.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Ғ.С. Сейітқасымов – «Ақша, несие, банктер». Алматы - 2001 жыл.
2. А.Қ. Мейірбеков , Қ.Ә. Әлімбетов –«Кәсіпорын экономикасы». Алматы -2003жыл.
3. Ө.Қ. шеденов, Ү.С. Байжомартов, Б.А. Жүнісов, Б.И. Комягин –«Экономикалық теория». Алматы –Ақтөбе 2002 жыл.
4. С.С. Мәуленова, С.Қ. Бекмолдин, Е.Қ. Құдайбергенов. «Экономикалық теория». Алматы 2004жыл.
5. Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова-«Макроэкономика». Алматы -2003жыл.
6. С.С. Сахариевич, С.А. Сембаевна –«Жаңа кезең экономикалық теориясы». Алматы «Дәнекер». 2004жыл.