Қазақстандағы экономикасының салалары
Жоспар
1 Қазақстандағы экономикасының салалары 3
1.1 Әмбебап почта қызметі экономикалық мақсатқа лайықталған 3
1.2 Ғылымды өндіріспен ұштастырып 10
1.3 Өркенді өзгерістер үшін 13
Әдебиеттер 16
1 Қазақстандағы экономикасының салалары
1.1 Әмбебап почта қызметі экономикалық мақсатқа лайықталған
«2007 жылдың осынау Дүниежүзілік почта күнінде, әлемдегі саяси жағдайлар әмбебап почта қызметі туралы көп жазуға мәжбүрлеп, осыған орай экономикалық тұрғыдан қарағанда оның мақсатқа лайықтылығын ерекше атап өткім келеді.
Әмбебап қызмет елдің және бүкіл әлемнің экономикалық тиімділігіне, ал жаңа технологиялар мен Интернет почта операторларына қолданыстағы қызметтердің сапасын көтеруге және жаңа түрлерін ұсынуға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар әмбебап қызмет осы жаңа технологиялар ұсынатын мүмкіншіліктерге бейімдейді».
1.2 Ғылымды өндіріспен ұштастырып
Елбасымыздың халыққа Жолдауында мемлекетіміздің келешектегі даму стратегиясының басты бағыттарының бірі ретінде – ғылыми жетістіктерге негізделген отандық өндіріс орындарын, оның ішінде мәшине жасау саласын дамытудың қажет екені айтылған. Осыған сәйкес, бүгінгі ел экономикасының қайнар көзі болып отырған жерасты табиғи қазба - байлықтарын іздестіру, сапалы барлау және өндіру шаруаларында ұңғы бұрғылау жұмыстарының алатын орны ерекше.
Егер КСРО кезінде елімізде ұңғы бұрғылау қондырғыларын, құрал-саймандарын жобалау, іске асыру жұмыстары мүлде болмағанын ескерсек, үстіміздегі жылы Мемлекеттік сыйлыққа «Жайлау» компаниясы» ЖШС және «Алмас» ғылыми орталығы» ЖШС бірлесе ұсынған еңбек «Тау кен және өндіру саласында ұңғы құрылысында қолданылатын құрал-саймандардың ғылыми жаңалықтарға негізделген түрлерін жобалау, жасап шығару және өндіріске енгізу» – осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған серпінді қадам.
1.3 Өркенді өзгерістер үшін
17-18 наурыз Қарағанды қаласындағы Кеншілер мәдениет сарайының залында «Қазақстан экономикасының инновациялық дамуының стратегиялық бағдары» атты ІІІ Халықаралық экономикалық конгресс болды. Ол мемлекеттің экономиканы басқару саласындағы теориялық әзірлемелер мен оның түрлі салаларындағы іс жүзіндегі тәжірибенің синтезі болып табылады.
Конгресті ұйымдастыруға дәстүрлі түрде «Валют-Транзит» банктік тобы, Қазақстан экономистерінің ассоциациясы, көпсалалы Гуманитарлық-техникалық университет ұйытқы болды.
Шақырылғандардың санатына мемлекеттік органдардың, халықаралық және шетелдік ұйымдардың өкілдері, жаңашыл педагогтар, қаржы рыногына қатысушылар, белгілі экономист-ғалымдар өнеркәсіптік сектордың мамандары, Қазақстанның, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің қоғам қайраткерлер кірді.