Алғашқы қауымдық қоғам
Мазмұны
1 Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы 3
2 Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары 5
3 Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар 10
4 Қазақстан мемлекетін нығайту - тұрақтылық пен прогрестің басты факторы 13
5 Құқық туралы негізгі теориялар 15
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi 23
1 Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы
Алғашқы қауымдық қоғам - адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде шамамен осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басында бәсең, қейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әқелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономиқалық, әлеуметтік дамуы екі қезеңге бөлінеді:
2 Мемлекет және құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары
Алғашқы қауымдық қоғамның эқономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процестің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс - б.з.д. 10-15 мың жылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды.
Қоғамдық байлық қалыптаса бастады,оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4 мың жылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды. Мемлекет және құқық тарихы туынды - қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік зандары:
3 Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсайды. Көне заманнан адамдар мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеу жасап келді. Енді мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теория дұрыс - бұрыс деуге болмайды. Мәселені дінмен бірге зерттеу керек. Себебі бұл теория адамдардың сенімі, иманы ретінде қалыптасқан ұғым, көне заманнан дамып, нығайып келеді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.
Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы - монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылар орта, жаңа ғасырларда болды (Фильмер, Михайловский т.б.).
4 Қазақстан мемлекетін нығайту - тұрақтылық пен прогрестің басты факторы
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан бері он бiр жыл. Тарих ауқымын алғанда бұл - уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыттың ішіңде, әлбетте, мемлекеттік дамудың сапалық жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын. Он бiр жыл - бұрынғы бірқалыпты тіршіліктің талай жылдарына татитын оқиғаларды бойына жинақтаған уақыт болды.
Қазақстан Конституциясы мемлекеттілігіміздің беріктігін нығайта түсті, билік салалары арасындағы өкілет бөлісуді занды түрде бекітті. Азаматтық қоғам институттары кұрылды, адам құқығы сақталынуының кепілдіктері бекітілді, бұқаралық ақпарат құралдары еркін жұмыс жасауда.
Экономика да өзгеріп жатыр. Жыл өткен сайын ұлттық рынок толыққанды бола түсуде. Мемлекеттің ішкі экономикалық комплексi қалыптасты. Экономикалық құрылымдық қайта құруы жүріп жатыр. Қазақстан халықаралық рынокқа да жан-жақты араласуда.
5 Құқық туралы негізгі теориялар
Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте-бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді?- деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп-басқаруға өте қажет.