Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі қызметін жетілдіру жолдары
Мазмұны
Кіріспе 3
І. Салықтың экономикада мәні және оның теориялық негіздері 5
1.1 Салықтардың экономикалық мәні, қызметі 5
1.2 Салықтардың түрлері және салық алуды ұйымдастыру 14
ІІ. Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның қазіргі жағдайы 17
2.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің дамуы және негізгі кезеңдері 17
2.2 Қазақстан Республикасының салықтық реттеуді дамыту бағыттары 25
ІІІ. Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру жолдары 31
3.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қызметтері 31
3.2 Ауыл шаруашылық саласындағы салық саясатының бағыттары 36
Қорытынды 41
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 43
Аннотация 45
Кіріспе
Салықтар кез-келген елдерде мемлекеттің қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекеттік кірістердің негізгі көзі болып табылады. Барлық елдерде мемлекеттік шығындар мен салық салу мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Нарықтық қатынастар қалыптасқан елдерде салықтар мемлекеттік және муниципиалдық табыстарды қалыптастыруда басты рол атқарады, экономиканы басқарудың күшті негізгі құралы болып табылады. Әсіресе олар ғылыми-техникалық прогрессті жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдық саясатты жүзеге асыруда белсенді қызмет атқарады. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп дамуының негізі болып табылады.
І. Салықтың экономикада мәні және оның теориялық негіздері
1.1 Салықтардың экономикалық мәні, қызметі
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуімен және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтың экономикалық мәні – шаруашылық субьектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетгі ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырды.
1.2 Салықтардың түрлері және салық алуды ұйымдастыру
Салық салуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты аттарын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін қамтитын салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылады.
Қазақстан Республикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді.
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектісі, салық салынушы, объектісі, салық базасы, салық салудың өлшемі (единицасы), салық мөлшерлемесі, үлес (квота), салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық органдарының міндеттіліктері мен құқықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар және басқалары.
Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол — салықты және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарық механизмі арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға — салық салынушыға аударылуы мүмкін.
Салық салынушылар — нақты салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.
ІІ. Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның қазіргі жағдайы
2.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің дамуы және негізгі кезеңдері
Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттік салық жүйесін құрайды.
1991 жылға дейін елде көбінесе экономиканы басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» заңға негізделді.
2.2 Қазақстан Республикасының салықтық реттеуді дамыту бағыттары
Қандай болмасын мемлекеттің салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады. Біріншісі фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызмет. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата қоймайды себебі кез келген мемлекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет әркімнің, мейлі мемлекеттің немесе кәсіпкерлердің болмасын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады. Баршамызға белгілі таразының екі жағы бар, біріншісі мемлекеттің қажеттілігінен туындаса, ал екіншісі еркін кәсіпкерлікті ұстағандардың мүдделерінен шығады.
Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтін жақтарын байқауымызға болады. Салықтардың реттеушілік рөлі негізінен мынадай шарттарға жауап беруі керек: мемлекеттік бюджетке түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейін ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғаларға салынатын салықтардың ауыртпашылығын реттестіру.
ІІІ. Қазақстан Республикасының салық жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қызметтері
Қазақстан Республикасы өз алдына егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғасын, экономиканы дербес түрде басқарды. Мемлекеттік басқару жүйелеріне көптеген өзгерістер жасалып, бірнеше заң жобалары қабылданды. Оларға қаншама өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Дамыған мемлекеттер мен көрші мемлекеттердің жүргізіп отырған саясаттарын сараптай отырып, өзіміздің ұлттық менталитетке сай, қажетті жақтарын алып отырды.
Нарықтық экономика мен мемлекеттің салық саясатының негізгі мақсаты – бюджеттің кіріс бөлігін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады.
Салық саясатының басты мақсаты — салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіндік беретін салық механизмін іске асыру.
Мемлекеттің салық қызметі келесі бағыттардан тұрады:
3.2 Ауыл шаруашылық саласындағы салық саясатының бағыттары
Нарық жағдайындағы мемлекеттік реттеу экономикалық әдістермен жүзеге асырылады. Мемлекет осы бағытта нарықты қалыптастыру, оны қалыпты қызмет атқаруына қолдау көрсетуі керек.
Республикамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси-әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөль атқарады. Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев:
Қорытынды
Елімізде жаңа салық жүйесі шешуі тиіс алғашқы тапсырма бұл отандық өндіріс дамуын ұйымдастыру болып табылады. Экономикалық өсуде ең бастысы ұлттық және халықаралық тауар өндірушілерге өндірісте инвестициялау үшін қолайлы жағдай жасау, халықаралық экономикалық тенденцияларды тиімді пайдалана білу екенін халықаралық тәжірибе растайды. Бұл бәрінен бұрын Салықтық Кодекстегі толық есепті экономикалық үрдістердің интернационализациялануына қатысты болып табылады.
Біздің ойымызша бұл орында экономикадағы салық ауыртпалығын тағы да бір рет азайту қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Астана,18.02.05 ж.
2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 01.03.2006 ж.
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (Салық Кодексі) 12.06.2001г. № 209-11 ҚРЗ (өзгерістер және толықтыруларымен).
4. Гатаулин Ш.К. «Налоги и налогообложение». Учебное пособие. Т., ГНК. 1996.
5. Горский И.В. Налоги в рыночной экономике. М., Общ. Анкил, 1992.
Аннотация
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі қызметін жетілдіру жолдары». Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады:
1. Салықтың экономикада мәні және оның теориялық негіздері.
2. Қазақстан Республикасының салық жүйесі және оның қазіргі жағдайы.
3. Қазақстан Республикасының салық жүйесін түсіндіру және оның қызметі.
Курстық жұмысымда 1 – график, 4 – кесте, 19 әдебиеттер тізімі кездеседі.
Курстық жұмыстың көлемі 33 бетті тұрады.