Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Қазақстан республикасының Конституциялық Кеңесі

Жоспар
1. Конституциялық Кеңес институтының құқықтық сипаттамасы. 3
2. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің мәртебесі 4
3. ҚР Конституциялық Кеңесінің және оның лауазымды тұлғаларының құзыреті 5
4. Конституциялық Кеңес шешімдері 6
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 7

1. Конституциялық Кеңес институтының құқықтық сипаттамасы.
Конституциялық Кеңес мемлекеттiк орган ретiнде Республиканың бүкiл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз етедi. Өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезiнде дербес және мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсiз, Республика Конституциясына ғана бағынатын институт болып табылады.
Конституциялық Кеңес Конституция мен «ҚР Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңды басшылыққа ала отырып, соттардың немесе басқа мемлекеттiк органдардың құзыретiне жататын барлық жағдайларда өзге мәселелердi анықтау мен зерттеуге бармай-ақ өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады. Бұл мемлекеттік орган жетi мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестi Төраға басқарады. Бұған қоса Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады. Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республиканың Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

2. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерінің мәртебесі
Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерi мемлекеттiң лауазымды адамдары болып табылады, олардың мәртебесi Конституциямен және «Конституциялық Кеңес туралы» Конституциялық заңмен, сондай-ақ Конституция мен «Конституциялық Кеңес туралы» Конституциялық заңда реттелмеген бөлiгiнде мемлекеттiк қызмет туралы нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi.

3. ҚР Конституциялық Кеңесінің және оның лауазымды тұлғаларының құзыреті
Конституциялық Кеңес Конституцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, ал Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының сайлауын өткiзудiң дұрыстығы және республикалық референдум өткiзу туралы мәселенi шешедi және Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды, Парламент және оның палаталары қабылдаған қаулылардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн қарайды,Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды, және т.б.

4. Конституциялық Кеңес шешімдері
Конституциялық Кеңестiң отырысында қабылданатын кез келген акт оның шешiмi болып табылады. Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi Конституциялық Кеңестiң конституциялық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын қорытынды шешiмдер және Конституциялық Кеңестiң өзге де өкiлеттiгiн жүзеге асыратын басқа да шешiмдер болып бөлiнедi.
Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi мынадай нысанда қабылданады: