Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 35 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Халықаралық валюталық жүйе және валюталық бағам


Жоспар
Кіріспе 3
1 тарау. Халықаралық валюталық қатынастар 4
1.1 Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы 4
1.2 Валюталық нарықтар 11
1.3 Валюталық бағам және валюталық «қоржын» 15
2 тарау. Халықаралық валюта-несиелік институттары 22
2.1 Халықаралық валюталық қор 22
2.2 Дүниежүзілік банк 25
2.3 Еуропа қайта құру және даму банкісі 28
2.4 Азия және Ислам даму банкісі 30
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі 35

Кіріспе

Бұл тақырыпты алып отырған себебім, қазіргі дамып келе жатқан Қазақстан Республикасында халықаралық валюталық жүйе және валюталық бағам өте үлкен орын алады. Себебі, дүние жүзелік валюталық жүйеге қазіргі кезде ұлттық валюта және ұжымдық резервтік валюта мен оған алтын резерві де қоса енеді; өзара валюта қайтарымдылық шарты; валюта паритеті мен курсының механизмі, валюталық шектеудің көлемі; халықаралық есептеу түрлері; халықаралық валюта нарығы режимі мен дүниежүзілік алтын нарығы жатады.
Халықаралық валюталық қатынастар – бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.

1 тарау. Халықаралық валюталық қатынастар

1.1 Валюталық жүйелер және валюталық қатынастардың ұғымы

Халықаралық валюталық қатынастар – бұл ұлттық шаруашылық қызметтерінің нәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салаларына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуына, саяси жағдайға, елдер арасындағы күштердің арақатынасына тәуелді.

1.2 Валюталық нарықтар

Валюталық нарықтар уақытылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.
Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.

1.3 Валюталық бағам және валюталық «қоржын»

Валюталық жүйенің маңызды элементі – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастын қажеттігінен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделеді.
Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.
Бағамның қалыптасуына ықпал ететін үш факторлар тобын бөліп қарауға болады:

2 тарау. Халықаралық валюта-несиелік институттары

2.1 Халықаралық валюталық қор

1944 жылы Бреттон-Вудс қаласында (АҚШ) халықаралық қаржы конференциясы өткен болатын, осы конференцияда Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) құру туралы шешім қабылданды. Алғашында мүшелерінің саны 35 мемлекет болса, 1993 жылы олардың саны 174-ке дейін өсті. Қазақстан Республикасы да осы Халықаралық валюталық қордың мүшесі болып табылады.
ХВҚ-ға кіргенде, әрбір мемлекет квота (жазылу бойынша салым), мүшелік жарна сияқты белгілі бір ақша сомасын қосады. Қор капиталына мүше елдердің жарнасы екі бөліктен: 1) сол елдің квотасының 25% сомасы көлемінде немесе оның алтын мен доллар запастарының 10% сомасы көлеміндегі алтын түрінде; 2) квотаның қалған көлемі ұлттық валюта түріндегі жарнадан тұрады.
Квотаның маңызы әр түрлі болып келеді. Біріншіден, олар біріккен ақшалай запастарын құрайды, ХВҚ оларды қаржылық қиыншылықтарға түскен өз мүшелеріне займдар беру үшін пайдаланылады. Екіншіден, олардың негізінде, жарна төлеген мүшесі ХВҚ-дан қарызға алатын немесе СДР деп аталатын арнайы активтерді кезендік қайта бөлуде алатын соманың мөлшері анықталады. Жарна үлкейген сайын, мүше елдің керек жағдайында алатын несиенің көлемі де үлкен болады. Үшіншіден, олар әрбір мүшенің дауыс салмағын анықтайды. Ел бай болған сайын, оның квотасы соғұрлым үлкен болады. Квота көлемі ел экономикасының жұмыс істеуін және әл-ауқаттылығын талдау негізінде белгіленеді. Әрбір бес жыл сайын квотаның мөлшері қайта қаралып тұрады әрі ХВҚ қажеттілігіне және елдің экономикалық өсіп-өркендеуіне байланысты көбейтілуі немесе азайтылуы мүмкін. 1945 жылы ХВҚ-ның 35 мүшесі 7,6 млрд. $ төлеген, 1992 жылы ХВҚ-ның 156 мүшесі 130 млрд. $-ға жуық және 1993 жылы 174 ел – 140 млрд. $ төлеген.

2.2 Дүниежүзілік банк

Бреттон-Аудскінің институттар деген атпен жалпыға танымал Дүниежүзілік банкі мен Халықаралық валюталық қор (ХВҚ), әлемдік экономикалық және қаржылық тәртіптің бүкіл құрылымын қолдайтын, қос үкіметаралық тірек болып табылады. Екеуінің бір болуы кездейсоқтық емес. Халықаралық ынтымақтастық саналы түрде, бұл екі ұйымды құруда еңбек бөлінісін жүзеге асыруға тырысты. Бір қарағанда ХВҚ мен Дүниежүзілік банктің көптеген ұқсастық белгілері бар. Бұл екі ұйым да қазіргі кезде олардың мүшелері болып табылатын 180 мемлекеттің үкіметтері арқылы басқарылады. Екі институт та экономикалық мәселелермен шұғылданады және олардың мүшесі болып табылатын елдің экономикасының кеңеюіне және нығаюына өз күштерін шоғырландырады. Екі мекеменің де штаб-пәтері Вашингтонда. Ұзақ жылдар бойы олар бір ғимарат ішінде орналасқан болатын, қазірдің өзінде, бір көшенің қарама-қарсы жақтарында болса да, кітапханалары және басқа да қызметтері ортақ, экономикалық мәліметтерімен жиі алмасып отырады, кейде бірлескен семинарлар мен кеңесулер өткізеді, жұмысшылар кездесулерін ұйымдастырады. Банк мүшелері міндетті түрде ХВҚ мүшесі болуы керек.

2.3 Еуропа қайта құру және даму банкісі

Еуропа қайта құру және даму банкісі (ЕҚДБ) 1990 жылы 29 мамырда болған келісім бойынша халықаралық қаржы мекемесі ретінде құрылған болатын. Оның құрылтайшыларына барлық Еуропа елдерімен қоса, Албания, АҚШ, Канада, Марокко, Мексика, Египет, Израиль, Жаңа Зеландия, Австралия, Жапония, Оңтүстік Корея, сондай-ақ ЕЭО және Еуропалық инвестиция банкісі жатады. Сонымен қатар, бұл банктің құрылтайшыларына КСРО, Чехославакия және Югославия ыдырағаннан кейін құрылған жаңа мемлекеттер енді. Банк жарғысы бойынша барлық ХВҚ мүшелері ЕҚДБ-нің мүшесі бола алады. ЕҚДБ-нің штаб-пәтері Лондонда. Өз жұмысын бұл банк 1991 жылы сәуір айынан бастады.

Қорытынды

Бұл тақырыпты қорыта келгенде, валюталық жүйенің басты элементі – бұл валюталық бағам болып табылады. Валюталық бағамның қалыптасуына ықпал ететін факторлар қатары анықталған. Шетел валюталарының бағамдарының әр түрлі түрлері мен баға белгіленімдері берілген. Валюталық нарықтарды валюталық операцияларды жүргізудің негізіне халықаралық сауда, сонымен байланысты көрсетілген қызметтер және капиталдар мен несиелердің халықаралық қозғалысы жатады. Валюталық нарықтар валютаға деген сұраныс пен ұсыныс негізінде валюталарды сатып алу-сату операциялары жүргізілетін ресми орталықты білдіреді. Валюталық операциялардың көлеміне байланысты валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық болып бөлінеді.